Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мектептен ғылымға дейін: Қазақстанның білім саласындағы кешенді дамуы

Мектептен ғылымға дейін: Қазақстанның білім саласындағы кешенді дамуы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мектепке дейінгі білім беру

2025 жылдың басынан бері елімізде 26,6 мың орынға арналған жаңа 303 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарындағы барлық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Балалары балабақшаларға бармайтын ата-аналар үшін 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталықтары жұмыс істейді.

«Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру тетігі енгізілуде: пилоттық жоба 20 қала мен 7 ауданды қамтиды, 4,8 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қатысады, 671 мыңнан астам ваучер берілді. Соның арқасында балабақша кезегі жартысына жуық төмендеді.

Орта білім: мектеп салу және жаңарту

2024-2025 жылдары жарты миллионнан астам орындық 359 мектеп, оның ішінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 173 мектеп пайдалануға берілді. Жыл басынан бері 102 мектеп салынды (153,8 мың орындық), оның 68-і жоба шеңберінде, ал 34-і бюджеттен тыс қаражат көздер есебінен. Жыл соңына дейін тағы 92 мектеп, оның ішінде жоба аясында 44 мектеп ашу жоспарлануда.

245 мектепті күрделі жөндеуден өткізу 95 мыңнан астам оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасайды. Қазірдің өзінде 132 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, 104 мекемеде жұмыстар жалғасуда, нысандардың бір бөлігі жыл соңына дейін, ал бір бөлігі 2026 жылға дейінгі екі жылдық жобалар аясында аяқталады.

Қосымша білім беру

2025 жылдың тоғыз айында балаларды қосымша біліммен қамту жалпы оқушылар санының 87,2 %-ына дейін өсті, оның ішінде тегін үйірмелер мен секциялармен балалардың 62 %-ы қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 %-ға жоғары. Қосымша білім беру ұйымдарының желісі өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға өсіп, екі мыңнан астам бірлікті құрайды.

Кейбір қалаларда келушілерді тіркейтін және үйірмелер мен секциялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін пилоттық цифрлық жоба жүзеге асырылуда.

Балалардың демалысы мен оларды сауықтыру

Биыл балаларды сауықтыру және еңбекпен қамту өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 200 мың балаға, яғни 3,4 млн балаға дейін өсті. Мектеп жанында он мыңнан астам лагерь және қала сыртындағы 192 балаларға арналған сауықтыру орталығы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін осындай 50 орталық құрылады. 2026 жылдан бастап білім беру-сауықтыру қызметтерін лицензиялау енгізіледі.

Тамақтандыру

Тегін ыстық тамақпен 1,7 млн мектеп оқушысы қамтылды. Олардың ішінде 1,4 млн астамы бастауыш сынып оқушысы және 340 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары. Мектепке дейінгі ұйымдарда да осындай санаттағы 99 мың бала тамақпен қамтамасыз етілді.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарында көкөніс пен жеміс тұтынуды арттыруды, тұз, қант және май мөлшерін азайтуды, сондай-ақ табиғи емес өнімдерді алып тастауды көздейтін тамақтану стандарты енгізілді. Тамақтандыру сапасын қадағалау тосыннан тексеру ақылы жүзеге асырылады.

Балалар құқықтарын қорғау

Өңірлерде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда 23 мыңнан астам жеке консультация өткізілді. Мектептерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары орналастырылған. Жыл басынан бері 90 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді.

Отбасылық орналастырудың жаңа нысаны – баланы қабылдайтын кәсіби отбасы енгізілді, оны қолдауға жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Қорғаншылық органдары мамандарының штат саны 303-тен 1 006 адамға дейін артты.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы

Бағдарлама кәмелетке толмаған балалар үшін жинақтаушы білім беру капиталын қалыптастырады. 2025 жылы Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған 6,9 млн азаматының әрқайсысына $100-ден астам қаражат аударылды. Бүгінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге 186 мың өтінім берілді, оның ішінде жалпы сомасы $22,9-дан астам болатын 156 мың өтінім орындалды.

Техникалық және кәсіптік білім беру

2025–2026 оқу жылында 189 мың талапкер қабылданды, оның ішінде 145 мыңы — мемлекеттік тапсырыс бойынша. 9-сынып түлектерінің барлығы машина жасау, IT, энергетика және құрылыс сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған.

Дуальді білім беру жүйесі бойынша 108 мың студент оқиды, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 135 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада, Сингапур, Италия, Ұлыбритания және Швейцария колледждерімен академиялық мобильділік, халықаралық салалық аккредитация және стратегиялық әріптестіктің өзге де түрлері бойынша жасалған 50-ден астам халықаралық келісім білім сапасын арттыруға және түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бұл жұмыстардың барлығы айтарлықтай нәтижелер беруде. Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен Euroskills Herning 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Команда веб-технология, мехатроника, графикалық дизайн, желілік және жүйелік әкімшілендіру, инженерлік CAD дизайн сияқты 5 бағыт бойынша 7 үздік шеберлік медальонын жеңіп алып, «Ұлт үздігі» аталымында марапатталды.

Жұмысшы мамандарды қолдау мақсатында жеңілдетілген шарттарымен «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша бағдарлама аясында жалпы сомасы 46,5 млрд теңге болатын 1,9 мыңнан астам несие берілді.

Жоғары білім

2025–2026 оқу жылына 93 мыңнан астам грант бөлінді. Шәкіртақы көлемі екі есеге жуық артты. Жаңа жатақханалар пайдалануға берілуде, 2018 жылдан бері орын тапшылығы 72,5%-ға қысқарды. Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. 20 қазақстандық университет QS WUR 2026 рейтингіне енді, бес университет Times Higher Education тізіміне кірді, ал Назарбаев Университеті алғаш рет әлемнің үздік 500 жоғары оқу орнының қатарына қосылды.

Халықаралық интеграция және жасанды интеллект

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді интеграциялануда және жасанды интеллект саласында мамандар даярлауды дамытуда. AI-Sana бағдарламасы енгізілді, жасанды интеллект және кәсіпкерлік саласындағы бағдарлама бойынша 440 мыңнан астам студент білім алды.

Ғылым. Ғылымды коммерцияландыру

Satbayev University металлургия институтының технологиясы бойынша алғаш рет вакуумдық дистилляция әдісімен СТ-1 маркалы техникалық селен алынды. Назарбаев Университетінің ғалымдары литий-ионды аккумуляторлар үшін отандық шикізаттан катодты материалдар прекурсорларын өндіру технологиясын әзірлеп шығарды. Өндірістің әлеуетті көлемі $40 млрд-қа бағаланып отыр.

Жаңа зерттеу орталықтары іске қосылды, 2025 жылы ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша жаңа 62 шарт жасалып, жалпы 267 жоба жүзеге асырылу сатысында. Ғылыми жобаларға жеке инвестициялар көлемі бүгінде 20,4 млрд теңгеге жетті, алдағы уақытта тағы 8,8 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Жобалардың аяқталуына қарай жеке қоса қаржыландыру үлесі 32 %-ға дейін өседі.

Кен пайдаланушылардың осы мақсатта аударған қаражаттарын бюджет арқылы орталықтандыру есебінен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тетігі енгізілмек.

Айта кетейік, 1–11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары