Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әскер – әр азаматтың мінезін шыңдайтын, жауапкершілігін арттыратын өмір мектебі. Ал осы жолды туған бауырыңмен бірге өткеру – екінің біріне бұйыра бермейтін мүмкіндік.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгінде Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде алты жұп егіз ағайынды әскери қызмет өткеріп жүр. Мұндай ерекше жағдай тек гарнизон көлемінде ғана емес, жалпы Қарулы күштер қатарында да сирек кездеседі.
Туған бауырдың жанында болуы жас сарбаздарға жаңа ортаға тез бейімделуге, әскери өмірдің талаптарына үйренуге және күнделікті қызметтің қиындығын жеңіл еңсеруге көмектеседі. Егіздер бір-біріне тірек болып, кез келген тапсырманы бірлесіп орындауға тырысады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жауынгерлік рухын да нығайта түседі.
Түркістан облысынан әскерге шақырылған Қонысбай мен Құттыбай Жұмабековтер 30212 әскери бөлімінде жаяу әскер жауынгерлік машинасының көздеуші-операторы мамандығы бойынша даярлықтан өтуде. Олар әскери істің қыр-сырын бірге меңгеріп, оқу-жаттығуларда бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Сарбаздардың айтуынша, туған бауырмен қатар қызмет ету жаңа мамандықты тез игеруге және әр тапсырманы сенімді орындауға ықпал етеді.
Осы бөлімнің автомобиль ротасында алматылық Нұрбол мен Айбол Ұлдахандар да қызмет атқарады. Олар КамАЗ автокөлігінің механик-жүргізушісі мамандығын игеруде. Азаматтық өмірде ағайындылардың таңдаған жолы екі түрлі болған. Нұрбол сәулетшілік бағытында білім алса, Айбол педагог-журналист мамандығын меңгерген. Соған қарамастан, әскери қызметте мақсаттары ортақ.
21450 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген Арсений мен Александр Зайцевтер Түркістан облысының Түлкібас ауданынан шақырылған. Арсений пулеметші, ал Александр гранатаатқыш мамандығын меңгеріп жатыр. Қазақ тілін еркін білетін егіздердің ұқсастығы сырт келбеттерінен ғана емес, мінездері мен іс-әрекеттерінен де байқалады. Олар кез келген тапсырманы ауызбіршілікпен орындауға дағдыланған.
Солтүстік Қазақстан облысының Тоқыш ауылынан келген Владимир мен Геннадий Жирновтар 82796 әскери бөлімінің артиллериялық бөлімшесінде қызмет атқарады. Егіздер қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеріп, атыс жүргізу және есептоп құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіріп жүр. Олар үшін де әскери өмірдің басты тірегі – туған бауырдың жанында болуы.
Алматы облысының Жамбыл ауданынан шақырылған Ердос пен Елдос Омаровтар бала кезінен ерекше ұқсастығымен көпшілікті таңғалдырған. Бүгінде олар 01098 әскери бөлімінде бірге қызмет етеді. Ердос байланыс взводының телефон бөлімшесінде желілік бақылаушы болса, Елдос сол бөлімшенің жүргізуші-маманы. Қызмет барысында олар бір-бірін сөзсіз түсініп, кез келген міндетті үйлесімді атқарады.
Талдықорғандық Даниил мен Станислав Алехиндер 82796 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүр. Даниил радиотелефонист қызметін атқарса, Станислав КамАЗ автокөлігінің механик-жүргізушісі. Бос уақыттарында спортпен шұғылданып, кітап оқуды әдетке айналдырған егіздер өздерін жан-жақты дамытуға көңіл бөледі.
Әскери ортада бауырлардың бір-біріне сүйеніш болуы олардың қызметіне де оң әсерін тигізеді. Ортақ мақсат, өзара сенім және түсіністік әр тапсырманы сапалы орындауға көмектеседі. Сондықтан бұл егіздер тек әскери міндеттерін атқарып қана қоймай, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Әрқайсысының өмір жолы әртүрлі болғанымен, бәрін біріктірген ортақ міндет – ел тыныштығын күзету. Олар әскери қызметтің тәртіп пен төзімділікті ғана емес, бауырмалдықты, өзара сенімді және ортақ мақсатқа адалдықты нығайтатынын ісімен дәлелдеп келеді. Бір шаңырақтан түлеп ұшқан егіздердің бір сапта сап түзеуі – кейінгі жас сарбаздарға үлгі, ал қоғам үшін бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары