Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Білікті маманды елге қайтару: Brain Gain қадамы

Білікті маманды елге қайтару: Brain Gain қадамы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Білікті азаматтардың шекара асып, шетке кетуі бүгінде жаһандық мәселеге айналды. Қоғам үшін бұл – қауіпті үдеріс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында осы мәселені көтеріп, дабыл қағуы бекер емес. «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн. Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет», деді Президент. Сондықтан дер кезінде жүйелі стратегия құру аса маңызды. Бұл үдерістің себебі, салдары, білікті мамандарды елге қайтару турасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Бауыржан Боқаев және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрболат Тоқтамыс пікір білдірді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

– Шетелде білім алған түлектердің елге оралу көрсет­кіші қандай?

Әділ Құсманов:

– «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған түлек­тердің 98%-дан астамы елге оралып, бағдарлама шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындап жатыр. Ал ережені бұзған 2% түлекпен талапқа сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағдарлама түлектері ақпараттық технологиялар, агро­өнер­­кәсіп кешені, денсаулық сақ­тау, инженерлік ғылымдар, биотехнология, жасанды интеллект, білім беру, мем­лекеттік басқару, мәдениет пен өнер, энергетика, қаржы және өзге де басым салаларда табысты еңбек етіп жүр. Әлемнің үздік университеттерінде білім алған «Болашақ» стипендиаттары еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар шетел­ден алған заманауи білім мен тәжірибені, инновациялық идея­лар мен халықаралық стан­дарт­тарды енгізу арқылы Қазақ­станның негізгі салалары­ның жаң­ғыруына және бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыруға ықпал етіп отыр.

– Еліміздегі интеллектуалды миг­рацияның негізгі себебі қандай? Неге білікті мамандар шет елді таңдайды?

Бауыржан Боқаев:

– Зерттеу нәтижелері көрсет­кендей, еліміздегі интеллектуалды мигра­цияның басты себебі – экономикалық және кәсіби факторлар. Ең алдымен, бұл жалақы деңгейіндегі айырмашылық пен мамандық бойынша жұмыс табу мүмкіндігінің шектеулі­гіне байланыс­ты. Мысалы, біз жүргізген сауалдамаға қатысқан отандық түлектердің 67 па­йызы шетелде жұмыс істеуге жо­­ғары жалақы мен қолайлы еңбек жағдайы үшін баратынын айтқан. Ал 59 пайызы ел ішінде кәсіби өсу мен дамуға мүмкіндік аз екенін, еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік олардың шетелге кету шешіміне әсер еткенін мәлімдеген.

Бұдан бөлек, әлеуметтік зерттеу қорытындыларына сәйкес, жастардың шамамен 30 пайызы тұрақты өмір сүру деңгейінің төмендігі мен әлеуметтік кепіл­діктердің әлсіздігін басты себеп ретінде атаса, 25 пайызы кәсіби өсу мүмкіндігінің шектеулігінен шетелге көшуге ниетті екенін көр­сеткен. Жалпы алғанда, бұл де­ректер еліміздегі интел­лектуал­ды миграцияның тамыры экономикалық теңсіздік пен кә­сіби даму мүмкіндігінің жеткіліксіздігінде жатқанын көрсетеді.

– Шетелден білім алған жастар елге келгенде қандай қиындыққа жиі тап болады?

Нұрболат Тоқтамыс:

Көптеген жас елге оралған­да жүйесіздікке һәм мәдени бейімделу мәселелеріне тап болады.

Мәселен, халықаралық стан­дарттағы идеяларды жер­гілікті жүйеге енгізу кезінде бюро­кратиялық кедергі жиі кездеседі. Бұдан бөлек, кейде жас мамандардың дауысы мен бас­тамасы еленбей қалуы олар­­дың әлеуетін толық ашуға ке­дергі болады. Дегенмен осындай қиын­дықтарға қарамастан, елге қайтқан әр жас – өзгерістің бастауы. Егер оларға қолдау көрсетілсе, бұл толқын елдің ин­теллектуалды дамуына нақты серпін береді.

– Шетелде қалып қою мүмкіндігі болған шығар. Бірақ сіз елге оралуды таңдадыңыз. Бұл шешімге не түрткі болды?

Нұрболат Тоқтамыс:

– Иә, расында, шетелдік компанияға жұмысқа орналасып, шетелде қалу мүмкіндігі болды. Өзім Ұлыбританиядағы Уорвик университетінде білім алдым. Ол жақтағы оқу мені расымен таңғалдырды. Дәрістерді аудиториядан тыс, яғни орманда, фабрикада, музейде өткізу тәжірибесі бізді әдеттегі ойлау шеңберінен шығарды. Нобель сыйлығының лауреаттарынан дәріс тыңдадық, BBC-де ғылыми журналист ретінде тәжірибе жинадық. Осының бәрі зерттеушілік, коммуникация, бірлесе жұмыс істеу және мәселені шешу қабілетімді жаңа деңгейге көтерді. Дегенмен мен үшін ең маңыздысы алған білім мен озық тәжірибені өз елімнің жастарының дамуына бағыттау болды. Қазірде еліміздің білім саласы өте қарқынды дамуда, алайда жаңа көзқарас пен заманауи әдістер қажет. Сол себепті елге оралып, мектеп деңгейінде сапалы STEM және химия білімін дамытуға, жастардың ғылыми ойлау мә­дениетін қалыптастыруға үлес қосуды мақсат еттім.

– Қазірде «Болашақ» бағ­дарламасы арқылы оқытуда қандай мамандыққа ба­сымдық беріліп отыр?

Әділ Құсманов:

– 2023 жылдан бастап Мем­лекет басшысының тапсыр­масына сәй­кес «Болашақ» ха­лық­аралық стипендиясы ел үшін стратегия­лық маңызы бар инженерлік-техникалық және меди­цина­лық мамандарды даяр­лауға ба­ғыт­талды. Ел эко­номи­касы­ның болжамды сұранысына сай, стипен­дия­лардың кемінде 60 па­йызы жа­раты­лыстану-техникалық бағыт­тарға бөлінеді.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің дере­гіне сүйенсек, 2030 жылға қарай елімізге шамамен 530 мың инженер қажет болады. Бұл – жалпы кадрлық қажеттіліктің 60 пайыздан астамын (883 мыңнан астам маман) құрайды.

Қазіргі уақытта инженерлік бағыт­тарға бөлінетін стипендия үлесі тұрақты өсіп келеді: 2021 жылы бұл көрсеткіш 44,5 пайыз болса, 2025 жылы 70 пайыздан асып отыр.

Сонымен қатар елімізде атом энергетикасын дамыту мен алғашқы атом электр стансасын салуға дайындық аясында осы салаға мамандар даярлау мәселесі өзекті болып отыр. Осы мақсатта 2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде атом энергетикасы саласы бойынша 20 арнайы стипендия бөлу жоспарланған.

– Білікті мамандарды елге қайтару үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы қан­дай қолдау шараларын жасап отыр?

Әділ Құсманов:

– Мемлекет «Болашақ» тү­лек­терін елге күштеп қай­тару­мен айналыспайды. Бағдар­ла­ма еріктілік қағидатына негіз­дел­ген. Яғни әрбір стипен­диат Қазақстанда еңбек өтеу жөніндегі өз міндеттемесін жеке шарт арқылы қабылдайды.

«Халықаралық бағдарлама­лар орта­лығы» АҚ 280-нен астам жұмыс берушімен тұрақты әріптестік орнатқан.

Түлектердің еңбек нарығына бейім­деліп, жұмысқа орнала­суын қолдау мақсатында Орталық түлектердің өтініші бойынша әлеуетті жұмыс беруші­лер­ге түйіндемесі қоса берілген ұсыным хаттар жолдайды. Сон­дай-ақ жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес бос орындарға түлектерді іріктеу жұмыстарын жүргізеді. Одан бөлек, түлектер­ді өзекті бос жұмыс орындары туралы электронды пош­та арқы­лы хабардар етеді әрі «Facebook» желісіндегі жабық «Bolashaq Talent Management» тобында тиісті ақпарат жария­лайды.  Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп онлайн-вебинарлар өткізіп, мансаптық өсу мен еңбек ету мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Және «Болашақ» түлектерін жұмыспен қамту мақсатында ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту және ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасасады.

Қазір шетелде білім алып жат­қан стипендиаттар мен әлеуетті жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту бағытында жаңа жұмыс бас­талды. Бұл бас­тама аясында студент­тердің дип­­лом­дық және ғылыми зерттеу тақырыптарын Қазақстан эко­но­­микасының нақты секторы мен еңбек нарығының сұра­ныс­тарымен сәйкестендіру көздел­ген. Мұның бас­ты мақсаты – бо­ла­шақта түлектердің елімізде жұ­мыс­қа орналасу мүмкіндігін кеңейту.

– «Brain Gain» бағдарла­масының бас­ты миссиясы – білікті кадрларды елге қайтару. Осы бастама табысты болуы үшін не істеу керек?

Бауыржан Боқаев:

– Мемлекет кәсіби мамандарды елге қайтару және оларды ел ішінде ұстап қалу үшін нақты әрі жүйелі саясат жүргізуі қажет. Бұл бағытта «brain gain» – яғни білім мен тәжірибенің елге қайту үрдісін қалыптастыру маңызды. Мұны жүзеге асыру үшін талантты мамандарды тартуға және олардың елге тұрақ­тауына мүмкіндік беретін арнайы гранттар, стипендия­лар мен мәртебелі шақыру бағдарламалары енгізілуге тиіс. Сонымен қатар шетелде білім алып немесе тәжірибе жинаған отандастарымызға ғылыми зерттеу жобаларына қатысуға, стартаптар мен инновациялық бас­тамаларды дамытуға жағдай жасау қажет.

Инновациялық технологиялар мен жоғары технологиялы өндірістерге инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби өсім мен үздіксіз біліктілікті арттыру жүйесін құру – ел ішінде мамандарды ұстап қалудың негізгі тетігі бола алады. Бұған қоса, кәсіби ынталандыру мен әлеуметтік қолдау шараларын күшейтіп, мамандардың отбасылық және тұрмыстық жағдайының тұрақтылығын қам­тамасыз ету маңызды.

Айта кету керек, Президент жанын­дағы Мемлекеттік бас­қару академиясы да осы жолда жаңашыл қадамдар жасап келеді. Академия шетелде жүрген қазақстандық мамандардың әлеуетін жоғалтпай, оларды қашықтан мемлекеттік және ғылыми жобаларға тарту тәжі­ри­бесін енгізіп жатыр. Бұл – географиялық қашықтыққа қарамастан, ел игілігі үшін кәсіби білімі мен тәжіри­бесін пайдаланудың жаңа тәсілі. Осы­­лайша, мемлекет пен қоғам бірлесе отырып, кәсіби маман­дардың елде қалуына және шетелде жүргендердің отанына қайта оралуына мүмкіндік береді.

Нұрболат Тоқтамыс:

– Бағдарламаның табысты болуы үшін ең алдымен елге орал­ған мамандарға жүйелі қолдау қажет. Бұл тек қаржылай емес, кәсіби орта мен мүмкіндіктер тұрғысынан да маңызды.

Біріншіден, халықаралық тәжірибесі бар мамандарға зерттеу және инновациялық экожүйе қалыптастыру керек. Өйткені олар өздерінің ғана емес, сол ортадағы өзге мамандардың да бірге өсуіне арқау болатын үлкен күш.

Екіншіден, университет пен мектепте шетелде оқыған түлектердің тәжірибесін пайдалану тетіктерін енгізу маңызды. Бұл бағытта ел ішінде атқарылып жатқан жұмыстар көп, бірақ жүйелілік қажет.

Үшіншіден, елімізге тартылатын шетелдік кадрлардың орнына, шетелде оқып, тәжірибе жинақтап келген өз мамандарымызды қою маңызды. Егер Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік мамандарға жасалатын қолайлы жағдай мен жоғары еңбекақыны өз еліміздің шетелден оралған азаматтарына да ұсынсақ, онда көптеген білікті кадрдың елге қайтуына нақты ынталандыру болар еді деп ойлаймын.

Дайындаған –

Бекзат ҚҰЛШАР,

Айтолған ЖҮНІСХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 17:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see164

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see155

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see149

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see147

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see146

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see145

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see143

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see141

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see139

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see138

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see137

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see134

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see127

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see119

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see118

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see116

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see115

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see114

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see112

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары