Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Мектепке арналған мектеп жобасы білім саласындағы теңгерімсіздікті жояды

Мектепке арналған мектеп жобасы білім саласындағы теңгерімсіздікті жояды

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы білім саласындағы диспропорцияны жоюға болатынын көрсетті. 

 Алматы қаласының Білім басқармасы мен отандық мектептерге шет тілінен оқу-әдістемелік кешен дайындайтын EDU Stream халықаралық тіл академиясының бірлескен «Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы табыспен мәресіне жетті. Бұл туралы бастама иелері жоба нәтижесімен бөліскен брифингте мәлімдеді.  

Әлеуметтік жоба білімнің ықпалын күшейту үшін атаулы көмек, қолдау көрсету және тәлімгерлік арқылы қоғамдық бастамаларды жұмылдыра отырып мектептің әлеуетін көтеруді көздеді. «Мектепке арналған мектеп» бір оқу жылы көлемінде «1 Мектеп-Ментор + 6 Мектеп-Менти» форматында тікелей жұмыс істеді. Ментордың қызметін О. Жандосов атындағы № 105 гимназия – түлектері 100% отандық және шетелдік ЖОО-на түсіп жүрген Юнеско қауымдастығына кіретін және IB жобасында өзінің жетістік жолындағы тәжірибесімен бөліскен мектеп атқарды. Қанатқақты үлгіге қатысушы қалған алты білім ошағы – №47, №20, №40, №171, №121, №66 жалпы білім беру мектептері эксперимент кезіндегі тәлімгерлік бағдарлама барысында көзделген барлық қолдауға қол жеткізген ментилер.

 2025-2026 оқу жылында жүзеге асқан ілкі жоба «мектеп-ментор – мектеп-менти» моделінің тиімді екенін көрсетті: ұстаздардың кәсіби тұрғыда дамуына, басқару біліктілігінің және командалардың қарым-қатынасының жақсаруына ықпал етті. Мектепке арналған мектеп» басты мақсатына – қала мектептерінің оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға тартымдылығы жағынан көрсеткішін теңестіру арқылы білім саласындағы диспропорцияны жоюға қол жеткізді деуге болады. Осындай тұжырым жасаған бастамашылар, бір жылда жеті бағыт бойынша:

басқарушы персоналмен жұмыс: мектеп басшыларына талантты балаларды бағалау және дамыту жөнінде республикалық һәм халықаралық шаралар, фасилитация жүргізу, ұжыммен және қоғаммен тиімді диалог құру, команданың қарқынымен және БАҚ-пен жұмыс турасында оқыту сессиялары өткізілді, педагогтар құрамымен жұмыс: жүздеген ұстазды қамтыған ондаған шара өтті (мысалы, ЖИ бойынша семинарға 103 мұғалім, қаржы сауатының семинарына 80 мұғалім қатысты). Ағылшын тілі пәнінің ұстаздары шет тілін оқытуда нақты ЖИ құралдарын қолдануға жол ашқан BOOKR платформасын бір жыл бойы тегін пайдаланды. Сондай-ақ, ұстаздар педагогиканың әдіс-тәсілін толықтыратын және сабақ беру сапасын жақсартатын «Мектеп қабырғасынан тыс оқыту» концепциясы мен әлеуметтік-эмоциялық білім беруді меңгерді, педагогтар құрамымен коучинг жұмысы: мектептермен коуч-сессиялар жүргізіліп, ұжымдардың қазіргі жағдайының картасы жасалды, ортақ мақсат айқындалды, жасырын түсініспеушіліктің ауқымы азайып, амал жоспары құрылды – бұл шаралар білім ошақтарының ары қарай өз бетінше дамуы үшін, ауызбіршілігі мен жауапкершілігін нығайтты, оқушылармен жұмыс: жеті мектептің оқушылары практика жүзінде ЮНЕСКО клубының Қазақстандағы Ұлттық федерациясының бағдарламаларына, көшбасшы және шығармашылық сессияларына, профориентация шараларына, тауда қауіпсіз жүріп-тұру бағдарламасына, бейімді оқыту және ағылшын тілінің халықаралық тест тапсыру платформасына қол жеткізді, Олимпиада чемпионымен, суретшілермен кездесті, ата-анамен жұмыс: жоспардағы вебинарларға ата-аналар қатыспағандықтан, олардың білім беру процесіне белсенді ат салысып, мектеп пен отбасының қарым-қатынасын нығайтуға көзделген шаралар іске аспады, жасөспірім жастағы баласы бар ата-ананы коучинг арқылы қолдау: бастамашылар ата-аналарға баланың сеніміне кіру, баланың психологиялық қауіпсіздігін нығайту, саналы ата-ана мәдениетін дамыту тақырыбындағы шараларын жүзеге асыра алмады, бұған себеп – ата-аналардың белсенділік танытпағаны, ата-аналар мен жасөспірімдерге болашақ мамандықты таңдауға профориентация тұрғысынан қолдау жұмыстарын ұйымдастыру: мектептерде оқушылар мен ұстаздарға бойындағы эмпатиясын және өзін-өзі басқару қабілетін дамытуға арналған шаралар өтті.

 «Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы орта білім саласына «мектеп-ментор – мектеп-менти» жүйесін енгізу арқылы білім сапасын көтеруге, атақты гимназиялар мен жалпы білім беру мектептерінің арасындағы айырмашылық деңгейін жоюға, сондай-ақ барлық білім беру жүйесінің қатысушыларына озық, қажетінше бейімделетін әрі психологиялық тұрғыда жайлы орта қалыптастыруға болатынын көрсетті. Жобаға өз бетінше тағы үш мектеп-менти қосылғаны көңіл қуантады. Бүгін олар жоба жайлы өз пікірлерімен бөлісті – ұстаздардың көзі жайнап тұр. Нәтижесінде орта білім саласының ошақтары, халықаралық ұйымдар мен бизнестің арасында тұрақты серіктестік қалыптасты», – дейді EDU Stream халықаралық тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

 «№66 орта білім беру мектебіне директор болып келгеніме бір-екі ай болды, дегенмен «Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасының жалғасқанын қалайтынымызды атап өткім келеді. Егер ұйымдастырушылар жобаны алдағы жаңа оқу жылына созса, мен оны білім ошағының шаралар жоспарына осы бастан енгізер едім», – деді пікірімен бөліскен Алматы қаласының №66 ЖМ директоры Әлия Қасқарауова.

«Мектепке арналған мектеп» қанатқақты жобасының мықты жағы – білім сапасын көтеретін экожүйе құрайды және шараға жоғары деңгейлі эксперттерді тартады. Нәтижесінде халықаралық стандарт (Pearson), цифрландыру (BOOKR, ЖИ) және икемді дағдыларды (фасилитация, ұжымдағы коучинг, таудағы қауіпсіздік) дамыту арқылы білім берудің жаңа мәдениетін жақсы қалыптастырады.

Әлеуметтік жобаны Алматы қаласының білім басқармасы, Алматы қалалық білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы қаласының әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, ЮНЕСКО клубының Қазақстандағы Ұлттық федерациясы, SHL Central Asia, ICF-Kazakhstan және басқа жергілікті және халықаралық ұйымдар қолдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see131

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see126

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see125

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see125

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see124

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see122

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see122

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see122

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see122

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see122

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see120

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see120

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see119

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see119

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары