Биыл Шымкент қаласында Наурыз мейрамын қалай атап өтеді?
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
2026 жылғы 21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі жобаларды ұсынады.
Негізгі мерекелік іс-шаралар қаладағы бірқатар ірі қоғамдық кеңістікте өтеді. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында бір мезетте халықтық серуендер ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер назарына театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшалары ұсынылады. Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетеді.
Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздары және арнайы шақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді. Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеумен қатар, қала тұрғындарының бірлігін нығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 18:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















