Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Бір мектептен екінші мектепке 12 рет көшкен : Үкімет басшысы білім беру саласындағы мәселелерді шешуге тапсырма берді

Бір мектептен екінші мектепке 12 рет көшкен : Үкімет басшысы білім беру саласындағы мәселелерді шешуге тапсырма берді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үкімет жетекшісі Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің алдына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді жою міндетін қойды.

Жиында мемлекет сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерді өзіне алатыны және мекемелерде орын болмаған жағдайда жекеменшік ұйымда оқуға жан басына шаққандағы қаржыландыру қарастырылғаны атап өтілді. Десе де, бұл мүмкіндікті теріс пайдалану деректері тіркеліп отыр. Субсидия көлемін көбейту мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды легі туындауда, ал өз кезегінде бұл білім сапасына, сондай-ақ мемлекеттік шығындардың тиімді жұмсалуына теріс әсер етеді.

Премьер-Министр жекеменшік білім беру ұйымдарына қатысты қымбат оқу ақысы мәселесін де атап өтті. Ол мемлекеттік бюджет «элиталық» мектептердің қызметін қаржыландыруға жұмсалмауы керектігін ерекше айтты. Мұндай мектептерде ата-аналардың төлемдері оқу процесін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаржы министрі Мәди Такиев жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру тетіктерін қайта қарау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Осы мәселелерді шешу үшін жекеменшік мектептердің қаржыландыру процестері толық цифрландырылып, қызметтерге төлемдер келісімшарттан бастап ақша төлеуге дейін есепке алынды.

OrtaBilim қызметінің биылғы 6 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес, e-Qazyna.kz веб-порталында 789 жеке мектеппен 78,7 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру келісімдері жасалған. (2025 жылы – 845 мектеп). Сондай-ақ бұрын қаржыландырылған 206 мекеме белгіленген талаптарға сай келмейді. Оқушылар мен мұғалімдерді жалған тіркеу және қосарланған есепке алу, рұқсат етілген жобалық қуаттан артық жүктеу және тағы басқа жағдайлар анықталды.

Аудит барысында төмендегідей алдын ала нәтижелер анықталды:

1 333 оқушының бір мектептен екінші мектепке 5-тен 12 ретке дейін көшуі;

64 жекеменшік мектепте оқушылардың саны жобалық қуаттан екі есе артық болуы;

2024 жылы 167 жеке мектептің салықтық есептілігінде кірістер көрсетілмеген. Ішкі мемлекеттік аудит қызметінің аумақтық департаменттері арнайы хат жіберіп, нәтижесінде мектептер 1,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Бүгінде  46 мектепте қарсы тексеру  жүргізілуде.

Келесі кезеңде мемлекеттік мектептер (6 887 мектеп), балабақшалар мен университеттер де цифрландырылатын болады. Бұл қадам білім беру қызметтерін бюджеттен қаржыландырудың барлық циклінде толық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында жекеменшік білім беру мекемелерін лицензиялау тәсілдерін қайта қарау мәселесі де қаралды.

Жеке ұйымдардың азаматтарға медициналық қызмет көрсетуі саласында тәртіп орнату мақсатында үкіметтік жұмыс тобы азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қаперге ала отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның активтеріне талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша Қордың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.

Жиын қорытындысы бойынша, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктеріне бір апта мерзімде аталған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Бұл жұмыстарды үйлестіру Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаеваға жүктелді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 18:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see143

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see129

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see110

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары