Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Білім саласындағы серпіліс

Білім саласындағы серпіліс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысының қорытындысы жарияланды. Жоба елімізде заманауи әрі қолжетімді білім инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Кейінгі үш жылда жүзеге асқан жұмыс білім сапасын арттырумен қатар, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға да серпін беріп отыр.

Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасовтың айтуынша, үш жылдың ішінде халықаралық стандарттарға сай келетін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салынды. Оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы, 112 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілген. Жобаны іске асыру нәтижесінде 52 үш ауысымды, 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы қысқарған.

Барлық нысан бірыңғай стандартпен салынған. Оның ішінде 87 мектеп ауылдық жерлерде орна­ласқан. Бұл қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты айтарлықтай азайтты. Сонымен қатар мектептердің ауданы бұрынғы типтік жобалармен салыстырғанда орта есеппен 15–20 пайызға ұлғайып, техникалық жабдықталу деңгейі төрт еседен астам жоғарылаған.

Жобаны іске асыруға шамамен 30 мемлекеттік орган мен ұйым, оның ішінде 20 өңірдің әкімдігі қатысқан. Құрылыс жұмысы екі механизм арқылы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 208 мектеп «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы «кілтпен тапсыру» форматында салынса, 9 мектеп жергілікті атқарушы органдардың дайын нысандарды сатып алуы арқылы іске асырылған.

 «Жаңа форматтағы мектептер заманауи пәндік кабинеттерімен, STEM-зерт­ханаларымен, роботтехника кабинеттерімен, сондай-ақ шығармашылық орталықтар, шебер­ханалармен жабдықталған. Оқу кеңіс­тіктері әр оқушыға арналған жеке шкаф пен жылжымалы парталар, ауызсу фонтандарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар физикалық белсенділікті дамытуға ерекше назар аударылған, яғни 2–4 спорт залдары мен футбол, баскетбол, волейбол, воркаут алаңдары бар. Солтүстік аймақтардағы климаттық жағдайларды ескере отырып хоккей, ал оңтүстікте теннис алаңдары салынған», деді Жайық Шарабасов.

Вице-министрдің айтуынша, құры­лыс барысында негізінен отандық өндірістің заманауи материал­дары қол­­­­­да­нылып, ұлттық экономика мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуына оң әсерін тигізген. Нысандардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс конструкцияларына 5 жыл, жабдықтар мен жиһаздарға 3 жыл кепілдік мерзімдері белгіленген. Бұл мектептердің сапалы, ұзақ­мерзімді болуын қамтамасыз етеді.

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, 217 мектептің 183-інде оқу үдерісі ұйымдастырылған. Бұл мектептерде 218 мыңға жуық оқушы білім алып, 17 мыңға жуық педагог еңбек етіп жатыр.

 «Мектеп сапасының негізгі факторы – оны басқару. Осыған байланысты басқару жүйесін күшейтуге басымдық бердік. Бүгінде 183 директор мен 800-ден астам директор орынбасарынан тұратын басқару корпусы қалыптасты. Бұл құрамда тәжірибелі басшылармен қатар, жаңа буын көшбасшылар да бар. Бүгінде «Келешек мектептерін» басқарудың бірыңғай, орталықтандырылған моделі енгізілді. Жобаның операторы ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы белгіленді. Академия құра­мында Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық оқу-тәрбие үдерісін әдіснамалық және мазмұндық сүйемелдеуді, цифр­ландыру жұмысын үйлестіруді, кадрлық іріктеуді, педагогтердің кәсіби дамуын, білім сапасын талдау­ды жүзеге асырады. Ал жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде инфрақұрылым, материалдық-техникалық база және қаржы­ландыру мәселелері сақталады. Яғни ресурстық қамтамасыз ету өңірлерде, ал білім сапасын басқару ұлттық деңгейде жүзеге асырылады», деді Шынар Ақпарова.

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары