Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы кейінгі жылдардағы өзгерістер ұлт санасына ықпал еткенін, тіпті зор сілкініс әкелгенін атап айтты. Сол сілкі­ніс­тің келісті бір көрінісі – жаңа Конституция жобасының өмірге келуі.

Қандай Конституция да саяси құ­ры­лымның сипатын белгілейтіні анық.

1995 жылғы Конституция Қазақ­стан­да президенттік басқару билігін орнықтырды. Ал оның алдындағы, 1993 жылғы Конституция іс жүзінде парламенттік-президенттік басқару билігін бекітіп берген болатын. 1993 жылғы Конституция мәтінін оқып көрген адам онда «Парламент» деген тарау «Президент» деген тараудың  – «Парламент» деген бөлім «Президент» деген бөлімнің алдына қойылғанына көз жеткізеді. Бұған қосымша түсініктеменің керегі жоқ. Ол кездегі ахуал елімізге күшті президенттік билікті қажет еткен еді. Иә, күшті президенттік билікті, бірақ суперпрезиденттік билікті емес.

Саяси құндылықтар қайта қарал­ған­да, адам құқы туралы түсінік өзгер­ген­де оларды Негізгі заңда шегелеп жазу қажет болады.

Жаңа Конституция адам құқына кепілдіктерді кеңейтеді.

Бір ғана осы тезисті әңгіме етумен шектелуге тура келеді.

Бұл үшін бір бөлімнің бір бабының бір тармағын ғана талдап көрейік. Ол –   «Конституциялық Сот» деп аталатын VII бөлімнің 73-бабының 3-тармағы. Онда былай деп жазылған:

«Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конс­ти­туцияда көзделген құқықтары мен бостан­дық­тарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.

Қазақстан Республикасы азамат­та­ры­ның Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады».

Оңайлатып айтатын болсақ, ендігі жерде Конституциялық Сот Қазақ­стан Рес­публикасы азамат­та­ры­ның қабыл­дан­­ған заң актілерінің Конс­ти­туцияға сәй­кестігіне байланысты өтініштерін қарай алады.

Бұл – қағидатты мәні бар мәселе.

Бұл нені білдіреді? Бұл «Конс­­ти­ту­ция – мемлекет шешетін мәселе» деген ой қисынын қайта қаратуға алып келеді. Бұл «Заң – Парламент шешетін мәселе» деген ой қисынын да қайта қара­туға алып келеді. Бұл азаматқа кез келген заңға немесе заңнамалық нор­ма­ға күдік-күмән кел­тіруге, онымен та­ласуға мүмкіндік береді.

Бұрын қалай еді? Бұрын Президент қабылданған заңға қол қояр алдында (егер күмәнданса) оны Консти­ту­циялық Кеңеске жіберетін, шешімін күтетін. Осындай жағдай өзіміздің де басымыздан өткен. 2004 жылы Ақпарат министрлігі дайындаған, Парламентте қорғаған, Мәжіліс пен Сенат қолдаған, Президенттің қол қоюына жіберілген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң Конституциялық кеңес тара­­пынан жекелеген баптары Конс­ти­туцияға сәйкес емес деп танылды. Күші жойылды. Іс жүзінде Еуроодақ комиссиясының, ЕҚЫҰ-ның жұмыс тобының заң жобасы жөнінде жасаған қорытындысы Парламент шешімінен басым түсті. Қайрансыз қала бердік.

Ендігі жерде Конституциялық сот заңды алдымен «керек» немесе «керек емес» демей, алдымен «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп қарайды.

Осындай жағдайға қоғамымыз пісіп-жетіліп келіп отыр.

1995 жылғы Конституцияда бұл неге ойластырыл­маған? Ол кездегі Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Николай Акуев, Нағашы­бай Шайкенов сияқты заңғар заңгерлер мұн­дай норманы неге Конституцияға жаз­баған? Мемлекет жас еді, әлсіз еді. Азамат­тардың заңдар­дың Конс­титу­цияға сәйкестігіне байланысты жүгінуі шешім қабылдауды қиында­та­ды, тәуекелдерді көбейтеді деп саналды. Бұл ойдың жаны да бар еді. Ол кездегі жас мем­лекет қа­лып­тасу кезеңінде өзін қорғауға да тиісті болды. Заңдарды дәйім талас-тартыс тақырыбы ете беру мемлекеттің бас­­қа­­рым­дылығына теріс ықпал жасауы мүм­кін деген қауіп болды. Оның алдында биліктің атқарушы тармағы мен заң шығарушы тармағының ара­сын­дағы келіс­пеушілік пар­ла­мент­тік дағ­да­рысқа екі рет ұрын­дыр­ғанын ұмыта қойған жоқпыз.

Конституцияның жаңа жобасы бо-йынша елде конституциялық мәдениет қалыптастыруға жол ашылады. Мем­ле­кеттің жаңылыс басуы мүмкін, оны аза­мат дәлелдей алады деген ойдың өзі демо­кратияны жаңа биікке көтеруге жағ­дай жасайды.

«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деп тұжырымдауға бола­тын идея Әділетті Қазақстанның кон­­­с­­ти­туциялық қағидатына айнала­ды.

Жаңа Конституция биліктің азаматтар алдындағы жауапкершілігін қасиет­тей­тін Конституция болады. Өйткені халық талқысына салынып отырған Конституция жоба­сы­ның 15-бабының 2-тармағында жазылғанындай, «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумы­сынан тиесілі, олар ажыратуға және айыруға болмайтын деп танылады». Яғни адамға оның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет берген емес, олар әркімге тумысынан тиесілі. Мұны 1995 жылғы Конституцияның 12-бабымен салыстырып көрейік. «1. Қазақстан Республикасында Консти­ту­цияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» деп жазылған онда. Демек, мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарын таниды және оларға кепілдік береді. Ал берілетін нәрсені, тартып алу демей-ақ қояйық, шектеуге болатыны белгілі.

Біз уақыт­тың өзі дү­ниеге келтірген, елдің таң­даулы перзенттерінің қа­тысуымен да­­йын­далған, қалың көп­ші­ліктің ой-пікірі ескеріле отырып, түзе­тіл­ген, же­тіл­дірілген Конституция жоба­сын хал­­­­­­­қы­­мыз қолдайды, жаңа Конс­титуция кемел келешегіміздің кепі­лі­не айналады деп кәміл сенеміз. Отан­дас­та­рымызды ел­дік­­тің осы сынынан абыроймен өтуге шақы­рамыз.

Айтқандай, бұл жазғанымыз – жоба­­дағы 96-баптың біреуінің ғана бағасы, ондағы 298 тармақтың біреуінің ғана тағы­лы­мы. Жаңа Конституция жобасының қадір-қасиетін осыдан-ақ шамалай беруге болады.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары