Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Көшпелі қоғамның тірі қалу жүйесі: қазақтар қыстан қалай шықты

Көшпелі қоғамның тірі қалу жүйесі: қазақтар қыстан қалай шықты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев қазақтың мал шаруашылығы тек күнкөріс емес, тұтас әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылымды айқындағанын айтады.

Оның сөзінше, қазақ шаруашылығы бір ғана көшпелі өмір салтынан тұрмаған.

— Мал шаруашылығының төрт түрі болған: көшпелі, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы, отырықшы. Әрқайсының табиғи, географиялық ерекшелігі бар, — дейді Кәрібаев.

Фото: Мейірман Лес / Kazinform

Демек, даладағы қозғалыс ретсіз көш емес, табиғатқа бейімделген модель. Профессордың айтуына қарағанда, таза көшпелі қауым қыстаудан көктем шыға үдере көшпеген. Жайлауға бірден жету емес, малдың күйін сақтау маңызды болған.

— Мақсат — малды семірту. Қазақ оны «қоң жинату» деп атады. Тіпті қазақтар күздеуде де алғашқы қар түскенше отырған. Осыны Абай да дәл сипаттаған: «Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,

Ықтырмамен күзеуде отырар бай».Бұл жолдар қазақтың жайылымды жоспарлап пайдаланғанын көрсетеді, — дейді тарих ғылымдарының докторы.

Жайлау мен қыстаудың айырмасы

Жайлау мен қыстаудың құқықтық мәртебесі де бөлек болған. Жайлау — ұжымдық, ал қыстау — жеке меншік.

— Жайлау бір адамның меншігі болмаған. Ол ру, тайпа, қауымға ортақ. Ал қыстаудағы жер, құдық — жеке отбасының меншігі, оған ешкім тиісе алмайды, — дейді тарихшы.

Даулар билер сотында шешіліп отырды. Дәстүрлі құқық нормалары бұлжымай сақталған.

Қыстауға қойылатын талаптар

Қыстауға қойылатын талаптар да нақты: су көзі, бораннан ық, отынға жарайтын қамыс, мал тебіндеп жайыла алатын жер. Ғалымның айтуынша, сондықтан Сырдарияның төменгі және орта ағысы қазақтар үшін қысқы стратегиялық аймаққа айналған.

Қазақ қоғамындағы байлықтың өлшемі де мал болған.

— Кейбір байлардың жылқысы 15-20 мыңға, қойы 10-15 мыңға, түйесі мыңға дейін жеткен, — дейді Кәрібаев.

Мал — азық, көлік, киім, әскери күш, айырбас құралы — барлығының негізі.

Фото: Nano Banana Pro

Қасым хан неге соғыстан бас тартты

Тіпті саяси шешімдер де мал шаруашылығының ырғағына тәуелді болған. XVI ғасырда Әбу Сайд хан Қасым ханға Мұхаммед Шайбани ханға қарсы бірігіп соғысуды ұсынғанда, қазақ ханы бас тартады.

— «Күз келді, біз көшпелі елміз, қыстауға дайындық біз үшін маңыздырақ» деп жауап берген. Бұл дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде жазылған, яғни, соғыстан бұрын қыстың қамы тұр, — дейді тарихшы.

Қазақтар қыстан қалай шықты

Қыста қазақ рулары бір-бірінен алыс отырған. Кәрібаев мұны «дисперсия заңы» деп түсіндіреді.

— Қысқы жайылымды тиімді пайдалану үшін әр ру-тайпа бір-бірінен алысырақ отырған, байланыс үзілген, — дейді ол.

Жаулар осыны пайдаланған. Рузбихан Исфаханидың жазуынша, Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарының көбі қыс айларында жасалған.

— Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақта туып-өскен және қазақтардың қай кезде жайлауға, қай кезде қыстауға баратынын жақсы білген еді, — дейді ҚазҰУ профессоры.

Көктем — тек табиғаттың емес, әлеуметтік өмірдің де жаңаруы. Қыс бойы үзілген байланыс көктемде қалпына келген.

— Мал төлдеп, көктем шыққанда ғана байланыс қалпына келген. Наурыздағы көрісу күні осыдан қалған. Әр ауылдың жастары көрші ауылдағы жасы үлкен кісілерге сәлем берген, — дейді ғалым.

Фото: Nano Banana Pro

Қорыта айтқанда, қазақ қоғамының тіршілігі табиғат ырғағына негізделген. Мал шаруашылығы — тек экономикалық қызмет емес, құқықтық қатынастарды, әлеуметтік құрылымды, әскери стратегияны айқындаған жүйе. Ал қыстан аман шығу — көпшелі қауымның басты мақсаты болған.

Еске салайық, бұған дейін қазақ хандары неге өз баласын емес, басқа сұлтанды мұрагер етіп қалдырғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 13:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see156

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see140

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see138

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see137

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see137

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see136

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see135

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see135

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see133

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see133

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see133

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see133

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see132

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see131

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see131

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see131

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see130

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see130

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see130
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары