Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Қазақстандықтар тойға бармақ болған, бірақ мереке орнына мәселеге тап болды

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

“Биылғы ең айтулы оқиға“: Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті?

“Биылғы ең айтулы оқиға“: Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.

"Владимир Владимирович, Сізге алғысым шексіз. Ерекше қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Ресей тарапы сапарды ұйымдастыруға мұқият әзірленгенін көрдік. Іс-шаралар жан-жақты ойластырылған. Біз үшін Ресей Федерациясына мемлекеттік сапар – биылғы ең айтулы оқиға. Министрліктер, ведомстволар арқылы консультациялар жүргізіп, тыңғылықты дайындалдық. Өйткені ынтымақтастық ауқымы өте кең. Ресей Федерациясымен барлық салада тығыз байланыс орнаттық. Сіз жаңа ғана қандай жұмыс атқарылғаны, алдымызда қандай міндеттер тұрғаны жөнінде егжей-тегжейлі айттыңыз. Оған алып-қосарым жоқ. Шын мәнінде, мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар – саяси сыпайылық үшін айтылған сөз емес, өзара ынтымақтастығымыздың мәнін ашатын сипаттау. Сондықтан өзара қарым-қатынасымызда ешқандай түйткіл жоқ деп сеніммен айтуға болады. Әлгінде өзіңіз айтқандай, барлық сала табысты дамып келеді. Тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойдық. Менің ойымша, бұл қол жеткізуге болатын көрсеткіш. Таяу келешекте мақсатымызға орындалады деп ойлаймын. Ресей Федерациясымен атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталғым келеді. Көп ұзамай "Росатоммен" станса құрылысын бастауға мүмкіндік беретін өте маңызды келісімдерге қол қоямыз. Бұл – серпінді жоба. Өйткені атом электр стансасы ғана салынбайды, мүлдем жаңа сала пайда болады. Білім саласындағы ықпалдастығымызды атап өткім келеді. Ресейдің 9 жоғары оқу орны, соның ішінде танымал университеттер Қазақстанда филиалдарын ашты. Бұл үшін Ресей Федерациясының білім саласы өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Бұл да елеулі оқиға. Жалпы, білім саласына ерекше мән беремін. Өйткені жастарымызға жағдай жасау керек деп санаймын. Біздің мақсатымыз – жастарға Қазақстан мен Ресейдің жаңа тарихи және геосаяси кезеңдегі ынтымақтастығы мен достық байланыстарын аманаттау. Өскелең ұрпақ мұндай қарым-қатынассыз осынау алмағайып заманда өмір сүру мүмкін емес екенін түсінуге тиіс. Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп ойлаймын. Сол себепті Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Владимир Путин Қазақстан Президентін Кремль сарайында қарсы алғанына өте қуанышты екенін айтты.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Мәскеуде, Кремль сарайында қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Бүгін Мәскеуге Үкімет мүшелерінен және бизнес өкілдерінен құралған үлкен делегация келгенін көріп отырмыз. Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Негізгі құжаттарда жазылған уағдаластықтардың өзектілігін өмірдің өзі көрсетуде. Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер. Бұл нақты істерден байқалады. Ресей – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі және басты инвесторлар қатарында. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті. Көптеген ресейлік компания Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде. Біз халықаралық аренада тығыз байланыс орнаттық. Бірқатар өңірлік ұйымға мүшеміз. Алдағы күндері Бішкекте өтетін ҰҚШҰ форумында, одан кейін Санкт-Петербургтегі ТМД-ға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі басқосуларында кездесеміз. Бағдарламамыз өте мазмұнды, оның барлығы орындалып жатыр. Сіздің бүгінгі сапарыңыздың қорытындысы бойынша меморандумдар әзірленді. Бұл байланыстарымызды жоғары мемлекетаралық деңгейге шығаруды көздейді. Әрине, бұл бізді қуантады. Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ұмтыламыз", - деді Ресей президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 18:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

12 Мамыр 2026 22:12see116

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

13 Мамыр 2026 00:23see115

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see114

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see113

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

13 Мамыр 2026 00:23see111

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see111

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see111

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see111

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see110

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see109

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see108

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see107

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see106

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see105

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:33see104

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see104

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

12 Мамыр 2026 20:01see104

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see104

Қазақстандықтар тойға бармақ болған, бірақ мереке орнына мәселеге тап болды

12 Мамыр 2026 18:46see103

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары