Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Көше тазаламаған кәсіпкерлер айыппұл төлейді Берік Уәли

Көше тазаламаған кәсіпкерлер айыппұл төлейді Берік Уәли

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Абай облысының басшысы жерлестеріне үндеу жариялап, сенбілікке шығуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ардақты Абайлықтар! Құрметті жерлестер! Бүгін сіздерге арнайы бейнеүндеу жасауды жөн көрдім. Абай облысы – ұлы тұлғаның атымен аталған, тарихы терең, табиғаты көркем өңір. Бұл – біздің ортақ үйіміз. Оны таза, жайлы, көрікті етіп ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Тоғыз жолдың торабында бой көтеріп, аймақтық көлік-логистикалық хабқа айналып келе жатқан Семейіміздің географиялық орны бізге үлкен мүмкіндік бергенімен, зор жауапкершілік те артары белгілі.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек», – деп баршамызға ортақ міндет жүктеген болатын. Аймақ экономикасы, өнері мен мәдениеті, экологиясы мен тазалығы – баршамызға ортақ. Ал тазалық дегеніміз – айына бір рет сенбілікке қатысу емес, бұл – біздің өңірде күнделікті дағдыға айналып, салт болып қалыптасуы тиіс үлкен мәдениет, – деді Берік Уәли. 

Осыған орай, былтыр сәуірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аймақта жалпыөңірлік сенбілік басталған. Нәтижесінде, тазалық науқанына 349 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 52 мың тонна қоқыс шығарылды. Көгалдандыру жұмысы бойынша 70 мыңнан астам көшет егілді. Ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 191 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды.

Облыс әкімінің айтуынша, игі істердің заңды жалғасы ретінде облыстың 10 ауданында «Үлгілі ауыл» байқауын өткізілген.  Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мен тазалығын сақтау жұмыстарына қатысып, белсенділік танытқан 20 ауылға 20 трактордың кілтін табысталған.

– Туған жеріміздің түлегені, тұрған ортамыздың кіршіксіз болғаны, ең алдымен, өзімізге керек. Облысымыздың тазалығы – әкімдік пен коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір отбасының жауапкершілігі. Түптеп келгенде, әркім тазалықты өзі өмір сүріп отырған ауласынан, үйінен, табыс тауып отырған бизнесі орналасқан жерден бастау керек. Біз кәсіпкерлерден өзінің дүкені, қонақүйі, тамақтану орындары, қысқасы, барлық бизнес нысандары иелерінен өз мекемесінің айналасын таза ұстауды талап етеміз. Біз Полиция департаменті мен аудан-қала әкімдеріне тиісті тапсырма бердік. Бұл талапты орындамаған кәсіпкерлерді жауапқа тартып, айыппұл саламыз.

Көршілес отырған бауырлас ел өзбек халқының келіндері таңғы тірлігін ауласын сыпырудан бастайды. Мұны барлықтарыңыз көріп, біліп жүрсіздер. Осыдан олар жаман болып қалған жоқ. Бұл – тазалыққа құштарлықтан туған халықтық дәстүр. Ал әлемнің алдына шыққан жапон халқының балалары өздері оқитын мектеп, балабақшаны өздері тазалауға қаршадай кезінен үйренген. Міне, бұл – нағыз тәрбие бастауы. Қысқасы, былтыр да айттық. Тағы да қайталап айтамыз. Сана тазармай, қала тазармайды. Міне, қыс бойы қар астына көмілген қоқыс көктеммен бірге қар еріген соң жылтырап шығып жатыр. Тазалықты өзімізден бастайық. Нағыз патриот азаматтар тазалыққа үлгі болуы керек. Көшеде   қоқыс тастаған адамға ескерту жасаңыз, бір-бірімізді үйретейік. Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайық.

Қоғамдық орынның тазалығы – әр адамның мәдениеті мен ұлтқа деген құрметінің айнасы. Тазалықты сақтау – тек тәртіп емес, бұл – ішкі құндылығымыз. Дана халқымыз «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаған. Бұл – халқымыздың өмірлік философиясы мен бүгінгі талапқа сай ұстанымының үндесуі.

Туған жеріміздің тазалығы үшін жұмылу – әрқайсымыздың перзенттік парызымыз!  Президентіміздің жақсы бастамасын біз бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай бірігіп, мызғымас салтқа, бұзылмас дәстүрге айналдыруымыз керек.  Алыптар түлеген киелі топырақтың ажарына әр беру – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз! Баршаңызды жалпыөңірлік сенбілікке белсенді  қатысуға шақырамын. Бастаманы барлығыңыз былтырғыдай қолдайды деп сенемін, – деді ол. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары