Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады.
Жетінші орын үшін болған кездесу нағыз триллерге айналды:
Алғашқы жекелей сында Тамина Сәкен Анандита Упадхайды еш қиындықсыз қапы қалдырды – 6:2, 6:2.Екінші бәсекеде Каролина Лигай дәл сондай есеппен Дженси Дипакбхай Канабарға есе жіберді – 2:6, 2:6.Текетірестің тағдыры жұптық сында шешілді. Мариям Нұржан мен Тамина Сәкен дуэті Дипакбхай Канабар / Упадхай жұбына қарсы тұрды. Бірінші сетте (3:6) ұтылған отандастарымыз екінші партияда ширығып, таразы басын теңестірді (6:4). Ал шешуші супер-тайбрейкте мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды – 10:6.Қазақстан құрамасының турнирдегі жолы
Шымкенттегі аймақтық іріктеу кезеңінде 16 мықты команда бақ сынады. Топтық кезеңнің стартында қыздарымыз фаворит Жапонияға (0:3) есе жібергенімен, кейін Гонконг (2:1) пен Таиландтан (2:0) реванш алды.
Квартеттен екінші орынмен плей-оффқа шыққан Қазақстан құрамасы ширек финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Ал 5–8 орындар үшін болған алғашқы жұбаныш матчында Қытайға (1:2) тартысты ойында жол берді. Осылайша, Үндістанды қапы қалдырған қыздарымыз өз кортындағы турнирді жетінші орынмен қорытындылады.
Әлем чемпионатына кімдер жолдама алды?
Шымкент корттарында бұл күндері жүлделі орындар мен чемпиондық атақ та сарапқа салынды:
Алтын үшін болған финалдық бәсекеде Япония құрамасы өздерінің басты қарсыласы Оңтүстік Кореяны айқын басымдықпен ұтты – 2:0.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Тайбэй ұжымы тартысты өткен бәсекеде Австралияны тізе бүктірді – 2:1.
Дәл осы үздік төрттік әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Дүниежүзілік дода осы жылдың қараша айына жоспарланған, ал турнирдің өтетін орны кейінірек анықталады.
Командалардың қорытынды кестесі (Үздік-8):
ЖапонияОңтүстік КореяТайбэйАустралияҚытайӨзбекстанҚазақстанҮндістан
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Мамыр 2026 12:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















