Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Жұмыссыз жүрген жандарға жақсы жаңалық

Жұмыссыз жүрген жандарға жақсы жаңалық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 13 қазандағы №106 бұйрығымен алдыңғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған сәйкес, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларына", сондай-ақ "Аударымдардың, жарналардың, немесе аударымдарды, жарналарды уақтылы, толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары" түзетілді.

Бұл бұйрық қабылданғанымен, бірнеше баптарын есепке алмағанда, негізінен жаңа жылда, 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі. Жалпы, келесі 2026 жылы жергілікті бюджеттердің есебінен ауыл-аймақтағы медсақтандырудан тыс қалған шамамен 1 миллион адам МӘМС жүйесімен қамтылады деп жоспарлануда.

Яғни, медициналық сақтандырылған қазақстандықтар саны 5%-ға көбеюге тиіс. Нәтижесінде, бұл азаматтар да жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізіп, қалалық және МӘМС-ке қатысушы жекеменшік медұйымдардың есігін еркін аша алады.

Сондай-ақ жаңа құжатта МӘМС-ке сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлейтіндердің қатары нақтыланды. Мысалы, 2025 жылы күшін жойған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлеп келген Бірыңғай жиынтықты төлем (БЖТ) төлеушілер туралы тармақ жойылды.

Бұдан бөлек, төлеушілер қатары жаңа санатпен толықтырылды, бұлар – "9) Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар".

Бұған қоса, сақтандыру жарналарын мемлекет төлейтін тұлғалардың тізімі кеңейтілді. Өйткені енді Әлеуметтік медсақтандыру қорына (ӘМСҚ) тек республикалық қана емес, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден де жарналар аударыла бастайды (жаңа 7-1 тармақшасы).

Нақтылағанда, жаңа жылдан бастап, мемлекет жарналары жергілікті бюджеттен мынадай тұлғалар үшін төленеді:

• субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген барлық адамдар;

• заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстанның әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс немесе мүшкіл деңгейлеріне жататын (относящихся к кризисному или экстренному уровням социального благополучия) жұмыс істемейтін адамдар.

Жәрдемақы алатын адамдарды мемлекет есебінен медсақтандыру ісі қайта қаралды. Енді мүгедек балаларға немесе І-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасайтын, салдарынан жұмыс істей алмайтын жәрдемақы алушылар үшін де мемлекет жарна аудара бастайды.

Жаңартылған қағидаларға сәйкес, келесі санаттағы қазақстандықтар (соның ішінде ЕАЭО-ға мүше елдердің, Ресейдің азаматтары да) Қазақстанда республикалық бюджеттен медсақтандырылады:

• 18 жасқа толмаған барлық балалар;

• жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

• баланы (егіздер және басқа балаларды) 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам немесе баланың заңды өкілдерінің бірі;

• жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, 3 жасқа толғанға дейін олардың күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

• жұмыс істемейтін мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;

• жұмыс істемейтін І-ші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асырғаны үшін мемлекеттік жәрдемақы алушылар;

• зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

• қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

• тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

• жұмыс істемейтін қандастар;

• "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

• мүгедектігі бар адамдар;

• студенттер – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

• атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыс істемейтін адамдар.

Жаңа қағидаларға сәйкес, ӘМСҚ-ке аударылатын жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс лимиті өзгертілді:

• Көпшілік санаттар үшін шек бұрынғы 20 ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 ЕТЖ-ға дейін төмендетілді, тиісінше, жарна көлемі де азайтылады.

• өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арнаулы салық режимін қолданатын және орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналары 1 пайыз мөлшерінде айқындалды. Жарналарды ұстап қалуды және аударуды интернет-платформа операторы жүзеге асырады.

Әлдебір адам әлдеқандай жағдаймен жарна төлеуді уақытша тоқтатса, оның медициналық көмекке деген құқығын сақтау мерзімі ұлғайтылды. Егер тұлға үшін өзі немесе жұмыс берушісі үздіксіз 60 ай (5 жыл) жарна төлеп келсе, онда үзіліс туындай қалған жағдайда ол азамат 6 ай бойы тегін медкөмек алу құқығын сақтайды. Бұрын 3 ай ғана сақталатын.

Әкімдік бюджетінен сақтандыруы бастау алды

Медсақтандыру қорының дерегінше, желтоқсан айында Ақмола облысында және Астана қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санатындағы азаматтарды әкімдіктердің жарналары есебінен қамту бойынша пилоттық жоба қолға алынған. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес енді бұл механизм жаңа жылдан бастап бүкіл ел бойынша іске қосылмақ.

ӘМСҚ хабарлауынша, қазақстандықтардың шамамен 60%-ы МӘМС жүйесіндегі жоғарыда келтірілген үлкен тізімдегі  жеңілдік санаттарына кіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Бүгінде Қазақстанда 3,5 миллионға жуық адам немесе халықтың 17,9%-ы әлі күнге МӘМС жүйесінен қалыс қалған. Олардың шамамен 1 миллионын әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейде деп танылғандар құрайды.

2025 жылдың 14 шілдесінде қабылданған заң аясында Президент жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарды медициналық сақтандырумен қамту жұмысын күшейтуді және медициналық көмекке жүгінген, жұмыс істемейтін, табысы төмен азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді тапсырды.

Бірақ мұнда бір гәп бар екен, әрі схемасы күрдеді. Жарна тек жұмыссыздар ішіндегі ауруларына, оның өзінде жылдың алғашқы айында дәрігерге тіркеліп үлгергендеріне төленеді.

"Әкімдіктер жарнаны D және E санатындағы барлық адам үшін емес, нақты МӘМС аясында медициналық қызмет алған азаматтар үшін ғана төлейді. Механизмді мысалмен түсіндірейін. Цифрлық отбасылық карта деректері бойынша, Астанада бұл санаттарға 26 065 адам кіреді. 2026 жылдың басынан бастап оларға МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығы беріледі. Ал, егер қаңтарда олардың 5 245-іне медкөмек көрсетілсе, онда келесі айдан – ақпаннан бастап және жыл соңына дейін Астананың бюджеті осы 5 245 адам үшін жарна аударады. Дәл осындай тәртіппен ақпанда МӘМС бойынша медициналық көмекке жүгінген D және E санатындағы тұлғалар үшін наурызда төлем жасалады", – деп түсіндірді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Қор өзінде ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарының төлену тәртібі өзгеретінін мәлімдеді: қазір бұл жарналарды республикалық бюджет төлейді, ал, 2026 жылдың басынан бастап оларды жергілікті атқарушы органдар төлеуге міндетті.

Бірақ бұл "кедей" өңірлердің өз тұрғындарын медсақтандыруға қаржы таппай қалуына соқтыруы да мүмкін. Бұл жайт пилоттық сынақ жоба барысында пысықталуға тиіс.

ӘМСҚ ұстанымы мынадай: әкімдер көп жұмыссыздың медсақтандыру жарнасын төлеп, шығындалғысы келмесе, оларды жұмысқа орналастырсын! Сондай-ақ бұл тетік қағаз жүзінде жұмыссыз, бірақ табысы бар тұрғындарды табуға ынталандырады.

"Біздің ойымызша, бұл өзгеріс өңірлерді жұмыс орындарын көбірек ашуға, тұрғындарына жұмыс табуға белсенді көмек көрсетуге, кедейлікті азайтуға және жұмыссыздарды неғұрлым дәл есепке алуға итермелейді. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмысын жақсартуға сеп болады. Нәтижесінде, осал топтар медициналық көмекке қолжетімділігін сақтайды, ал, 2026 жылы МӘМС жүйесіне өңірлерден шамамен 45,3 млрд теңге түседі. Соның 30,4 млрд теңгесі – әлеуметтік осал азаматтар, 15 млрд теңгесі – жұмыссыздар үшін аударылатын жарналар", – деді Тәжібаева.

Жарна мөлшері өңірдегі орташа жалақыға сүйене отырып, басқа жеңілдік санаттары үшін қолданылатын ережелерге сәйкес есептеледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Желтоқсан 2025 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары