Beu Fest: заманауи қазақ әуендерінің фестиваліне 5 жыл
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл Beu Fest атты заманауи қазақ әуендері фестивалінің 5 жылдығы кең көлемде аталып өтпек. Ауқымды 6 маусым күні Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел назарын өзіне аудара білген Beu Fest фестивалі бүгінде еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның басты ерекшелігі – Beu FM радиостанциясының тікелей қолдауымен өтетіні. Соның арқасында радио мен тірі музыканың мұндай синергиясы жобаға бірегей статус беріп, оның ауқымын одан әрі кеңейте түсті.
Биылғы фетиваль елдің басты хитмейкерлерін, жастардың кумирлері мен сахна аңыздарын басын қосып, бұрын-соңды болмаған кеш өткізбек. Сахна төрінен Ninety One, Қайрат Нұртас, Shiza, ALEM, Yenlik, M'Dee, Ayau, Ghetto Dogs, Жанар Дуғалова, Bonapart,Ulukmanapo және Мирбек Атабековтерді көре аласыздар.
Фестиваль барысындағы жанрлардың сан алуандығы шараны әрлендре түскендей. Себебі, бұл кеш хип-хоп пен индиден бастап, культтік Q-pop пен эстрадаға дейін мерейтойлық Beu Fest стильдер арасындағы шекараны жояды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 13:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















