Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақтар халық санын қалай есептеген

Қазақтар халық санын қалай есептеген

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаевтың айтуынша, Қазақ хандығы дәуірінде нақты есеп жүргізу мүмкін болмағанымен, өзіндік өлшемдер болған.

— ХV-ХIV ғасырлар аралығында халық санын дәл анықтайтын нақты әдістеме болған жоқ. Алайда шамалап есептеу тәсілдері қолданылды, — дейді ғалым.

Көшпелі қоғамдағы басты есеп бірлігі — ұлыс болды. Бұл тек аумақ емес, белгілі бір халық санына ие әкімшілік құрылым еді.

— Деректерде бір ұлыста шамамен 10 мың шаңырақ болғаны айтылады. Ал бір шаңырақта орта есеппен 5-6 адам тұрған, — дейді Берекет Кәрібаев.

Осы есеппен қарағанда, бір ұлыстың халқы 50 мың мен 80 мың аралығында болған.

— Қазіргі өлшеммен бұл — бір ауданның халқы, — деп нақтылады тарихшы.

Алғашқы «миллион»: Қасым хан дәуірі

Қазақ халқының жалпы саны туралы алғашқы ірі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегінде кездеседі.

— «Тарихи Рашиди» кітабында қазақтардың саны 1 миллионнан асқаны айтылады. Бұл — Қасым хан тұсындағы ең қуатты кезең. Сол кезде Қазақ хандығының аумағы Ертістен Еділге, Тобылдан Сырдарияға дейін жеткен, — дейді ғалым.

Алайда бұл сан бір сәтте пайда бола қалған жоқ.

— Бұл аймақта Қазақ хандығына дейін үш ірі ұлыс болған: Маңғыт, Шибан және Орда-Ежен. Солардың жиынтық саны шамамен 1 миллионға жуық, — дейді Кәрібаев.

Ал Керей мен Жәнібек бөлініп шыққанда, барлық халық бірге кеткен жоқ.

— Орда-Ежен ұлысының толық құрамы көшкен жоқ, шамамен үштен бірі немесе жартысына жуығы ғана бөлінді. Соның өзінде аз уақыт ішінде олардың саны 200 мыңға жеткен, — дейді ол.

Шаңырақпен саналған дала

Бұл тәсіл кейінгі ғасырларда да сақталды. XIX ғасырда Ресей империясы қазақ даласын зерттей бастағанда да халық саны шаңырақ арқылы есептелді.

— Орынбор генерал-губернаторы Волконский қазақтардың санын саудагерлерден сұрап жинаған. Әр ру, оның қыстауы, басқарушысы, қанша шаңырақ бар — бәрі солай тіркелген. Алайда бұл нақты санақ емес, шамамен алынған деректер еді, — дейді тарихшы.

Ол халық саны туралы деректерді жинаған зерттеушілердің бірі — Левшин болғанын айтты.

— 1832 жылғы еңбегінде ол қазақтардың санын 2-3 миллион деп көрсетеді, — дейді Кәрібаев.

Алғашқы ресми санақ

Қазақ даласындағы алғашқы толыққанды халық санағы 1897 жылы өтті.

Коллаж: Kazinform/ ЖИ

— Сол санақ бойынша қазақтардың саны шамамен 4,5 миллион болған. Бірақ бұл толық көрсеткіш емес. Себебі халық арасында ерекше түсінік болған. — «Адамды санама» деген ырымға байланысты көпшілік өз санын жасыруға тырысқан. Кейбір ру-тайпалар мүлде тіркелмей қалған, — дейді тарихшы.

Неге халық санын білу маңызды болды

Халық санын есептеу тек қызығушылық үшін емес, нақты қажеттілік еді.

— Әрбір билеуші өз қол астында қанша халық барын, қанша әскер шығара алатынын білуі керек болды, — дейді ғалым.

Қазақтар халық санын бүгінгідей дәл цифрмен емес, «ұлыс», «ру», «шаңырақ» сияқты ұғымдар арқылы есептеген. Бұл — көшпелі өмір салтына бейімделген, өзіндік қисыны бар демографиялық жүйе, яғни далада санақ боды, тек бұл басқаша жүргізілді.

Еске салайық, бұған дейін қазақ жыраулары хандарға қалай әсер еткені туралы жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:255
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары