Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Біз үшін Тоқаевтың пікірі маңызды Финляндия Президенті

Біз үшін Тоқаевтың пікірі маңызды Финляндия Президенті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өз сөзінде Александр Стубб Финляндия мен Еропалық одақ үшін Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтіп, қазіргі геосаяси ахуал жағдайында диалогті нығайтудың маңыздылығына баса назар аудартты және энергетика, көлік ықпалдастығы салаларындағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктерін көрсетіп берді.

— Президент мырза, бұл Сіздің Қазақстанға үшінші, бірақ, Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарыңыз. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен кездесу өткіздіңіз. Осы орайда Орталық Азия өңірі аясында Финляндия мен Еуропалық одақ үшін Қазақстанның стратегиялық маңызын қалай бағалар едіңіз?

— Қазақстан көптеген себепке байланысты бірегей маңызды мәнге ие деп санаймын. Біріншіден, елдің Ресеймен 7 мың шақырымнан астамға созылған шекарасы бар. Қытаймен де шектесіп жатыр. Бұл жайт оған Орталық Азияда айрықша рөл береді. Бұл біз үшін Президент Тоқаевтың ахуалға байланысты пікірі маңызды екенін білдіреді.

Осы тұрғыдан алғанда Финляндия мен Қазақстан арасында тек екіжақты қарым-қатынасты дамытып қоймай, сонымен бірге Президент Тоқаевтан еуропалық достарым мен әріптестеріме белгілі бір үндеу жеткізуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл формасын құру маңызды.

— Ынтымақтастық пен саясат тақырыбын жалғастыра отырып, қазіргі геосаяси ахуалды талқыласақ. Өйткені, Финляндия да, Қазақстан да халықаралық тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқаратын Орта державалардың қатарына кіреді. Сіз олардың Шығыс пен Батыс арасындағы осынау тұрақтылықты нығайтудағы және сындарлы диалогке жәрдемдесудегі рөлін қалай бағалар едіңіз? Және де, Сіздің көзқарасыңызша, осы тұрғыдан алғанда екіжақты байланыстарды нығайту келешегі қандай?

— Меніңше, сыртқы саясат әрдайым үш тірекке — құндылықтарға, мүдделерге және билікке сүйенеді. Финляндия мен Қазақстан сияқты орта және шағын державаларда да құндылықтар мен мүдделер бар. Бірақ олардың күш тұрғысынан мүмкіндіктері шектеулі. Әдетте, бұл ірі ойыншылардың артықшылығы. Сондықтан біз қосалқы рөл атқара аламыз.

Біз делдал болып, талқылаулар өткізіп, хабарламаларды жеткізе аламыз. Мәселен, келесі аптада Президент Тоқаев Ақ үйге барады, ал одан кейін бірден - Кремльге. Бұл - Президент Трамптан да, Президент Путиннен де өзекті ақпарат алып, оны басқа тараптарға жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Мен шынында да Финляндияның да, Қазақстанның да өзіндік маңызды рөлі бар деп есептеймін.

— Экономика тақырыбына ойысуға рұқсат етсеңіз. Соңғы уақытта Еуропалық одақ Орталық Азиямен өзара іс-қимылды жандандыра түсті. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Қазақстан Еуропа мен өңір арасындағы энергетикалық және көліктік өзара байланысты дамытуда қандай рөл атқара алады?

— Қазақстан бұл жерде маңызды рөл атқарады әрі мұны екі қырынан қарастырар едім.

Біріншіден, Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі — Еуропалық одақ, екіжақты сауда-саттық көлемі жылына 50 миллиард еуродан асады. Екінші орында — Қытай, үшінші орында — Ресей. Бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы тығыз өзара байланысты көрсетеді.

Екіншіден, Еуропа біртіндеп Ресейдің энергетикалық ресурстарынан — сұйытылған газ (LNG) бен мұнайынан бас тартып жатыр. Бүгінде Ресейден бұндай ресусртарды алу көрсеткіші 80 пайыздан астам қысқарты. Бұл баламалы энергия көздеріне деген сұранысты арттырып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан шешуші рөл атқарады.

— Екіжақты ынтымақтастық тақырыбына келгенде Қазақстан мен Финляндия жүзеге асырып жатқан бірлескен геологиялық жобаны атап өткім келеді. Бұл жоба Финляндияның осы саладағы көшбасшылығын көрсетеді. Сіздің ойыңызша, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ете алатын фин тәжірибесінің тағы қандай бағыттарын атап өтуге болады?

— Егер геология туралы айтатын болсақ, Қазақстанда Еуропалық одақ маңызды деп таныған 34 сирек минералдың шамамен 21 түрі бар. Ал Финляндияда - 14. Геологиялық салада бізде пайдалы қазбалардың сапасын бағалайтын және талдайтын GRK институты жұмыс істейді. Бұл саладағы ынтымақтастық қазірдің өзінде жақсы нәтижелер беріп жатыр.

Екінші сала - сәл өзгешелеу, бұл кванттық есептеу. Ол негізінен жасанды интеллектінің «қан тамыр жүйесі» немесе «жүйке жүйесі» іспетті. Финляндия кванттық технологиялар саласында мол білім мен тәжірибеге ие.

Аппараттық қамтылым тұрғысынан елде кванттық технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі әрі беделді екі компанияның бірі орналасқан. Ол IQM компаниясы. Бағдарламалық салада да жоғары деңгейдегі құзыреттер шоғырланған. Мұнда бірлесіп жұмыс істеу үшін үлкен әлеует бар. Әсіресе суперкомпьютерлерді жасау бағытында. Финляндия бұл тұрғыда жақсы тәжірибе жинақтаған, ал Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі суперкомпьютер орналасқан.

— Финляндияның тұрақты бизнес ортасы мен оның «жасыл» технологиялар, цифрландыру және логистика салаларындағы инновациялық жетістіктерін ескере отырып, фин компанияларының Қазақстанға деген қызығушылығының артқанын байқайсыз ба? Сондай-ақ, аталған салалардан бөлек, инвестициялық ынтымақтастықтың одан ары дамуына серпін беретін тағы қандай бағыттар бар деп ойлайсыз?

— Әрине, қызығушылық бар. Өзіммен бірге 20 фин компаниясынан тұратын делегация келді. Олар — энергетика мен технологиядан бастап ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі және машина жасау салаларына дейінгі әртүрлі бағытта жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар.

Мемлекет басшысы ретінде мен бизнеске нақты қайда және қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес беруден әрдайым тартынамын. Президент Тоқаевпен ортақ міндетіміз — есік ашу. Ал ненің тиімді екендігіне қатысты шешімді компаниялардың өздері қабылдайды.

— Финляндия сегіз жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингісінде бірінші орынды иеленіп келеді. Сіздің ойыңызша, осынау тұрақты нәтижеге қандай факторлар негіз болды?

- Әрине, мен 5,6 миллион финнің бәрінің атынан сөйлей алмаймын. Бірақ меніңше, бірнеше негізгі фактор бар. Біріншісі – біз ғасырлар бойы қалыптастырған қоғамдағы қауіпсіздік пен сенім сезімі. Екіншісі - табиғатпен айрықша байланыс. Біз ормандарымызды, көлдерімізді, архипелагтарымызды, Лапландияны жақсы көреміз. Бұл біздің болмысымыздың маңызды бөлігі. Үшіншісі және меніңше өте маңызды фактор - білім беру. Ол ашықтық пен білімге құмарлықты, әлемде болып жатқан жайттарды түсінуге деген ұмтылысты қалыптастырады. Меніңше, дәл осы үш элемент бақыттың негізін құрайды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ақордада өткен келіссөздердің қорытындысында бірлескен мәлімдеме қабылдады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары