Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Бензинмен жүретін көліктер үшін жақсы жаңалық

Бензинмен жүретін көліктер үшін жақсы жаңалық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Gizmodo материалына сүйенген Aikyn.kz табиғи отынмен жүретін көлік өндірушілердің талаптарын түсіндіреді.

Сәрсенбі күні (3 желтоқсан) күндіз Дональд Трамп бұрынғы президент Байден енгізген орташа корпоративтік отын үнемділігі стандарттарын (CAFE) өзгерту ниетін жариялады. Бұл шешімге бірнеше ай бойы Америкалық мұнай институты сияқты мұнай өнеркәсібі ұйымдарының қатты қысымы да себеп болған.

«Бүгін біз «жаңа жасыл қулықты» жою жолында тағы бір қадам жасадық. Біз ресми түрде Джо Байденнің CAFE стандарттарын, автомобиль өндірушілерге қымбат шектеулер қойып, небір қиындықтар туғызатын, шын мәнінде, күлкілі әрі ауыр талаптарды жойып отырмыз», – деді Трамп баспасөз мәслихатында.

Өткен жылы Байден шамамен 50 жыл бойы жаңа көліктер үшін орташа отын үнемділігін белгілеген CAFE стандарттарының кейбір талаптарын қатаңдатты. Нәтижесінде автокөлік өндірушілер 2031 жылға қарай жаңа автомобильдер үшін орта есеппен 80 км-ге 4 литр бензин жұмсауға қол жеткізуге тиіс болды. Бұл қадам Байден әкімшілігінің 2050 жылға қарай нөлдік көміртек шығарындыларына негізделген экономиканы құру жолында электромобиль индустриясын ынталандыруға бағытталған болатын. Себебі қатаңырақ талаптар автоконцерндерді тиімділік стандартына сай болу үшін көбірек электромобильдерге инвестиция салуға мәжбүр етеді деп күтілген.

АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) деректеріне сәйкес, 2031 жылға қарай бұл талаптарды 56 км-ге 4 литр жұмсауға дейін төмендету көзделген еді. Трамптың өзгертулерінен кейін 2022-2031 модельдік жылдардағы көліктерге қолданылатын ұсынылып отырған жаңа ережелер автокөлік өндірушілерге «көп отын жұмсайтын» көліктерді сатуды айтарлықтай жеңілдейтін болды. Бірнеше ай бұрын президент Трамп 2022 жылғы көліктерде CAFE стандарттарын орындамағаны үшін автоконцерндерді барлық айыппұлдардан босатты. 

Бұл – Трамп әкімшілігінің таза энергияға қатысты саясатқа қабылдаған шешімдердің бір бөлігі ғана. Президенттік қызметіне кіріскеннен бері Трамп электромобильдерге берілетін салықтық жеңілдіктерді жойды және құны миллиардтаған доллар тұратын бірқатар таза энергия жобаларын тоқтатты.

2022 жылдан бері Stellantis CAFE талаптарын сақтамағаны үшін 425 миллион доллардан астам айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Жаңа шараларды жариялаған Трамппен бірге Ford компаниясының бас директоры Джим Фарли мен Stellantis компаниясының бас директоры Антонио Филоса да болды. Фарли жаңа шараларды «жеңіс» деп атады, ал Филоса трансұлттық компанияның АҚШ-тағы өндірістік қуаттарға 13 млрд доллар инвестиция салу жөніндегі жуырдағы уәдесін растады.

«Бұл – сізге, министр Даффи, және осы елде жасап жатқан жұмыстарыңызға сенетіндігіміздің арқасы. Біз өсімге сенеміз және бұдан да көп инвестиция салуға дайынбыз», – деді Филоса.

Бірақ қоршаған ортаны қорғаушылар үшін аз да болса үміт сыйлайтын жайт – барлық автогиганттар осы кері шегінуді толық көлемде пайдалануға асығып отырған жоқ. Бұрын CAFE айыппұлдарын алып тастауды қолдағанына қарамастан General Motors солардың қатарына жататын сияқты. GM бас директоры Мэри Барра компания әрбір жаңа көлік үшін отын шығыны мен шығарындыларды «едәуір» азайтуға бағытталған ағымдағы инвестицияларын жалғастыра беретінін айтты.

Алайда ол GM-нің 2035 жылға қарай барлық жаңа көліктерін толық электр қуатына көшіру туралы бұрынғы міндеттемесі туралы ештеңе айтпады.

«Менің ойымша, 2035 жылға қарай нақты қай деңгейде болатынымызды дәл айту қиын. Бірақ біз әрқашан тұтынушы сұранысын бағдар ететінімізді айта аламын. Әлем өзгеріп жатыр. Мен принципті түрде электромобильдердің неғұрлым тиімді екенін шын мәнінде қолдаймын, бірақ әлі де атқаратын жұмыс көп», – дейді Мэрри Барра.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 12:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары