Биыл өңірлерге тұмауға қарсы қанша доза вакцина жіберіледі
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанда өңірлерге тұмауға қарсы 2,1 млн доза вакцина жіберіледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Халықты тегін вакцинациялау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынған. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге кезең-кезеңімен жөнелтіле бастады.
"Вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге вакцинаны жеткізу 5 қазанға дейін жоспарланған", - дейді министрлікте.
Вакцина жеткізілген медициналық ұйымдарда халықты иммундау жұмыстары басталды.
Вакцинациялау науқанын өткізу үшін ресейлік өндірістің "Гриппол®️" вакцинасы сатып алынды. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді, дейді министрлікте.
Вакцинаны бірінші болып алатындар:
медицина қызметкерлері,
диспансерлік есепте тұрған балалар,
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері,
эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдар алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 16:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















