Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бізде мұндай жоқ . Шетелдік Қазақстан мен Германиядағы өмірді салыстырып, не нәрсеге таңғалғанын айтып берді

Бізде мұндай жоқ . Шетелдік Қазақстан мен Германиядағы өмірді салыстырып, не нәрсеге таңғалғанын айтып берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Торстен Гутманн жұмыс ұсынысынан кейін Германиядан Қазақстанға келіп, соңында Астанада қалуға бел буған. Бірнеше айдың ішінде ол сарышұнақ аязға үйреніп, жылқы етінен дәм татып, қазақ тілін үйрене бастады. Шетелдік азамат екі елдегі өмірі туралы Tengri Travel-ге айтып берді.

Астанаға қалай келді?

Торстен Гутманн Астанаға Германиядан 2025 жылдың желтоқсанында келген. Қазір ол көрмелер ұйымдастырумен айналысатын халықаралық компанияда бизнесті дамыту жөніндегі директор болып жұмыс істейді.

Оның айтуынша, Қазақстанға көшу алдын ала жоспарланбаған.

"Шынымды айтсам, бәрі кездейсоқ болды. Мен Германияда Алматыда туып, Астанада мектепте оқыған жұбайыммен бірге тұрдым. Жұмыс бойынша ұсыныс түскенге дейін бұл жаққа көшуді жоспарламаған едік. Жұбайым үнемі: "Мен сені өз еліме қайта алып келу үшін неміске тұрмысқа шыққан жоқпын" деп әзілдейді", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Thorsten Gutmann | Central Asia (@thorsten_gutmann)

Дегенмен, Қазақстанға оралу екеуіне де ұнаған.

"Қазір оған бұл жер өте ұнайды: ол Астананың осыдан 15 жыл бұрынғы кейпінен мүлдем өзгергенін айтады. Біз осында жүргенімізге өте бақыттымыз", - деп ағынан жарылды шетелдік қонақ.

Торстен Қазақстанда алғаш рет 2022 жылы болған. Сапарға дейін ол ел туралы тек жалпылама ақпарат білген: көшпенділер тарихынан, кеңестік кезеңнен және Астананың жас қала екенінен хабардар болған.

Бірақ алғашқы сапары оның Қазақстан туралы түсінігін түбегейлі өзгерткен.

"2022 жылғы алғашқы сапарыма дейін білетінім аз еді. Әрине, көшпенділер тарихы мен кеңес дәуірі туралы, жұбайымның анасы осында тұрып, жұмыс істейтінін және Астананың өте жас қала екенін білетінмін. Бірақ көшіп келген соң бұл жердің қаншалықты ерекше екеніне көзім жетті", - деді ол.

Әсіресе оны заманауи технологиялар мен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлердің ұштасуы таңғалдырған.

"Бір жағынан, Қазақстанда кез келген жерден байқалатын ежелгі дәстүрлер болса, екінші жағынан - бұл ғылыми фантастиканың бүгіннің өзінде шындыққа айналған жері", - деп бөлісті ол.

Бейімделу қалай өтті?

Торстеннің Астанадағы өмірге бейімделуінде ешқандай қиындық туындамаған. Оның айтуынша, қазақстандықтар оны өте жылы қарсы алған.

"Мені әріптестерім, көршілерім, тіпті бейтаныс адамдардың өзі өте жақсы қарсы алды. Ал Instagram-арнамды жүргізе бастағалы бері көшеде де тоқтатып жататындар бар", - деді Торстен.

Орыс тілін білуі де көмектескен - Торстен бұл тілде жақсы сөйлейді, сондықтан алғашқы күннен-ақ адамдармен тіл табыса алған. Ал елорданың қатал қысына үйренуге тура келген.

"Маған шынымен де үйрену керек болған нәрсе - қыста қалай дұрыс киіну керектігі", - деді ол.

Бұл ретте қатты аяз оны қорқытқаннан гөрі, көбірек таңғалдырады екен.

"Минус 30 градуста бәрінің жұмыс істеп тұратыны мені әлі күнге дейін таңғалдырады: автобустар қатынайды, жолдар таңертеңнен бастап тазаланады, балабақшалар мен мектептер ашық. Германияда нөлден бірнеше градус төмен болса, пойыздар мен рейстерді тоқтатуға жеткілікті", - деді Торстен.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Thorsten Gutmann | Central Asia (@thorsten_gutmann)

Көшіп келгеннен кейін оған жетіспейтін жалғыз нәрсе - жұмысқа үнемі велосипедпен бару мүмкіндігі.

Қазақстанда не ұнады?

Қазақстанда тұрған уақыт ішінде Торстен Германиямен салыстырғанда көптеген айырмашылықты байқаған. Әсіресе оған қазақстандықтардың отбасы мен дәстүрге деген құрметі жақын.

"Маған қазақтардың дәстүрді, отбасы мен дінді жоғары бағалайтыны өте ұнайды. Мұнда халық әлдеқайда жас, ал балалы өмірді ұйымдастыру әлдеқайда оңай. Ұлым Астанадағы балабақшаға барғандықтан, мен мұны күн сайын байқаймын", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Thorsten Gutmann | Central Asia (@thorsten_gutmann)

Торстен үшін тағы бір артықшылық - қызмет көрсету бағасы, әсіресе такси. Өзінің видеоларының бірінде ол Астанада бизнес-класспен жүру шамамен 6 еуроға (3200 теңгедей) түсетінін, бұл еуропалық өлшеммен алғанда айтарлықтай арзан екенін айтқан.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Thorsten Gutmann | Central Asia (@thorsten_gutmann)

Дегенмен, баға айырмашылығы барлық жерде бірдей Қазақстанның пайдасына шешілмейді. Кейбір импорттық тауарлар - мысалы, жаңа ауланған балық пен теңіз өнімдері - Астанада Германияға қарағанда едәуір қымбат.

Сондай-ақ оны шетелдік ретінде цифрландыру деңгейі де таңғалдырған. Мәселен, мемлекеттік органдарға барып уақыт жоғалтпай-ақ, бірнеше минут ішінде телефон арқылы қызмет ақысын төлеуге немесе құжаттарды алуға болады. Ал Германияда мұндай мәселелердің көбі әлі күнге дейін қағаз құжаттарды және алдын ала жазылуды талап етеді.

Қазақ тойы мен тағамдары

Торстен қазақ мәдениетімен тек күнделікті өмірде емес, сонымен қатар дәстүрлі іс-шаралар арқылы да таныса алды. Ол қазірдің өзінде екі қазақ тойында болып үлгерді.

"Әрине! Мені ет асуы, биі және отбасының барлық мүшесі ұзақ тілек айтатын екі нағыз қазақ тойына шақырды. Қазақтың тойлары - ғажап дүние", - дейді Торстен.

Ол үшін моншаға бару да ерекше тәжірибе болды.

"Тағы бір ерекше әсер қалдырған сәт - қазақтармен бірге моншаға бару және одан кейін салқындау үшін квас ішу", - деп атап өтті ол.

Ал жылқы етін Торстен алғаш рет көшіп келгеннен кейін дәм татып, оның адал жанкүйеріне айналды.

"Шынымды айтсам, Қазақстанға көшкенге дейін мен ешқашан жылқы етін жеп көрмеген едім. Қазір мен асылған етті өте жақсы көремін. Еті шынымен де дәмді, маған тіпті сиыр етінен де көбірек ұнайды", - деп бөлісті шетелдік азамат.

Қазақ тілі мен музыкасы

Торстеннің қазақ тілін меңгеріп жатқанына үш ай болды. Басшылығы бұл шешімді толық қолдап, курстардың ақысын өзі төлеген.

"Менің мұғалімім тамаша, тіл үйреніп жатқаныма үш ай болды", - деді ол.

Сонымен қатар ол қазақстандық музыкамен танысып жүр. Торстен кейбір әндерді тіпті Германиядағы достарына жібереді.

"Мен әлі де көптеген қазақ музыкасын ашып жүрмін және оларды Германиядағы достарыма жіберемін, сондықтан Alem, Moldanazar және Ayau сияқты әртістердің қазір Еуропада да жанкүйерлері бар", - деді Торстен.

Әрі қарай не болды№

Торстен басында Қазақстанға жұмыс бабымен келген, бірақ уақыт өте келе мұнда ұзақ уақытқа қалуға дайын екенін түсінген. Қазір ол Тұруға ықтиярхат (ТЫХ) алуды ойластырып жүр.

Ол Астананы заманауи мегаполистің қалай өсіп жатқанын өз көзімен көргісі келетіндер үшін өте қызықты қала деп санайды. Әзірге Торстен мұғаліммен қазақ тілін үйренуді жалғастырып жатыр.

Ол ТЫХ алу үшін қажетті тестке шамамен бір жыл ішінде дайындалуды жоспарлап отыр.

"Менің келесі мақсатым - Қазақстанда тұруға ықтиярхат алу. Қазір шетелдіктерге арналған ережелер қатаңдатылды және ол үшін қазақ тілін білу керек, бірақ бір жылдан кейін тест тапсыруға дайын боламын деп үміттенемін", - деді ол.

Қазақстанға көшуді ойлап жүрген шетелдіктерге кеңес

Көшуді енді ғана жоспарлап жүргендерге Торстен қарапайым кеңестерін берді:

Тәуекел етіңіз. Қазір Қазақстанда мүмкіндіктер өте көп - әсіресе IT саласында және цифрлық көшпенділер үшін. Ең алдымен - ЖСН. Салық нөмірінсіз мұнда бірде-бір қадам жасай алмайсыз және ештеңені ресімдей алмайсыз. Қазақ тілін үйреніңіз. Бұл тек құжаттар үшін қажетті ресмилік емес, құрмет көрсетудің және жергілікті ортаға етене араласудың ең жақсы жолы. Ережелер мен қонақжайлылықты құрметтеңіз. Жергілікті дәстүрлерге ашық болыңыз, сонда ел де сізге дәл солай жауап береді.

Тағы оқыңыз: Ұшақтағы кездейсоқ кездесу шетелдікті үш айдан кейін Алматыға акелді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары