Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бір жыл бойы жұмыс таба алмадым . 25 жастағы қазақстандық бойжеткен ұшқыш жұмысы, ырымдар мен қорқыныштар туралы

Бір жыл бойы жұмыс таба алмадым . 25 жастағы қазақстандық бойжеткен ұшқыш жұмысы, ырымдар мен қорқыныштар туралы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Авиация көпшілік үшін арман болып қала беретін мамандық. Алайда ұшақ кабинасынан түсірілген әдемі кадрлардың артында жылдар бойғы оқу, қатаң процедуралар мен зор жауапкершілік тұр. Tengri Travel 25 жастағы Boeing-737 ұшқышы Айару Тәңірбергенмен мамандыққа қалай келгені, қандай қиындықтардан өткені және бортындағы жүздеген жолаушы үшін жауапты адамның не сезінетіні туралы сөйлесті.

Бәрі қалай басталды?

Айару Scat әуекомпаниясында екінші ұшқыш болып жұмыс істейді және Boeing-737 ұшағын басқарады. Оның айтуынша, осы типтегі ұшақпен жалпы ұшу уақыты мың сағатқа жуықтайды. Оқу және практика жылдарын есепке алғанда, оның авиация саласында жүргеніне жеті жыл болған, ал Boeing-пен ұшуды бір жылдан сәл астам уақыт бұрын бастаған.

Қызығы сол, бойжеткенге ұшқыш мамандығы туралы алғаш рет ойлануды анасы ұсынған. Бұл ретте оның туыстарының ешқайсысы авиация саласына қатысы болмаған.

"Анам осы мамандықты қарастырып көруді ұсынды, әрі қарай оқу орнын өзім таңдап, осы бағытта дами бастадым", - дейді Айару.

Орал қаласында мектепті бітірген соң Айару Ресейдегі Краснокутск азаматтық авиация ұшу училищесіне оқуға түседі. Оның айтуынша, басты қиындық ақпарат көлемі емес, тілдік кедергі болған.

"Мен мектепті қазақ тілінде бітірдім, оқуды аяқтаған соң небәрі бірнеше айдан кейін техникалық орыс тіліне ден қоюыма тура келді. Басында қиын болды, бірақ алғашқы сессиядан кейін-ақ ниет болса, бәрін меңгеруге болатынын түсіне бастадым", - деп атап өтті ол.

Фотоны материал кейіпкері ұсынды

Бойжеткен алғашқы ұшуын оқу кезінде - екі жылдық теориялық дайындықтан кейін жасаған.

"Екі жылдық теориялық дайындықтан кейін ұшу басталды. Менің танысу ұшуым өмірімдегі алғашқы рейс болды және дәл сол сәтте дұрыс жолды таңдағанымды шын сезіндім. Содан бері авиацияға деген сүйіспеншілігім нығая түсті", - деді ол.

Алғашқы сәтсіздіктер мен алғашқы жұмыс

Айару диплом мен ұшқыш куәлігін алғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бойы мамандығы бойынша жұмыс таба алмағанын мойындады. Содан кейін ол әуекомпанияның кеңсесіне орналасып, онда екі жылға жуық жұмыс істеген.

"Кейінірек Scat әуекомпаниясына келдім, мұнда алдымен кеңседе бір жарым–екі жылдай жұмыс істедім. Ал өткен жылдан бастап кәсіби мақсатыма оралып, ұша бастадым", - деді ол.

Ұшқыш ретіндегі алғашқы оқу ұшуы 2025 жылдың жазында өтті. Соның қарсаңында бойжеткен толқығаннан түні бойы ұйықтай алмаған, алайда аэродромға келгенде қобалжу тез арада жұмысқа деген құлшынысқа ауысқан.

"Аэродромда курстастарым мен нұсқаушылардың қасында өзіме деген сенімділік пен жинақылық пайда болды. Мен ұшуды стандарт бойынша орындап шықтым", - дейді ұшқыш.

Фотоны материал кейіпкері ұсынды

Ұшқыштың жұмыс күні қалай өтеді?

Айарудың айтуынша, ұшқыштың жұмысы әуежайға келгенге дейін әлдеқайда бұрын басталады.

Басты шарт - рейс алдында жақсы демалу. Ұшуға дайындық көбінесе үйден басталады.

"Ұшу есептемелерін жүктеп алғаннан кейін бізде алдағы рейс туралы толық түсінік қалыптасады: қажетті жанармай мөлшері, ауа райы жағдайы, ұшу және баратын әуежайлар бойынша деректер, маршрут туралы ақпарат және басқа да маңызды параметрлер", - деп атап өтті ол.

Фотоны материал кейіпкері ұсынды

Әуежайда экипаж ұшу алдындағы дайындықты жүргізеді.

"Ол жерде біз рейстің негізгі тұстарын талқылап, жұмыс бағыттарын бөлісеміз", - деді Айару.

Медициналық тексеруден өткен соң Айару мен экипаждың басқа мүшелері бортқа көтеріледі. Мұнда ең жауапты кезең басталады: экипаждың әр мүшесі ұшақты хаттамаға сәйкес ұшуға дайындап, өз ісімен айналысады.

Ең ерекше ұшу

Айару үшін ең есте қалған ұшу - алғашқы халықаралық рейстердің бірі Ыстамбұлға сапары болған. Оның айтуынша, бұл қаланың әуежайы әлемдегі ең жүктемесі жоғары әуежайлардың бірі саналады, сондықтан экипаж жұмысы барынша зейін қоюды талап етеді.

"Бұл жүктеменің мүлдем жаңа деңгейі болды: ауада және жерде әуе кемелерінің көптігі, қарқынды радиоалмасу, бағдарды тез табу, эфирге уақытында қосылу, диспетчердің ағылшын тіліндегі нұсқауларын дұрыс түсініп, орындау қажеттілігі туындады", - деді ол.

Жоғары жүктемеге қарамастан, ол бұл рейсті сүйіспеншілікпен еске алады.

"Күн батқанда Ыстамбұлға жақындап, қаланы кабинадан көргенде, бұл жұмыстың қаншалықты ерекше екенін түсінесің", - деп бөлісті Айару.

Қандай дәстүрлер мен ырымдар бар?

Ұшқыштың қалыптан тыс жұмыс кестесі бойжеткеннің отбасы үшін әлдеқашан үйреншікті жағдайға айналған. Оның айтуынша, жақындары бұл мамандықтың ерте ұшумен, түнгі рейстермен және ұзақ іссапарлармен байланысты екенін түсінеді.

"Ұшқыш мамандығында бұл сөзсіз: ерте ұшулар, түнгі рейстер, ұзақ іссапарлар болады. Кейде отбасылық іс-шаралар мен маңызды даталарды өткізіп алуға тура келеді", - деді Айару Тәңірберген.

Кейде отбасылық мерекелер мен маңызды оқиғаларға қатыса алмай қалады, бірақ ол бұған оқу кезінде-ақ дайын болған.

Сонымен қатар Айару ұшқыштардың ырымшылдығы туралы кең тараған стереотипке сенбейді.

"Ұшқыш жұмысында міндеттер мен жауапкершілік онсыз да жеткілікті, сондықтан мен назарымды рәсімдер мен кәсіби міндеттерге қатысы жоқ дүниелерге аудармағанды жөн көремін", - дейді ол.

Ұшқыштың кеңесі

Аспан әлемін армандайтындарға Айару қиындықтардан қорықпауға кеңес береді. Оның айтуынша, авиацияға барар жол оңай бола бермейді, бірақ нәтижесі барлық күш-жігерге тұрарлық.

"Авиацияға барар жол оңай емес - онда қиындықтар мен кедергілердің кездесуі заңдылық. Күрделі кезеңдерде берілмей, арманыңа нық сену маңызды", - деп түйіндеді Айару.

Ұшқыштың айтуынша, авиация саласындағы жұмыс қажырлы еңбек пен шыдамдылықты талап етеді, бірақ басқа ештеңемен салыстыруға келмейтін ерекше әсер сыйлайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары