Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын

Білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алдымен білім жүйесі туралы сәл кеңірек тарқатып айта кетсек жөн болар. Өңірлік бұл жүйеде 1 270 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл ұйымдарда 23 811 педагог еңбек етеді. Оқырманның көз алдына елестету үшін тағы да деректерге жүгінуге мәжбүрміз. Облыста жалпы контингенті 36 694 баланы құрайтын 595 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Сәл таратып айтатын болсақ, оның 283-і балабақша, 312-сі мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшаларда – 31 733 бала, шағын орталықтарда 4 961 бала тәлім-тәрбие алады. Осы арада жағымды жаңалық туралы екпін түсіре айтып кеткен жөн. Жыл басынан бері 347 жаңа орын ашылды. Болжамды мәліметтерге сәйкес, 2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа 12 128 бала барады деп күтіліп отыр. Оларды барлық жағдайы бар заманауи білім ошақтары қарсы алады. Кестеге сәйкес биыл да облыс бойынша 1-сыныпқа құжаттар қабылдау 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бүгінгі күнгі жағдай бойын­ша облыстың жалпы білім беретін мектептеріне денсаулығында шектеуі бар 78 бала қабылданған. 15 балаға педагог ассистенттің сүйемелдеуі қажет. Дәтке қуаты, әрбір бала үшін жан-жақты, сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Бір сөзбен айтқанда, қатарларынан қалмай, өздерінің қабілет-қарымына сәйкес білім нәрімен қаруланатын болады.

Қазіргі таңда халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа айрықша мән беріліп отыр. Осы арада білім нысандарының құрылысы туралы сыналай айта кеткен жөн. Бұл – заман талабына сай дайындықтың сапасын көрсететін көрсеткіш. Білім саласындағы қарқынды жұмысты халық көріп отыр. Болашаққа салынған инвес­тиция есебіндегі игі істің көлемі көңіл қуантарлық. Нақты дерек келтіру үшін кейінгі үш жылда облыста 21 896 орынға арналған 35 білім нысаны салынғандығын айта кеткеніміз жөн. Бұлардың барлығы соңғы үлгідегі мейлінше жақсы жағдай жасалған, сәулеті келіскен білім ошақтары. Оның ішінде 726 орындық 3 балабақша, 19 520 орындық 27 орта білім беру нысаны, 1 650 орындық 5 суденттік жатақхана бар. Студенттік жатақханалардың тапшылығы туралы арагідік мәселе көтеріліп жүрген болатын. Мемлекет тарапынан көрсетілген шынайы қамқорлықтың арқасында өткір мәселенің түйіні тарқап, көп-көрім жақсарып қалды. Бұл жай сайып келгенде облыстағы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге, білім ошақтарындағы оқушы орындары­ның тапшылығын айта қаларлықтай азайтуға, шәкірттердің білім алуы мен студенттердің жайлы жерде тұруына қолайлы жағдай жасауға зор мүмкіндік беріп отыр.

Биыл 840 орындық 3 балабақша­ның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Қосшы қаласында 1 500 орындық мектептің құрылысын бастау көзделген. Жаңа оқу жылы қарсаңында 10 білім ошағына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бүгінгі күні барлық нысандар бойынша конкурстық рәсімдер толық аяқталып, мердігер ұйымдар анықталып отыр. Қазіргі уақытта өңірдің барлық мектебінде дайындық жұмысы ширай түскен. Күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін білім ошақтарындағы іс жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген 10 білім ошағының бесеуі – қалалық, бесеуі – аудандық мектеп. Қалалық мектептер дегенде, облыс орталығындағы №12, №16, Степногор қаласындағы №1, Макинск қаласындағы №1, Астана қаласындағы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатын айта кетуіміз керек. Осындай жанды жанашырлықтан аудандық мектептер де қалыс қалған жоқ. Сөзімізді нақтылай кету үшін Аршалы ауданындағы Ижевск ауы­лындағы жалпы орта білім беретін мектебін, Ерейментау ауданындағы Еркіншілік ауылы мен Зеренді ауданының Алексеевка білім ошағын айта кетуіміз керек. Бурабай ауданында орналасқан «Жұлдыз» санаторлық үлгідегі облыстық мектеп-интернатқа да күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Осы шаруаға биыл облыстық бюджеттен 5,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын.

Биыл 106 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске 1,7 миллиард теңге қаражат қарастырылып отыр. Жалпы сомасы 375,0 миллион теңгеге 30 жаңа модификациядағы кабинет сатып алу жоспарланған.

Облыста 27 колледж жұмыс істейді. 1 шілдедегі жағдай бойынша білім алушылар құрамы 12,4 мың адамды қамтиды. Бір жақсысы, 10,6 мың білім алушы мемлекеттік білім беру аясында тегін білім алады. 2025–2026 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 927 адам қабылданды. Ал 2026–2027 оқу жылында 5 900 оқушы қабылдау жоспарлануда. Бір жақсысы, 132 кәсіпорынның өтінімі негізінде екі мыңнан астам орынға нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Өңірде апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілген. Бұл – ауыз толтырып айтарлық жақсы жағдай. Қазіргі кезде мұндай мәселе мүлде жоқ. Оқушы орындары­ның тап­шылығын болдырмау, білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа мектептер салу жұмысы жүйелі жалғасып келеді. Қолданыстағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, оларды реновациялау және материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жалғасады. Бұл шаралар білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы оқу жағдайларын қамтамасыз етуге, алдағы уақытта апатты немесе үш ауы­сымды мектептердің пайда болуына жол бермеу­ге бағытталып отыр.

Ақмола облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары