Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

Жезқазғанда 29 30 маусым күндері қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

Бизнестегі бюрократия азайды ма? Қаржы вице министрі жауап берді

Бизнестегі бюрократия азайды ма? Қаржы вице министрі жауап берді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазір Қаржы министрлігінің жекелеген цифрлы сервистері біртұтас экожүйеге шоғырландырылып жатыр. Осыған сәйкес кез келген кәсіпкер салық пен кеденнен бастап сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі барлық негізгі процеске бір терезе арқылы қол жеткізеді. Мемлекет пен бизнестің арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері мен саладағы өзге де жаңашылдықтары жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.

− Әсет Нұрланұлы, кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік цифрлы сервистер туралы көп айтылып жатады. Іс жүзінде қандай өзгерістер бар?

− Қарапайым тілмен айтқанда, біз бизнес пен мемлекет арасындағы өзара байланыс тәсілінен іс-әрекеттер, деректер, жүйеге кіру жолдары сияқты барлық артық нәрсені жүйелі түрде алып тастауға кірістік. Бұған дейін әр кәсіпкерге мемлекеттік органдармен бір-бірімен байланысы жоқ түрлі жүйелер арқылы өзара әрекеттесуге тура келді. Олар салық есептілігін басқа жүйемен тапсыруға, кедендік рәсімдерді бөлек платформамен орындауға, сатып алуға мүлдем бөлек жүйе арқылы қатысуға мәжбүр болды. Бұл жағдайда деректердің қайталануы жиілеп, тиісті процестер үйлесімсіз болып, оның нәтижесі мәліметтердің дұрыс және уақтылы тапсырылғанына тәуелді еді.

Бүгінде ведомство түбегейлі басқа модельге ауысып жатыр. Біз, СӘИЖ, Smart Data Finance, Keden, Бірыңғай сатып алу платформасы сынды негізгі жүйелерді біртұтас цифрлы ортаға біріктіруді қолға алдық. Мұнда деректер автоматты түрде жинақталып, қажетті процестер логикалық және бірізді түрде қалыптастырылады.

Саннан сапаға көшу – бизнесті өркендетудің басты шарты

Шындығына келсек, кез келген іскер азамат бұл жүйелердің қалай жұмыс істейтіні туралы бас қатырмауы тиіс. Ол кәсібін қалыпты түрде дөңгелетіп, өз кезегінде мемлекет сапалы сервис ұсынуы қажет.  

− Айтарылықтай нәтиже бар ма?

− Бірінші кезекте іс-әрекет азайып, уақыт үнемделді. Егер де бұрын бір операция бірнеше кезеңнен (растау және күтуді қажет ететін) тұрса, бүгінде көптеген процес автоматтандырылған немесе мүмкіндігінше азайған.

Мысалы, салықты басқару ісінде жүйенің ондаған мың пайдаланушыға қызмет көрсетіп, тұрақты түрде жұмыс істеп отырғанын байқадық. Бұдан да ауқымды санға келсек, 2 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы жүйенің орнықтылығы мен жетілдірілгенін айғақтайды.

Әлбетте, қазір санға емес, сапаға мән беретін кезең, операцияларды өңдеу уақыты еселене түсті. Ал көптеген процедура іс жүзінде өзекті болмай қалды, яғни кәсіпкер оларды байқамайды.

Бұған қоса Smart Data Finance мемлекеттің қолданысында бар деректерді пайдалануға мүмкіндік береді. Демек, бизнеске ақпаратты қайта берудің қажеті жоқ. Жүйе мәліметтерді түрлі көздерден өзі жинақтап алады. Көзге көрінбегенімен бұл шын мәнінде айтарлықтай өзгеріс. Мемлекет бұрынғыдай құжатпен емес, деректермен жұмыс істеп, сапалы қызмет ұсынады.

− Сонда бизнеске қысым төмендей ме?

− Тәсіл өзгереді деп айтар едім. Бақылау тетігі сақталады. Бірақ оның дәлдігі мен мақсаты арта түседі. Дәлірек айтсақ, жаппай тексеру форматынан бас тартып, тек күмән тудыратын операцияларға баса мән беретін модельге көшіп жатырмыз.

Мысалы, электронды шот-фактуралар жүйесінде тәуекелдер анықталған кезде шектеулер автоматты түрде енгізілетін тетіктер іске қосылды. Бұл қосымша араласу мен көшпелі тексерулерді қажет етпейтін, тек деректерді талдау негізінде болатын үдеріс.

Президент: Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс

Нәтижесінде, адал жұмыс істейтін бизнес еш алаңсыз қызметтерін жүргізіп, мемлекеттік ресурстар шынымен де қажетті проблемалық аймақтарға бағытталады.

− Енді кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті туралы айтып берсеңіз, бұл жоба қандай мақсатта қолға алынды?

− Бұл біздің экожүйедегі негізгі элементтердің бірі. Егер де осыған дейін қызметтер жеке дара болып келсе, енді жүйеге кіруге арналған біртұтас нүктені жасауға кірістік. Қазірдің өзінде жүйеде мыңдаған пайдаланушы тіркелген және бұл форматқа сұраныстың бар екенін көріп отырмыз.

Әйтсе де қызметтерді тек біріктірумен ғана шектелетін ойымыз жоқ. Біздің міндет – кабинетті тиімді жұмыс құралына айналдыру. Яғни, кәсіпкер функциялар жиынтығынан бұрын өзінің «цифрлы портретін» көруі керек. Яғни, қандай міндеттемелері мен тәуекелдері бар екенін, қандай операциялар өтіп жатқанын, дамуға немесе қолдау алуға қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын байқайды. Уақыт өте келе бұл жай интерфейс қана емес, шешім қабылдауға көмектесетін толыққанды көмекшіге айналады.

Бұл ретте кабинетті жаңғырту жұмысы пайдаланушылармен арадағы кері байланысты міндетті түрде ескере отырып жүргізілетінін айта кетейік, олардың тәжірибесі мен сұраныстары бізге сервисті жайлы әрі пайдалы етуге көмектеседі.

− Мемлекеттік сатып алу саласында қандай өзгерістер бар?

− Аталған салада бизнеске қарастырылған айтарлықтай жаңашылдықтар бар. Уақыт үнемдеу туралы айтады деп ойласаңыз қателесесіз. Әрине, процедуралардың мерзімі қысқарғаны жақсы. Бірақ жүйенің өзі түсінікті және болжамды бола бастағаны бұдан да маңызды.

Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?

Қазір сатып алулар түрлі алаңдардың деректері интеграцияланған Бірыңғай сатып алу платформасында шоғырландырылған. Бұл бизнеске нарыққа жылдам бейімделіп, процедураларға қатысуды жеңілдетеді.

Мұнымен қатар аналитикалық қабат жолға қойылды. Мысалы, Баға деректер базасы жүздеген мың тауар позициясы мен чектердің үлкен массиві туралы ақпаратты жинақтайды. Кәсіпкерге бұл субъективті бағаға емес, нақты нарықтағы бағаға назар аударуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ашықтық артып, тиімсіз шешімдердің қаупі сейіледі.

− Кеден қызметінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтсеңіз.

− Бұл саладағы өзгерістерді сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары тағатсыздана күтетіні рас. Аталған бағыттағы негізгі жобаларымыздың бірі – Keden жүйесі. Онда қазір алдын-ала хабарлаудан бастап, транзит және тауарларды рәсімдеуге дейінгі миллиондаған операция өңделіп жатыр. Осы ретте жүйенің басқа сервистермен белсенді интеграциясы жасалып жатқанын айта кеткен маңызды. Яғни, мәліметтерді әр кезеңде қайта енгізудің қажеттілігі келмеске кетіп, ол енді автоматты түрде жинақталады.

Одан басқа процедуралардың уақыты қысқарып, жұмыс процесінің болжамдығы күшейе түсті.

− Цифрландыру мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді жеңілдетті ме?

− Бұл бағытта ашықтық пен басқару мәселесіне жіті көңіл бөліп келеміз. Мәселен, Baqylauda жүйесі мемлекеттік қолдау шаралары бойынша субсидиялардан бастап салық жеңілдіктеріне дейінгі ақпаратты біріктіріп, олардың саны бүгінде 160-тан асады. 

Бұрын бұл қолдау шаралараның едәуір бөлігі бытыраңқы күйде болатын. Ал кейбіреулері қағаз түрінде ұсынылып келген. Бүгінде оларды цифрлы контурға ауыстыруды қолға алдық. Бұл қалыптасқан жағдайды толық бағамдауға (кім қолдау алады, қандай көлемде, оның әсері қандай) мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе бизнеске түсінікті болып, қажетсіз бюрократия тежеледі.

− Кәсіпкерлерді алда не күтіп тұр, келесі қадамды қай бағытта жасауды көздеп отырсыздар?

− Артық әрі қажетсіз «іс-қимылдар» біртіндеп жойылады. Түрлі тексерістер, декларациялар мен хабарламаларды толтыру сынды көптеген процестер автоматты түрде жүреді. 

Бұдан бөлек «Тауарлардың ұлттық каталогы» жобасы да дамып келеді. Бүгінде бұл түрлі жүйелерде қолданылып жатқан ондаған млн тауар позициясын білдіреді. Бұл бірізді мәліметтер тізбесін қалыптастыруға жол ашады. Деректер тұтастай болған жағдайда қажетті процестер де тез әрі дәл бола бастайды.

Қысқаша пайымдасақ, біз мемлекет қосымша жүктеме салмайтын жүйені құруға бағыт алдық. Былайша айтқанда, бизнес пен мемлекеттің өзара байланысы әжептәуір уақыт пен күш-жігерді талап етпейтін, тиісті процестердің автоматты түрде жүріп, кәсіпкердің бар назары өз қызметінде болатындай жайлы жағдайды жасауға басымдық беріп отырмыз.

− Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see116

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see116

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see113

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see112

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see111

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see111

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see110

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see110

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see110

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see109

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see109

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see108

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see108

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see108

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see105

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see104

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

29 Маусым 2026 14:21see101

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

29 Маусым 2026 23:53see100

Жезқазғанда 29 30 маусым күндері қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

29 Маусым 2026 14:31see98

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

29 Маусым 2026 12:08see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары