Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Біз сені жақсы көреміз : Димаштың Мадридтегі концерті жанкүйерлердің басын қосты

Біз сені жақсы көреміз : Димаштың Мадридтегі концерті жанкүйерлердің басын қосты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған DIMENSIONS атты жаңа әлемдік тур аясындағы үшінші концерт болды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Концерт басталардан бірнеше сағат бұрын арена маңына әлемнің түрлі елдерінен Мадридке арнайы келген әншінің жанкүйерлері жиналды. Мерекелік атмосфера қалыптастыру үшін Димаштың Испаниядағы фан-клубының өкілдері жиналған көпшіліктің арасынан киімдеріндегі ашық қызыл түсті элементтерімен ерекшеленіп, ерекше атсалысты.

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы жеке концерті 2025 жылы Stranger әлемдік туры аясында Барселона қаласында өткен болатын. Араға бір жыл салып, өнерпаз Испанияға жаңа концерттік бағдарламасымен қайта оралып, DIMENSIONS шоуын алғаш рет Мадрид көрермендеріне ұсынды.

Концерттің басында Димаш көрермендерге ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ құттықтау сөз барысында әнші жуырда Толедода болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, қайғыларына ортақтасатынын жеткізді.

«Қайырлы кеш, қымбатты достар! Мадридтегі алғашқы концертімізге келген баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын! Бүгінгі кеште әрбіріңізді көргеніме ерекше қуаныштымын. Алайда концертімізді жалғастырмас бұрын, жуырда Толедода болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Осы ауыр қайғыға душар болған барша жанға тілектеспін, дұғам мен жүрекжарды ниетім сіздермен бірге. Қайғыға толы сәттерде қандай сөз айтылса да, жан жарасын толықтай жазу мүмкін емес. Дегенмен музыка адамдарды біріктіріп, көңілге жұбаныш сыйлай алатынына және ешкімнің жалғыз емес екенін сезіндіретініне сенемін. Бүгінгі кеште шырқалатын әуендер жанашырлықтың, ынтымақ пен үміттің символына айналсын. Баршаңызға шын жүректен мың алғыс!» - деді әнші.

DIMENSIONS концерттік бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің вокалист, композитор әрі әндердің авторы ретіндегі шығармашылық әлеуетінің сан қырлылығын танытады. Сонымен қатар ол жаңа әлемдік турға арнайы он жаңа композиция әзірлеген және олардың басым бөлігін өзі жазған.

Шоудың музыкалық тұжырымдамасы поп-музыка, рок, рэп, опералық вокал, фанк, диско және джаз элементтеріне дейінгі түрлі жанрларды тоғыстырады. Жанрлық әралуандық, өзіндік ерекшелігі бар музыкалық өңдеулер мен ауқымды вокалдық партиялар орындаушының авторлық шығармашылығының жаңа қырларын аша түседі.

Концерт бағдарламасына «Dimensions», «Guilty of Your Light», «Somebody Loves You», «Drive On», «Vocalize», «Release My Soul», «Tell Me Why», «Yazgi», «Moonlight» және «Жаңа күн» композициялары енді.

Бұл Мадридтегі жаңа тур аясындағы үшінші концерт болғанына қарамастан, көптеген көрермен DIMENSIONS бағдарламасының репертуарымен жақсы таныс екенін байқатып, жаңа туындыларды орындау барысында әншімен бірге ән шырқады.

Концерт бағдарламасында «The Story of One Sky» композициясы ерекше орын алды. Аталған туынды орындалған сәтте жанкүйерлер Димаш пен оның шығармашылық идеяларын қолдауға бағытталған арнайы акция ұйымдастырды. Көрермендер түрлі тілдерде «Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат» деген жазулар бейнеленген плакаттар мен баннерлерді жоғары көтерді.

Бұл бастама кештің ең әсерлі сәттерінің біріне айналып, Димаштың тыңдармандарының халықаралық ауқымын және оның жанкүйерлерін біріктіретін ортақ құндылықтарды айқын көрсетті.

Концерттің тағы бір жарқын сәті Димаштың әйгілі «Bésame Mucho» әнін испан тілінде орындауы болды. Өнерпаздың тосыннан ұсынған бұл музыкалық экспромты жергілікті көрермендер үшін ерекше тартуға айналып, көпшіліктің ыстық ықыласы мен зор әсерін туғызды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 01:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары