Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Моңғолиядағы қазақтар Наурыз мейрамын қалай тойлайды

Моңғолиядағы қазақтар Наурыз мейрамын қалай тойлайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қытымыр қыстың қаһары қайтып, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында малдың аузы көкке, адам аузы аққа тиеді. Күн мен түн теңеліп, тіршілік біткен жанданып, жаңа бір өмір басталады. Міне, осындай мерейлі сәтте жаңалық пен жақсылықтың жаршысы — Наурыз мерекесі келеді.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін тек көктемнің келуін білдіретін мейрам ғана емес, ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың белгісі.

Бұл мерекені Қазақстандағы қазақтар ғана емес, шетелдегі қандастар да ерекше ықыласпен атап өтеді. Соның бірі – Моңғолия жеріндегі қазақ қауымы. Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің қаймағын бұзбаған бұл елдегі қазақ диаспорасының саны 200 мыңға жуық. Басым көпшілігі – елдің қиыр батысындағы Баян-Өлгий аймағында қоныстанған. Байырғы салт-дәстүрді сақтап қалған қандастар Наурызды кең көлемде тойлайды.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

Баян-Өлгий аймағы – Моңғолиядағы қазақтардың ең көп шоғырланған өңірі. Бұл аймақта Наурыз мерекесі жыл сайын ерекше сән-салтанатпен өтеді. Қандастар үшін бұл мейрам – табиғаттың жаңаруы ғана емес, халықтың бірлігі мен ұлттық рухын нығайтатын маңызды мәдени шара.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

Моңғолияда тұратын қандасымыз, ақын, жазушы Байыт Қабанұлы бұл мерекенің осы елде тұратын қандастар үшін орны ерекше екенін айтады.

– Мереке қарсаңында ауыл-аймақ тұрғындары үйлерін тазалап, ауласын сыпырып, ерекше ықыласпен дайындалады. Ең бастысы, бұл мерекені шынайы ықыласпен, ерекше көңіл күймен қарсы алады. Барлық отбасы Наурыз көже жасауға дайындалады. Апаларымыз қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн қазы-қарта, жал-жаясын қазанға салады. Ет сорпасына көже қайнатады. «Қыстың сүрін ұзын сары келгенде жейміз» дейтін қазақ жұрты ортаға ақсақалдарды алып, қыдырып көже ішеді. Бір-біріне ізгі тілек, ақ пейілдерін білдіріседі. «Қыстан аман шықтыңдар ма?» деп хал сұрасып, құшақтасып көріседі. Бұл күні тіпті елді мекеннен алыс таудың қуысында мал бағып отырған қара қостың да қазанында ет қайнап, бала-шаға қуанышты көңіл күйге бөленеді, – дейді қаламгер.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, ұлық мереке – ұлттық болмысты сақтаудың бір жолы.

Моңғолиядағы қазақтар Наурызды атап өту арқылы ұлттық мәдениетті сақтауға ерекше үлес қосып келеді. Көптеген дәстүрлер сол қалпында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

– Наурыз кезінде Баян-Өлгий аймағында жыл сайын үлкен шеру өтеді. Бұған барлық мекеме, орындар атсалысады. Бұл шараға ел Президенті бастап ерекше ықылас білдіріп, құттықтау жолдайды. Үкімет басшылығының өкілдері арнайы барып құттықтайды. Бұл шеруде ұлтымыздың барлық салт-дәстүрі көрсетіледі. Қазақтың түйелі көші, бүркітшілер, көкпаршылар шеруден өтіп, өзгеше сән-салтанатымен елді ерекше көңіл күйге бөлейді.

Мереке барысында ұлттық ойындар мен спорт түрлері де ұйымдастырылады. Әсіресе, қазақ күресі, көкпар, асық ату, теңге ілу сияқты жарыстар өткізіліп, жастардың ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, – дейді Байыт Қабанұлы.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

Қаламгердің пікірінше, шетелдегі қазақ қауымы үшін Наурыз – тарихи тамырмен байланыс орнататын маңызды мәдени көпір. Бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, қазақтың рухани тұтастығын нығайтуға қызмет етеді.

– Наурыз мерекесі кезінде концерттік бағдарламалар, айтыс, ұлттық би мен ән кештері ұйымдастырылады. Домбыраның үнімен орындалатын халық әндері мен күйлер қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде мерекенің сәнін арттырады. Мектептер мен мәдениет үйлерінде ұлттық киімдер көрмесі, қолөнер жәрмеңкесі, этнографиялық қойылымдар өткізіледі. Бұл шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба дәстүрімен танысып, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауды үйренеді. Ұланбатырдағы қандастар да мерекелік шаралар өткізіп, ұлтымыздың мәдениетін өзге ұлт өкілдеріне көрсетеді, – дейді жазушы.

Фото: Байыт Қабанұлының жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, Моңғолия жеріндегі қазақтар Ұлыстың ұлы күнін тек мереке ретінде ғана емес, ұлттық болмыс пен мәдени мұраны сақтайтын маңызды рухани құндылық ретінде атап өтеді. Наурыз – халқымыздың өміріндегі елдік пен бірліктің, дәстүр мен жаңарудың айқын көрінісі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары