Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі көпшіліктен қолдау сұрады (видео)
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы көпшіліктен көмек сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұрынғы күйеуіне қатысты істің әділ қаралуын сұрады. Айтуынша, актер Нұрсұлтан Жақсыген өзіне тағылған айыппен келіспей, іс-әрекетін мойындамаған.
Ажырасқанына екі жыл болса да, бұрынғы жолдасы өзіне, жақындары мен әулетіне тіл тигізіп, балағаттаған.
“Мен Фариза Алмазқызы, қоғамнан қолдау сұраймын. Видеодан көріп тұрғандарыңыздай, Нұрсұлтан Жақсыген 25 тамызда өтетін шешуші сот отырысының алдында осындай мәлімдеме жасап, өз әрекетін жоққа шығарып отыр. Ол жауапкершіліктен жалтару үшін осылай айтып отыр деп есептеймін. Ал оның іс-әрекеттеріне мен ғана емес, бүкіл Қазақстан куә.Егер мұны заң аясында тоқтатпасақ, соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Осы іс бойынша қолымдағы барлық дәлелді құзырлы органдарға тапсырдым. Сот сол материалдарға сүйеніп, әділ әрі қатаң шешім шығарады деп үміттенемін”, – деді Фариза Алмазқызы.
Осы іске қатысты шешуші сот отырысы 25 тамызға белгіленген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Тамыз 2026 21:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















