Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Біз кімге керекпіз?

Біз кімге керекпіз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бірде әлеуметтік желіден мынадай бір ауыр оқиғаны оқығаным бар. Балқаш қаласының бір тұрғыны қартайған шағында не балаларына, не жақын туыстары­­на керек болмай, пәленбай жыл тұрған пәтерінде жалғыз қу басы қалып, өзін-өзі күте алмайтын күйге жетіп, қала басшыларына шағымданып, қайта-қайта өтініш білдіріп жүріп, облыс орталығы Қарағанды қаласындағы қарттар үйіне жолдама алып, енді сол жаққа кетіп бара жатқанын әңгімеледі. Такси көлігіне қалт-құлт етіп екі-үш сөмке, шемодандарын артып жатқан қарттан көлік иесі:

Сурет: qandastar.kz

– Қарағандыға көшіп бара жа­тырсыз ба, ата? Онда бала­ла­ры­ңыз тұра ма?

– Жоқ, қарттар үйіне барамын... Көп жыл осы Балқашта жұмысшы болып еңбек еттім. Зейнетке шыққаннан кейін өзім үшін өмір сүремін, жіберген кемшілігімді түзеп, атқара ал­маған ісімді орындаймын, қарттықты жаныма жайлы етіп өткіземін деп ойлаушы едім. Бар­лығы ойлағандай бола бер­­мей­ді екен. Осыдан 10 жыл бұрын әйелім қайтыс болды. Екі ұл, бір қыз өсіріп, тәрбиелеп, білім беріп едік. Қызым түрікке күйеуге шықты да, шетел асып кетті. Бір ұлым Алматы облысында, екіншісі Астанада еңбек етеді. Әрқайсысының отба­сы, бала-шағалары бар. Тіпті менімен хабарласуға да олар уақыт таппайды. Мен болсам қу басым сопиып үйде жалғыз қалдым. Зейнетақым бар, дәрі-дәрмегіме, тамағыма жетеді. Мені қинайтыны, жаныма қатты бататыны – жалғыздық! Құдай сендерді содан сақтасын...

– Балаларыңыздың бірінің қолына бармайсыз ба? Жасыңыз нешеде? – деп сұрақ қойды таксист жігіт.

– Қарағым-ай, ондай күн қайда маған. Екі ұлымның әйе­­лі­нің де мінезі шәл­­кес, қатыгез. Бірнеше рет қонақта болдым үйлерінде. Ұлда­рым­ды қойшы... Екі келінім еш­қан­дай жылы қабақ танытпады. Керісінше, менің әр қи­мы­лым­ды, ісімді, сөзімді аңдып, қабақтары ашылмай, күйеу­лерімен орынсыз керісіп, дау-дамайын көбейтті. Әйтеуір, еріндері жыбырлайды да жү­реді. Сонымен қысқаша айт­қан­да, оларға сыйып, сіңіп кете алмадым. Немерелерім жат болып кетті. Қазір олармен байланысым мүлдем үзілді. Олар мені керек етпейді. «Әттеген-ай!» дейтін күнім аз емес. Дәм-тұзым таусылуға жақын қалғанда, 80-нен асқан шағымда жалғыздықтың уын ішіп жүрмін, мазам кетіп, кеудемдегі тынымсыз лүпілдеген жұдырықтай жүрегім қанжылап жүр. Ерте ме, кеш пе өмірімнің аяғына жететінім хақ. Мені мұндай қасіретке жеткізген Жаратқан Иеме не істедім? Қай жерде қия бастым? Білмеймін..., – дей келе әлгі қария қатты күрсініп, шерін төгіп, мөлтілдеп келген көз жасын алақанымен көлеңкелей берді...

...Қала орталығындағы ауру­­­хана жанындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағынан өтіп бара жатып, «Анаға тағзым» руха­ният орталығының алдындағы жас сәбиін қысып ұстаған қайратты ана бейнесіне ерекше зер саламын. Ананың оң қолына сәбиін ұстап, алға қарай бір қадам жасап тұрғанының мәні – түн ұйқысын төрт бөліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен, сәбиін құнды қасиеттерге тәрбиелеген, ақ сүтімен адамгершіліктің асыл қасиеттерін дарытқан аналарға тағзым ретінде бейнеленген. Соны көремін де өткен жылы бір таныс астаналық азаматтың айтқан мына бір әңгімесі еріксіз еске түседі.

– Қарапайым отбасында, ауылда өстім. Жеті баланың кен­жесі болғандықтан қара­­шаңы­раққа ие болып қалдым. Қолымда 80-нен асқан шешем тұрды. Қанша жасқа келсем де анам қамқоршым болды. Мені ерекше жақсы көріп, аналық махаббатын аямай төкті. Үйленіп, бала-шағалы болсам да әрдайым есік алдынан күтіп алатын. Тіпті қызмет бабымен түн ортасында келсем де көз ілмей тосып, мені көріп: «Ә, балам келдің бе? Жұмысыңнан шаршап келдің бе, қарғам. Құдай қуат берсін, балам», деп, Аллаға сыйынып барып төсегіне жататын. «Мама-ау, мені тоспай-ақ демала бермейсіз бе» десем, «Айналайын, алтыным. Сен үйде жоқ болсаң, бойымда дегбір пайда болып, ұйқым қашады. Қанша өзімді қинасам да көз жұмып, ұйықтай алмаймын, жүрегім тулайды да тұрады. Жарқыным, аман бол, абыройлы бол» деп ақ батасын беретін. Жасы келіп, қартайып, қажып отырса да мен дегенде әр кез көңілі алаңдап отырушы еді жарықтықтың. Қазақ әнінің бірінде «Анасы бар адамдар ешқашан қартай­майды» деп жатады ғой. Сол сөздің жаны бар екен. Анам дүниеден озғаннан кейін көңі­лім құлазып, әжептәуір «жал­ғызсырап, жетімсіреп» қалдым. Үйге келсем көңілім анамды іздейді, оның жылы сөздерін естігім келеді, алақан табының ыстығын сезінгім келеді. Бәзбір кезде анаңды сағынып, жүрегің езіледі, кейде, тіпті көкірегің қарс айыры­лып, көзіңе мөлтілдеп ыстық жас келеді. Қайран, ана! Сөйтіп жүргенде бірде түнде іссапардан үйге келдім. Есікті өз кілтіммен ашып, ішке ендім. Бала-шаға, жұбайым, інім мен келін, барлығы қалың ұйқы құшағында, кімнің үйге келіп-кетіп жатқанын еш сезер емес. Сол сәтте жарықтық анамның үйде жоқтығын қатты сезіндім. Аяғымды жай басып, асха­­­на­ға еніп, жарықты қосып, шай қойдым. Үстел басында отырып кешегі анам бар кездегі күндерді еске алып, ойым астан-кестен, ішкі дүнием әлем-жәлем болды. Жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймайтындай аттай тулап, бойымда өксік пайда болып, еріксіз жанарларыма ыстық жас келді. Анамның «Келдің бе, балам?..» деген жылы сөзін ести алмағаным жаныма қатты батты. Ана орнын ешкім, ешқашан толтыра, алмастыра алмайтынын сол сәтте терең ұқтым. Көзім мөлтілдеген ыстық жасқа толды, көңілім босап, кеудемді өксік билеп, «аттың басын бос жіберіп», егіл-тегіл жылап, иә, жылап, анамды сағынып, іштегі шерімді бір тарқатып алдым. Кейінгі кезде сиректеу болса да, әлгідей көңіл менде болып тұрады. Анаға деген көңіл, махаббат, сағыныш жас талғамайды-ау деп ойлаймын, – деп еді жасы орта жастан асқан, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп отырған танысым ағынан жарылып, ауыр күрсініп, көзі жасаурады.

Біз біреудің көңілін көтеру үшін жиі айтатын көп тілектің бірі – «Бақытты болыңыз!» сөзі. Орыстың қуыршақ театрының шебер актері, режиссері, пуб­лицист Сергей Образцовтың: «Сенің көмегіңді біреу қажет етіп, мазалап жатса – сол ба­қыт!», деген сөзі жиі есіме келе­ді. Шынын­да, туыс-жақы­ныңызға, таны­сыңызға, заман­дас­­­тарыңызға бір себеппен керек болып жатсаңыз, көме­гіңіз, жәрдеміңіз қажет болып сізді мазалап жатса, онда сіз ба­қыт­тысыз. Өйткені сіз жақын­да­рыңызға, тіршілік етіп жүрген ортаңызға, қоғамға керексіз! Біз кімге керекпіз, кімге керек емес екенімізді білгенде – бұл өмірде жабырқау аз болатын еді. Бұл – біз үшін үлкен олжа.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

дәрігер-хирург, Журналистер одағының мүшесі

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 13:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары