Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Бір уақиға, екі күй

Бір уақиға, екі күй

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

Алғашқысы – күйші, домбырашы Дина Нұрпейісованың «Он алтыншы жыл» күйі. Бұл күйді «Набор» деп те атайды. 1916 жылы маусымда патша жарлығына сай қазақ жігіттері майдандағы тыл жұмысына алына бастағаны белгілі. Солардың қатарында Динаның тұңғышы Жұрынбай да бар еді. Ұлының соғысқа кеткенін күйші ана ауыр қабылдайды. Жүрегі ауырып, қатты мазасызданады. Күйшінің осы кездегі көңіл күйін жазушы Сәуірбек Бақбергенов «Дина» кітабында былайша жеткізген еді: «...Жаңа ғана өрімдей жігіт боп, ат жалын тартып мінгенде, ел қатарына қосылып, еңбегі жанып келе жатқанда Жұрынбайымды окоп қазу жұмысына алды да кетті. Ана көңілі балаға дегенде қандай нәзік, аңырап отырып қала бердім. Айналама қарасам, аңырап қалған жалғыз мен емес, мен сияқтылар көп екен. Шүкірлік етейінші, жыламай отырып, тілеулес болайыншы деп-ақ ойлап едім, төңіректі басқан азалы үн, мұңды дауыс, ащы айқай, сыңсыған жоқтау дауысы біріне-бірі ұласып, ұлғая түсті. Жесір даусы, жетім үні жүректі қозғап, көзге жас келтірді. Мұндай жерде ана жаны тағы нәзік. Күйзелген елге қосылып күңірене түстім. Ел кектеніп, қолына қару ұстағанда мен домбырамды алып, сол күндердегі жесір жоқтауын, жетім жылауын, жігіт кегін, ер намысын, ел арын күйге қостым». Осылайша, Дина домбырасын қолына алып, «Он алтыншы жыл» күйін шығарады.

Дина бұл күйін ұстазы Құрманғазыға еліктеп шығарған деген де пікірлер бар. Құрманғазы 1936–1938 жылдардағы Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліске арнап «Кішкентай» күйін шығарды. Сол арқылы ол көтерілістің азаттыққа ұмтылған өр рухын жеткізген еді. 1916 жылы қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталғанда Дина да ұстазы секілді «Он алтыншы жыл» арқылы өзінің азаматтық үнін білдірді.

Екі күй екі дәуірде өмірге келді. Алайда тақырыбы ортақ, екеуінің де өзегінде бір тағдыр жатыр. Ұстаз бен шәкірт халықтың азаттық жолындағы күресін, отарлық езгіге қарсылығын күй тілімен өрнектеген. Екі күйдің тақырыптық, идеялық мазмұны ғана емес, табиғаты да ұқсайды. Екеуі де мұң-шерден басталып, біртіндеп күрескерлік рухқа ұласады. Соған қарағанда Дина ұстазының көтеріліс тақырыбын жаңаша жалғастырып, 1916 жылғы тарихи оқиғаларды «Он алтыншы жыл» күйі арқылы бейнелеуге тырысқан секілді.

Дина күйінің «Кішкентайдан» ерекшелігі – онда отаршылдық езгіге қарсылық қана емес, ертеңгі күнге деген сенім де бар. Музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбанов ол жайында: «Динаның «Он алтыншы жылының» негізі өмір сүйгіштікке құрылған. Мұнда мұңаю, жылау жоқ, еңсесі түсушілік жоқ. Бұл күйде көтеріліске шыққан жігіттердің аттарының дүрсілі, ақ патшаның құлағанын естіген халықтың қуаныш тасқыны естілгендей болады. Күй басынан аяғына дейін көтеріліске шыққан халықтың қайтпас бетін, екпінді күшін бейнелейді. Бұл күйде Дина өзінің халық күшіне, өз болашағына сенетінін айтып береді», деп жазған еді. Академик бұл күйді «көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шауып бара жатқан атты жігіттердің әні» деп бағалаған.

Екіншісі – күйші, композитор Сейтек Оразалыұлының «Он алтыншы жыл» күйі. Сейтек күйінің Динаның күйінен айырмашылығы мұнда қайғы-мұң сарыны басым. Содан болар, музыка зерттеушілері Сейтектің күйін әділдік үшін күрескендерге арналған жоқтаулар қатарына жатқызады. Бұл күй де 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы туған. Патша жарлығының халық арасында үлкен наразылық туғызып, оның соңы қазақ даласындағы көтерілістерге ұласқанын Сейтек көзімен көрген. Сөйтіп, ел ішіндегі күйзеліс пен қарсылықты домбыра тілімен жеткізген. Академик Ахмет Жұбанов бұл жайында: «Сейтек 1916 жылдың оқиғасына немқұрайды қараған жоқ, ол қазақтан тыл жұмысына адам алу туралы 1916 жылғы 25 июньдегі патша жарлығының шын мәнін жете түсінді. Бұл тек қара халықтың басына түскен ауыртпалық екенін біліп, өрттей лаулай бастаған ел күресіне белсене араласады. Осынау оқиғаға күйініп «Он алтыншы жыл» деген күй шығарады. Күйде малы мыңғырған бай баласының орнына жанынан басқа беретін жалғыз тұяқ малы жоқ кедей сорлының балаларын шырылдатып окоп қазуға әкетіп жатқан әділетсіздікті көріп ашынған ыза-кек бар. Осыған байланысты шығарылған Динаның аттас күйімен салыстырғанда Сейтек күйінде қайғы-мұң сарыны басым, кей тұстарында өксік үні де естілген», дейді. Академиктің айтуынша, Сейтектің «Он алтыншы жылы» – халықтың қасіреті туралы күй.

Бұл күйде ер-азаматтардың майданның қара жұмысына алынуы, халықтың ашу-ызасы, ел ішіндегі дүрбелең, сондай-ақ еркіндікке деген ұмтылыс бар. Күйдің әуені бірде ауыр, енді бірде екпінді болып келеді. Осылайша, ол бірде қайғыға батып, бірде қарсы көтерілген халықтың жағдайын күй арқылы жеткізеді. Біз бұдан Сейтектің де Құрманғазы мен Дина секілді өз дәуірінің уақиғаларына үн қосқан күрескер күйші болғанын байқаймыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары