Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Шомылуға барған: Атырау облысында жасөспірім табылмай жатыр

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Берлиндегі нейрохирург ғалым

Берлиндегі нейрохирург ғалым

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазір ғылым ұлттық шекарамен шектелмейтін, ортақ адамзат игілігіне қызмет ететін кеңістікке айналды. Әсіресе нейроғылым саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер адамзаттың ең күрделі әрі жұмбақ мүшесі – ми қызметін терең түсінуге жол ашып, медицинаның жаңа кезеңін қалыптастырып отыр. Осындай іргелі ізденістің алдыңғы шебінде жүрген жас ғалымның бірі – Бейжіңдегі нейрохирургия резидентура бағдарламасының түлегі, қазір Германияда осы саланың докторанты Ғалымжан Исабеков.

Ғалымжан – өз жолын өзі қалыптастырған буынның өкілі. Оның ғылыми сапары Азиядағы беделді жоғары оқу орындарының бірі – Бейжің университетінен бас­талды. Мұнда ол тек кәсіби білім алып қана қоймай, зерттеу­ші­лік ойлау мәдениетіне де өзгеріс әкелді. Кейін Бейжіңдегі функ­ционалдық нейрохирургия инс-титутында резидентурадан өтіп, клиникалық тәжірибені ғылым­мен ұштастырды. Осы кезеңде ол балалардағы ауыр эпилепсияны емдеуге қолданылатын күрделі операция – гемисферэктомияны де зерттеуге бел шеше кірісті.

Осындай тоқтаусыз ізденісі оны Жапонияда өз біліктілігін арттыруға жетеледі. «Takeda Science Foundation» гранты негізінде Токио әйелдер меди­ци­налық университетінде тағы­лым­да­мадан өткен ол әлемге танымал нейрохирург профессор Такаоми Тайрамен бірге жұмыс істеді. Бұл тәжірибе оның кәсіби бағытын айқындап, халықаралық ғылыми ортаға шығуына жол ашты.

Бүгінде Ғалымжан Исабеков Германияның Берлин қаласын­дағы «Charité» клиникасында зерттеуші ретінде қызмет атқа­рып жүр. Оның негізгі зерттеу бағыты – паркинсон ауруын емдеуде қолданылатын «Deep Brain Stimulation» (DBS) әдісін жетілдіру. Бұл – мидың терең құрылымдарына арнайы электродтар орнату арқылы нейрондық белсенділікті реттейтін жоғары технологиялық ем тәсілі.

Зерттеушінің айтуынша, DBS (Deep Brain Stimulation) операция­лары кей жағдайда науқастың толық саналы күйінде жүргізіледі. «Бұл кезде  нейрофизиолог-дәрігерлер, операцияда нейрон­дар­дың электрлік сигналдарын тікелей бақылап, нейрохирург­терге операция барысында қосымша «GPS» секілді дәл ақпа­рат береміз. Осы сигналдар арқылы электродтарды мидың ең тиімді нүктесіне базальды ганглиядағы шамамен 4×5 мм құрылымға дәл орналастырамыз.Тәжірибелі нейрофизиологтер тіпті субталамикалық ядроны оның «дыбысы» арқылы ажырата алатын деңгейге жетеді. Бұл медицинадағы дәлдіктің жаңа деңгейі», дейді ғалым.

Ғалымжан мен оның әріп­тес­тері қазір интраопера­ция­лық жаңа әдіс әзірлеп отыр. Бұл тәсіл арқылы операция барысында бір мезгілде миға стимуляция жасап, сонымен қатар нейрондардың реакциясын тіркеуге мүмкіндік туады. Бұған дейін мұндай тәсіл техникалық тұрғыда күрделі саналып келген еді. Жаңа протокол DBS әдісінің нақты әсер ету механизмдерін тереңірек түсінуге жол ашып, болашақта әр науқасқа жеке бейімделген емдеу жүйесін қалыптастыруға негіз болмақ.

Қазір зерттеу жұмысының алғашқы нәтижелері дайындалып, ғылыми мақала жария­лау­ға ұсынылған. Алдын ала қоры­тындылар бұл бағыттағы ізденіс­тердің үлкен ғылыми жа­ңа­лықтарға бастайтынын аң­ғар­тады. Шетелде табысты еңбек етіп жүргеніне қара­мас­­тан, Ғалымжан Қазақстан ғылымымен байланысын үзген емес. Ол «The Global Central Asian Science and Technology (CAST) Association» ұйымының негізін қалаушылардың бірі және вице-президенті ретінде әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейтін 150-ден астам отандық және орталықазиялық ғалымды біріктіріп отыр. Ұйым жас зерт­теушілерге халықаралық тағы­лымдамалар табуға, ғылыми бай­ланыстар орнатуға қолдау көрсету үстінде.

«Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының елге қосатын үлесі жоғары. Қазір сан-салалы сынақ­тан өтіп, әлемнің же­текші ғылыми орындарында жұмыс істеп жүрген отандастарымыз өте көп. Біздің «Qazaq International Science and Technology Association» ұйымында алпыстан астам профессор бар. Олардың әрқай­сысымен сөйлессеңіз, елдегі ғы­лым саласын дамытуға әрқашан дайын. Ең үлкен мәселе – олар мен елімізді байланыстыратын арнаулы ұйым жоқ. Қазір осы міндетті біз атқарып жатырмыз. «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында шетелде білім алғысы келген ізденушілердің шетелде ғылыми институт, зертхана табуына көмектесіп келеміз. Сонымен бірге біз тек Қазақ­стан ғана емес, Орталық Азия­дан шыққан профессорлардың шетел­дегі зерттеулеріне қол ұшын береміз. Жақында отызға жуық ізденушімен сұхбаттас­тық, солардың ішінен тоғыз зерттеуші шетелдегі зертханаларда өз біліктілігін арттыруға дайын», дейді ол.

Қазіргі жаһандану дәуірін­де шетелде жүрген қандас­та­ры­мыз­дың ортақ мәселесі ұлттық болмысты сақтау, балаларына ана тілін, мәдениетін үйрету екені шындық. Көптүрлі мәдениеттер арасында, басым тіл мен менталитеттер тоғысында ұлттық болмыс­ты көздің қарашығындай сақтай алған отбасылар да бар. Соның бірі – Ғалымжан Исабековтің отбасы екенін де айта кеткеніміз жөн.

Оның сөзінше, ұлттық болмыс – тек тіл немесе дәстүр емес, бұл – сол адамның дүниетаны­мы. Қай жерде жүрсеңіз де, өзіңіз­дің кім екеніңізді ұмытпау бәрі­нен маңызды. Сонымен қатар қара­пайым құндылық – үлкен­ге құрмет, кішіге ізет – қай ортада болса да қажет. Шетел­де жүргенде сіз өз еліңіздің бейресми өкіліне айналасыз. Сондықтан өз мәдениетіңізді лайықты деңгейде көрсету – жауапкершілік. «Біз отбасымызда балаларымызбен қазақша, ағылшынша сөйлесеміз. Негізі балалар бәрін түсінеді. Өз елінің жағдайын, елде қалған туыстарын балаларымыз жақсы біледі. Тіпті кейде қашан Қазақстанға барамыз деп жиі сұрайды. Сонымен бірге шетелде өскен қазақ балалары әлемдік ортада өскен, тәрбиеленген ұрпақ санатында. Болашақта олар өз еліне үлесін қоса алатынына сеніміміз мол. Ата-анасы ұлттық тәрбиеге көңіл бөлсе, балалар да өз болмысын сақтауға, соның ерекшеліктерін сезінуге тырысады. Мысалы, ана тілінде сөйлесу, ұлттық дәстүрлерді атап өту, балаларға қазақ мәдениетін түсіндіру деген дағдылар үнемі қайталанып отырғаны дұрыс. Бұл мәселеде ең маңыздысы – тұрақтылық пен жүйелілік», дейді ғалым.

Ғалымжан әр елдің білім жүйесін саралай келе, олардың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударады: Қытайдағы тәртіп пен еңбекқорлық, Жапониядағы ұстазға құрмет пен командалық мәдениет, АҚШ-тағы еркіндік пен креативтілік, Германиядағы жүйелілік пен ғылыми дербестік. Оның пікірінше, еліміз осы тәжірибелерді үйлестіре отырып, ұлттық болмысқа сай білім моделін қалыптастыруға тиіс.

Сөз арасында кейіпкері­міз­ге болашақта шетелде білім алғы­сы келетін қазақ жастарына қандай кеңес айтатынын да сұрап көрдік. «Ең алдымен, нақты мақ­сатпен бару керек. Қай са­лада дамығыңыз келеді, не үйренгіңіз келеді – соны анық түсіну маңызды. Екіншіден, тек білім алып қана қоймай, ғылыми ортаға белсенді араласу керек. Байланыс орнату, жобалар­ға қатысу – бұл өте маңызды.Үшіншіден,  ең маңыздысы бәсекелестік керек. Бір сөзбен айтқанда, Батыс әлемінің үй­ре­тетіні – бәсекелестік», дейді Ғ.Исабеков.

Жас ғалымның айтуынша, ғылыми жолды таңдаған жастарға ең маңыздысы – университет­тің атағы емес, сапалы ғылыми орта мен білікті жетекші. «PhD – бұл жай ғана дәреже емес, жаңа білім тудыру қабілетін қалыптастыратын кезең», дейді ол. Ғалымжан Исабековтің ғы­лыми жолы – табандылық пен үздіксіз ізденістің, халықара­лық тәжірибенің нәтижесі. Ол ми тереңіндегі әлсіз сигналдарды зерттей отырып, болашақ медицинаның бағыт-бағдарын айқындауға үлес қосып келеді. Бұл – қазақ ғылымының жаңа буыны әлемдік деңгейде өз орнын таба бастағанының айқын көрінісі.

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see114

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see112

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see111

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see109

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see108

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see108

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see108

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see108

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see107

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see107

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see107

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see107

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see107

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see106

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see104

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see104

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see104

Шомылуға барған: Атырау облысында жасөспірім табылмай жатыр

07 Шілде 2026 11:38see104

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see104

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары