Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Берік Уәли: Асыл бесік Ақсуат фестивалі республикалық іс шаралар тізбесіне енді

Берік Уәли: Асыл бесік Ақсуат фестивалі республикалық іс шаралар тізбесіне енді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Дүбірлі жиынның ашылу рәсімінде аймақ басшысы Берік Уәли арнайы құттықтау сөз сөйлеп, бұл шараның ел өміріндегі маңызына ерекше тоқталып өтті.

«Қойнауы құтқа толған, баурайы жұртқа толған Тарбағатайдың еңісін жайлаған Ақсуат жері – халқымыздың тарихы мен тағдырында айрықша орны бар қасиетті мекен. Елдің сөзін сөйлеп, ұлт руханиятын байытқан, түгін тартса май шығып, тасын түртсе тарих сөйлейтін бұл өңір талай тау тұлғаны дүниеге әкелген тағылымды өлке. Сондықтан бүгінгі бас қосудың дәл осы қасиетті топырақта өтуінің өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды», – деп атап өткен болатын. Осындай елін сүйген, елі сүйген азаматтар біздің ортамыздан табылып отыр. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан дүбірлі тойдың шашбауын көтерген атымтай жомарт жандарға, жерлесіміз Дулат Тастекеевке және Қайырлы Хасеновке барша аудан, облыс жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін! Биыл бұл фестивальдің маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Өйткені, «Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі республикалық деңгейде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралар тізбесіне енгізіліп, кең көлемде аталып өтуде. Бұл – Ақсуат өңірінің тарихи-рухани әлеуетіне берілген жоғары баға. Фестиваль бағдарламасының өз бастауын халқымыздың ардақты перзенті, елдік пен ерліктің символына айналған Ырғызбай ата кесенесінен алуы – өткенге тағзым мен рухани сабақтастықтың айқын белгісі. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан фестиваль ұлттық спорт пен спорт пен өнерді, білім мен мәдениетті бір арнаға тоғыстырып отыр», деді аймақ басшысы.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар көп балалы анаға пәтер кілтін тапсырды. Сондай-ақ, «Тарбағатай тарланы», «Асыл ана», «Асыл тас» медальдары, екі студентке грант берілді.

Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді

Биылғы фестиваль аясында алғаш рет республикалық деңгейдегі тоғызқұмалақ турнирі жалауын желбіретті. Сондай-ақ, қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирі, ASSYL TULPAR бәйге жарыстары, аударыспақ сайысы және «Артық білім – кітапта» облыстық зияткерлік байқауы ұйымдастырылып жатыр.

ASSYL ARLAN турнирінде өгіз палуан мен түйе палуан анықталса, ASSYL TULPAR аясында 25 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйге және 20 шақырымдық «Ақсуат арғымағы» жарысы өтеді.

Үш күн бойы үзілмейтін фестиваль шымылдығы Ырғызбай ата кесенесіндегі тағзым шараларымен ашылды. Бұдан бөлек, бағдарламада ұлттық спорт бәсекелері, түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен театрландырылған қойылымдар қарастырылған. Мерекелік кеш аясында ASSYLTAS театрының «Ауыл кеші көңілді» атты музыкалық туындысы сахналып, шара зәулім гала-концертке ұласады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 19:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары