Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Мәуліт түні қандай амалдар жасау қажет

Мәуліт түні қандай амалдар жасау қажет

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Биыл Хижра жыл санауы бойынша Рабиғул әууел айы 14 тамызда басталып, 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Ислам дінінде оны қасиетті "Мәуліт айы" деп атайды. Себебі осы айда Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген. Ал пайғамбар туған Мәуліт түні 24 тамыздан 25 тамызға қараған түнге сәйкес келіп тұр. Sputnik Қазақстан осы діни мерекеге қатысты маңызды мәліметтерді ұсынады.

Мәуліттің мән-мағынасы қандай

Мәуліт – араб сөзі, қазақша "туған күн" деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, елшілердің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне ол айға сондай атау берілген.

Мұхаммед (с.ғ.с.) милади жыл санауы бойынша 571 жылы 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиғул-әууал айының 12-сі – дүйсенбі күні туған. Ол дүние есігін ашқанда ғаламда ғажап оқиғалар болған деседі. Дүние нұрға бөленген. Анасы Әмина әйелдер әдеті бойынша толғақ қысу, қан кетуге ұқсас қиыншылықтарды көрмеген. Пайғамбарымыз туғанда үстінен жұпар иіс аңқып тұрған.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) насихат сөз айтудан гөрі, іспен үлгі көрсетуге ерекше мән берген. Бір нәрсені бұйыратын болса, бірінші оны өзі орындайтын, бір нәрседен тыйым салатын болса, бірінші болып өзі тыйылатын. Мінезі жұмсақ, қолы ашық, жомарт еді және ұдайы күлімсіреп жүрген.

"Алла елшісінің тістерін ақситып, шері тарқап, шегі қатқанша күлгенін көрмеппін. Ол тек күлімсірейтін", – деп әңгімелейді Әзірет Айша.

Мәуліт айында ораза ұстай ма

Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті Мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы бидғатқа жатады. Құранда: "Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік", – деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш.

Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы. Есесіне, Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу сүннет.

"Мәуліттегі мақсатымыз Пайғамбарымызды шектен тыс қиял-ғажайыптар қосып, тәңірге балап ұлықтау емес. Мәуліттегі мақсатымыз – Оны еске алу. Оның теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу", – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде.

Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру.

Мәуліт түні не істеу керек

Мәуліт түні Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Тіпті, Мәуліт түнінің Қадір түнінен де құндырақ екенін айтқан ғалымдар да бар.

Пайғамбарымыз Мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбар туған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болып саналады.

Пайғамбарды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. "Мәуліт оқу" – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбардың туғанына қуанғандар кешіріледі.

Мәуліт түнінде салихтарды жинап, салауат оқу, кедейлерге ас беру, сондай-ақ садақа-сыйлық беру, қуанышын білдіру, харам араластырмай мәуліт қасидаларын оқыту үлкен сауап.

Мәуліт түні ұйықтамау міндетті емес. Ислам дінінде бұл түнді міндетті түрде ұйықтамай, толық құлшылықпен өткізу деген қағида жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Тамыз 2026 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары