Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Биыл отандық баспа басылымдарын қолдауға ерекше назар аударылды Аида Балаева

Биыл отандық баспа басылымдарын қолдауға ерекше назар аударылды Аида Балаева

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін үлкен серпіліс кезеңі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде медиа кеңістіктегі түбегейлі өзгерістер мен жетістіктерді қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды. Заңнамалық жаңашылдықтардан бастап, халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі маңызды бастамаларды атап өтіп, медиа өкілдеріне алғысын білдірді.

Құрметті достар!

2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін шын мәнінде айтулы кезең болды. Себебі жүйелі реформалар жүзеге асып, кәсіби стандарттар нығайды. Мемлекеттік бастамалар, серіктестік жобалар мен салалық маңызы зор іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және ақпараттық контенттің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты бағдарымызды айқындады.

Қазіргі кезде елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген. Олардың үш жүз алтысы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде бес жүз он бес жаңа медиа іске қосылды. Бұл дерек салаға деген қызығушылықтың жоғары екенін және медианарықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Биыл отандық баспа басылымдарын қолдауға ерекше назар аударылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаңа Салық кодексінде отандық мерзімді баспа басылымдарына қосылған құн салығының 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі енгізілді.

Медиакеңістіктің қарқынды дамуын ескере отырып, онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, сондай-ақ әкімшілік заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобалары әзірленді. Бұл жұмыс ақпарат  саласында құқыққа қайшы контенттің таралуын азайтуға бағытталған.

Онлайн-платформалар әкімшіліктері мен әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтіледі. Сонымен қатар балаларды онлайн-платформаларда таралатын деструктивті контенттен қорғау шараларын енгізу ұсынылуда.

Алғаш рет аудиовизуалды платформалардың қызметі заңнамалық тұрғыдан реттеліп, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензия алу міндеті белгіленеді.

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату аясын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін 63 жаңа радиотелевизиялық станция пайдалануға беріледі. Бұл ел халқының 95 пайызын цифрлық эфирлік теледидармен қамтуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар мемлекеттік радиохабар тарату желісі де дамып келеді. Шекаралас елді мекендерде 120 радиотаратқыш іске қосылуда.

2025 жылы теледидар көруді өлшеу жүйесі кеңіп, енді тек ірі қалалар ғана емес, халқы 100 мыңнан аз елді мекендер де қамтылды. Қазан–желтоқсан айларындағы нәтижелер бойынша елімізде теледидар көру көрсеткіші 18 пайызға артқанын көрсетті.

Теледидар әлі де медиакеңістіктің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді. Қазақстанда телевизиялық контент өндіру ісі толыққанды индустрияға айналды. Сонымен қатар отандық өнімдер көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, мазмұндық тұрғыдан да сапалы екендігін көрсетті. Жыл бойы көрерменге жаңалықтар, деректі фильмдер, сараптамалық және зияткерлік бағдарламалар, сондай-ақ отандық телехикаялар ұсынылды.

Халықаралық ынтымақтастық та белсенді түрде дамыды. Биыл Түркиямен бірлескен ірі жобалар жүзеге асып, «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикая аяқталды. Қытаймен бірлесіп алғашқы қазақстандық-қытайлық «Іледе күтемін…» телесериалы түсірілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен бірлескен сегіз сериялы «Аллигатор» көркем телехикаясы жарық көрді.

Euronews арнасының өңірлік өкілдігі аясында 2025 жылы телеарнада авторлық жобалар эфирге шықты. Атап айтқанда, Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты мен дәстүрлеріне арналған 20 бағдарлама, экономика, инвестициялар және Еуропамен ынтымақтастық тақырыптарын қамтыған 10 іскерлік бағдарлама, сондай-ақ академиктер, хирургтер, спортшылар, актерлер, археологтар мен ұшқыштар сияқты тағылымы мол тұлғалардың өмір жолын таныстыратын 10 бағдарлама ұсынылды. Бұған қоса, маңызды оқиғаларға арналған 5 арнайы бағдарлама жарық көрді.

Сонымен қатар оңтайландыруды ескере отырып, қажетті шешімдер қабылданды. «Ел арна» телеарнасының хабар таратуы тоқтатылып, «Қазконтент» құрылымы өзгерді. Ruh.kz және Baigenews.kz ресурстарының қызметі аяқталып, негізгі күш-жігер әлеуметтік желілердегі креативті контентті дамытуға бағытталды.

Мерзімді басылымдарға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақ газеттерінің» құрылымын қайта қарап, екі ірі республикалық газетті — «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарын дербес әрі тәуелсіз брендтер ретінде бөлу ұсынылуда. Бұл шешім еліміз үшін маңызы зор әр газеттің әлеуетін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникацияны нығайтуға ықпал етеді.

2025 жылы өңірдегі кәсіби диалогтың негізгі алаңдары саналатын дәстүрлі Astana Media Week пен II Орталық Азия медиафорумы өтті. Сондай-ақ «Үркер» ұлттық сыйлығының және «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімдері ұйымдастырылды.

Құрметті әріптестер!

Сіздерге кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктеріңіз және мемлекеттік саясатты іске асыруға көрсетіп отырған белсенді қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Күнделікті атқарып отырған қажырлы еңбектеріңіздің, реформалар мен бастамаларды, сондай-ақ «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарын объективті әрі уақтылы жариялауларыңыздың арқасында қоғамда сенім нығайып, ортақ құндылықтарымыз, ашық диалог пен өзара құрмет мәдениеті қалыптасуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің мәнін түсіндіріп, сындарлы қоғамдық пікірталас қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Құрметті достар!

Биылғы жыл Қазақстанның медиа саласы дамып, жаңарып, әрі өзінің бірегей болмысын сақтай отырып, әлемге ашық екенін айқын көрсетті.

Барша медиа саласының өкілдерін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық шабыт, толайым табыс, жаңа жетістіктер тілеймін!-деді А. Балаева.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 02:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары