Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Грант кімге бұйырады?

Грант кімге бұйырады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Саннан сапаға

Мемлекеттік грантты көбіміз Үкі­меттің жастарға арналған әлеу­меттік қолдау құралы деп қабыл­даймыз. Десек те, осы қадамның мәні – тере­ңі­рек­те. Ақиқатында мемле­кет­тік грант – елдің алдағы он-он бес жылдық еңбек нарығын, ғы­лыми әлеуетін, экономиканың құры­­лымын айқындайтын страте­гия­­лық инвестиция. Сондықтан грант­тардың санына қоса оның қай ма­мандықтарға бөлінетіні де маңызды.

Осы салмақты дүниені тар­қа­тып жазу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенеміз. Мысалы, былтыр жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан аса грант бөлінді. Сол грантты тағайындайтын конкурсқа 113 мың талапкер өтініш берген еді. 2024–2025 оқу жылына да мемлекеттік тапсырыс көлемі шамамен осындай болған. Биыл 26 мамырда өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бака­лав­риат­қа 75 371 грант бөлінетінін мә­лімдеді, бұған 127 мыңға жуық талапкер таласады. Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.

Грант саны 2 мыңға азайғаны сапаға әсер ете ме? Былтыр толық иге­рілмеген гранттар болды. Сон­дықтан азайтудың жөні мен себебі бар да секілді. Бір жағынан конкурста кейбір мамандықтарға бір орынға екі адам да таласпайтынын ескерсек, гранттың азайғаны бәсекені арттыра түседі. Әлбетте, қол­даудың азаюы – осыған мүд­делі тараптың мүмкіндік аясын тарылтатыны тағы анық. Оның үстіне грант аз қарастырылатын бағыттарға бәсекелестік арта түсетіні белгілі. Дегенмен, грант санының осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен едәуір өскені байқалады. Айталық, 2019–2020 оқу жылында 53 мыңнан аса грант бөлінген. Биыл 5 жыл бұрынғымен салыстырғанда 20 мың орынға көп. Иә, сәйкесінше гранттан үміттілердің де үлесі артып келеді. Қалай дегенмен де бә­секе артқан сайын сан сапаға айна­латын сәттің ауылы жақындай түсетіндей. 

Басымдықтар бәсекесі

Министрлік хабарламасында жа­зылғандай, биыл бөлінген грант­тар­дың 60%-ы инженерлік-техни­калық және ауыл шаруашы­лығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған. Нақты сандарға келетін болсақ, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 19 250; педагогикалық ғылымдарға – 13 738; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 11 662; жараты­лыс­тану ғылымдары, матема­тика және статистикаға – 9 363; ауыл шаруашылығы және био­ресурстарға – 3 145; денсаулық сақ­тау саласына – 2 700; қызмет көр­сету – 2 400; өнер және гума­ни­тар­лық ғылымдарға – 1 915; әлеу­меттік ғылымдар, журналис­тика және ақпарат мамандығына – 1 485; бизнес, басқару және құқыққа – 1 423; ветеринарияға 1 275 грант бөлінген.

Ал былтыр инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 18 846;  педа­гогикалық ғы­лым­дарға – 13 226; ақпараттық-ком­муникациялық тех­но­логия­лар­ға – 11 615; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188; ауыл шаруа­шы­лы­ғы және биоресурстар – 2 379; денсаулық сақтау – 2 700, қызмет көрсету саласы – 2 200; өнер және гуманитарлық ғылымдар ­­­­­­­­1 915; әлеуметтік ғылымдар, жур­налис­тика және ақпарат – 1 485; биз­нес, басқару және құқық – 1 423 грант; ветеринарияға 1 275 грант бөлінген.

Байқағанымыздай, былтырғы­мен салыстырғанда инженерлік сала­ларға, педагогикалық ғылым­дарға, ауыл шаруашылығы мен био­ресурстарға, жаратылыстану ғылым­дарына қарастырылған мем­лекеттік тапсырыс көлемі азай­ған. Қалған салаларға бөлінген грант саны сол қалпында қалғаны көрі­ніп тұр. Грант саны азайған салаларға бәсеке артуы мүмкін. 

Мемлекеттік тапсырыстың сұрауы бар

Біз әдетте гранттар санына ай­рықша мән береміз. Шынды­ғын­да мемлекеттен бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуі – күн тәртібінен түспейтін түйткіл. Осы тұрғыдан алғанда гранттың да сұрауы – оның игерілуі. Жалпы, грант саны, ба­сым­­дықтар да жылдағыдан көп өзгере қоймады. Ал енді еңбек на­ры­ғында сұранысқа ие маман­дық­тарға берілген тапсырыс толық орындала ма? Осы жайтты саралар болсақ, тағы да өткен жылға зер саламыз. Өйткені биылғы гранттың игерілгені туралы ақпарат кейін белгілі болады.

Былтырғы конкурс нәтиже­сінде мемлекеттік білім беру тапсырысының 99%-ы иге­рілген. Бір қарағанда, жаман көрсеткіш емес, алайда кейбір бағыттар назар аударуды қажет етеді. Айталық, 2025 жылы «Серпін» бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлініп, оның 83%-ы игерілді. 2024 жылы да жалпы гранттың игерілуі 99 пайызды көрсеткен. Ал 2023 жылы бөлінген гранттың 5 па­йызы игерілмей қалған. Бірақ бұл гранттар мемлекетке қайтадан қайтарылмады, оны оқуға түсе алмай қалған талапкерлер арасында қайта үлестірді. Демек, кейбір талапкерлерге жаңа мүмкіндік ашылады деген сөз.

Министрлік жыл сайын мем­ле­кет­тік білім беру тапсыры­сын Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі ұсы­натын аналитикалық есепті не­гізге алып бекітеді. Мәселен, сол жо­ға­рыдағы иесіз қалған  5 па­йыз грантты жалпы конкурс бойынша қайта үйлестіріп, ҰБТ нәтижесінде жоғары ұпай жи­наған, бірақ жаздағы конкурс қоры­тындысында грант иегері атан­баған талапкерлерге берілген. Бастысы мемлекеттік тапсырысты орындауға басымдық беріледі. 

Мүмкіндіктер межесі

Сөз басындағы «Грант кімге бұйырады?» деген сұраққа шартты түрде «Бағы мен бабы келіскенге бұйырады» деп жауап беруге болар еді. Бірақ бабы келіскенімен, тәп-тәуір балл жинағанымен, бір орынға 20 адам таласатын маман­дық­қа талпынып, түсе алмай қалған үміткерлер де үмітін үзгісі келмейтін кез келеді. Сондайда қайтпек керек? Әлгінде мүмкіндік деп қалдық. Негізгі конкурстан құлап қалғандарға тағы да жаңа есік ашылуы әбден мүмкін екенін де мысал ретінде көрсеттік. Десе де елі­міздегі талапкерлерге, әсіресе ба­ка­лавриатқа түсушілерге мүм­кін­дік біз ойлағаннан әлдеқайда мол.

Мемлекеттік гранттардан бас­қа не бар? Бірінші мысал – уни­вер­ситетішілік ректор гранттары. Оқу орындары белсенді, оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы ескерілген талапкерлерге арнайы гранттар беріледі. 2025 жылы мұндай гранттардың жалпы саны 2 мыңнан асқан. Екіншісі – жергілікті әкімдік грант­тары. Мұны облыстық, қала­лық әкімдіктер әлеуметтік аз қамтылған немесе сұранысқа ие мамандық иелерін даярлау мақсатында береді. Мысалы, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 1 700-ден көп білім грантын бөлді. Үшіншісі – жұмыс берушілердің арнайы гранттары. Бұл гранттар жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде ұсынылады әрі болашақ мамандарды жұмыспен қамтуды көздейді. Төртіншісі – жеке демеушілер мен қорлардың гранттары. Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры биыл 350 грант ұсынып отыр. «KAZENERGY» қауымдастығы да оқуға төлем жасауда қолдау көрсетеді, «Қаз­атом­өнеркәсіп» ұлт­тық атом ком­паниясы «Murager» білім бағдарламасымен гранттар береді. Бесіншісі – босаған грант. Кей талапкерлер гранттан бас тартып жатады. Осы кезде келесі жоғары балл жинаған талапкерлердің айы оңынан туа-ды. Ал енді бір жағдайда оқу үлгеріміне, басқа да түрлі жағдайға байланысты босаған гранттарды ақылы бөлімде оқуды бастаған студент­терге тағайындайды. Алтын­шысы – елімізде ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына бөлінетін 2 мыңнан аса грант. Жетіншісі – сараланған гранттар. 2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды. Мұнда оқу ақысының 50 пайызын мем­лекет, ал қалған 50 пайызын сту­денттің өз қаражаты немесе жеңіл­детілген оқу несиесі арқылы төлей­тін ішінара қаржыландыру түрі.

Түйін. Үміткерлер алдында ашылған осыншама грант «қақ­пасының» барын білгенде сөз басындағы сұраққа «Грант табанды талапкерге бұйырады» дегің келеді. Грант кімге бұйырса да лайықты иесін табуын тілейміз. Әйтпесе, осыған дейін айтылғандай, елімізде азаматтардың 60 пайызы дипломдағы мамандығымен жұмыс істемейді. Солардың басым бөлігі грантта оқығаны анық. Әрине, бұл – енді басқа мақаланың жүгі, дегенмен материалымыздағы мәселенің түп негізі осы. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары