Биыл қазақстандықтар 88,9 млн кітап оқыған
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді. Биыл оқырман 88,9 кітап оқыды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1 %-і қазақ тіліндегі әдебиеттер болды.
"Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсті, оның 662,3 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар. Қазақстандағы кітапханаларда қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл – жалпы кітапхана қорының 41,7 пайызы", - дейді министрлікте.
Әсіресе көркем әдебиетке деген сұраныс жоғары. Оқырмандардың басым көпшілігі жастар мен балалар.
"Олардың арасында 15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала мен 1,38 млн жас бар. Ересек оқырмандардың саны 2,4 млн адам", - дейді мәдениет және ақпарат министрлігінда.
Әсіресе павлодарлықтар кітапты көп оқиды - Қазақстан бойынша оқырмандардың 47%-і осында тұрады. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстары тұр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















