Болашақ архиві цифрлық экожүйеге сүйенеді
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының архившілер күні. 1998 жылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылдануымен тұспа-тұс келген бұл атаулы дата – біздің кәсібіміздің және құжаттық мұраның тарихи маңыздылығының мемлекеттік деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі. Төл мереке қарсаңында біз құжат жадының рөлі мен маңызына қайта үңіліп қана қоймай, жасанды интеллект дәуірінің сала алдына қойып отырған жаңа стратегиялық міндеттерін зерделейміз.
Цифрлық мемлекет және архив: жаңа белес
Бүгінде цифрлық трансформация мемлекеттік дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналып, қоғам өмірінің барлық саласына дендеп ене бастады. Еліміздің цифрлық мемлекет құру және жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу жөніндегі стратегиялық бағдары аясында архивтердің рөлі де жаңа сипатқа ие болып жатыр. Архив және құжаттама инфрақұрылымын жаңғыртудың бағыт-бағдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты бағдарламалық ұстанымдарда көрініс тапты. Сонымен қатар, Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Ұлттық цифрлық архив құру туралы тапсырмасы мәдени-тарихи мұраны цифрлық форматта жүйелеуге, еліміздің жаһандық ақпараттық кеңістіктегі рөлін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектінің енгізілуі ақпаратты басқару тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды қажет етеді. Бұл – архив саласы үшін жай ғана электрондық құжаттарды сақтаудан деректерді басқарудың тұтас жүйесін трансформациялауға көшуді білдіретін сапалы қадам. Ендігі жерде архивтер ақпараттың сақталуының, түпнұсқалығының және басқарылуының стратегиялық кепілі ретінде мемлекеттік маңызды міндеттердің тиімді орындалуына тікелей ықпал етеді.
Біріншіден, мемлекеттік үдерістерді цифрландыруды құжатталған ақпаратпен кешенді жұмыс жүргізусіз елестету мүмкін емес. Архив қорлары мемлекеттік басқаруда да, жасанды интеллект технологияларын дамытуда да сұранысқа ие ең ауқымды әрі жан-жақты ресурс болып саналады. Цифрландыру, жүйелеу және цифрлық инфрақұрылымға кірігу арқы-лы архивтер құжат айналымының соңғы буыны болудан, цифрлық мемлекеттің белсенді элементіне – заманауи басқару және талдау жүйелері үшін өте қажетті құрылымдалған әрі верификацияланған деректер жеткізушісіне айналады.
Екіншіден, жасанды интеллектіні сәтті енгізу ауқымды, репрезентативті және мәдени мазмұны бай деректерді талап етеді. Мәтіндерді, визуалды және аудиоматериалдарды, іс жүргізу кешендерін қамтитын архив қорлары қажетті «оқыту ортасын» қалыптастырады. Тек осы ресурстар негізінде ЖИ модельдері тарихи контексті, мәдени ерекшеліктерді, әлеуметтік үдерістер мен Қазақстанның тілдік ортасын дұрыс бейнелей алады. Басқаша айтқанда, қазақстандық контентке бағдарланған сапалы отандық ЖИ модельдерін жасау архив саласының қатысуынсыз мүмкін емес.
Үшіншіден, архив инфрақұрылымын кешенді жаңарту Мемлекет басшысының ел әлеуетін барлық салада толыққанды күшейтуге бағытталған негізгі стратегиялық басымдықтарымен үндеседі. Инфрақұрылымды жаңғыртып, бірыңғай цифрлық платформа құру – ақпараттық егемендік кепілі әрі ұлттық қауіпсіздіктің негізі. Осылайша, архивтер өткеннің сақшысы ғана емес, тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті нығайту жөніндегі ұзақмерзімді мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың қуатты құралына айналып отыр.
Зияткерлік технология – саланың жаңа көкжиегі
Әлемдік трендтер мен ұлттық басымдықтар аясында архив ісіне жасанды интеллект пен ауқымды деректерді (Big Data) талдау технологияларын кеңінен енгізу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Әңгіме құжаттарды автоматтандыру, жіктеу, индекстеу және сипаттау үшін зияткерлік жүйелерді пайдалану, сондай-ақ Ұлттық архив қорын кеңінен насихаттау мен қолжетімді ету мақсатында қоймаларды виртуалдандыру туралы болып отыр. ЖИ және Big Data құралдары құжат кешендерін жай сақтап қана қоймай, оларды терең талдауға – жасырын заңдылықтарды, үдерістердің динамикасы мен тақырыптық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
ЖИ енгізу қорларды өңдеу мен деректерді басқару сапасын арттырудың орталық ресурсы ретінде қарастырылады. Зияткерлік жүйелер ғылыми-анықтамалық аппарат пен іс жүргізуге қатысты біркелкі әрі қайталанатын операциялардың едәуір бөлігін өз мойнына алады. Бұл архившілердің жүктемесін азайтып, олардың назарын жоғары біліктілікті талап ететін талдамалық, сараптамалық және ғылыми зерттеу жұмыстарына аударуға жол ашады.
Цифрлық ортада архившілердің рөлін арттыру жаңа заңнамалық бастамалармен бекітілуде. Жасанды интеллект туралы қабылданған Заң және Цифрлық кодекстің әзірленуі электрондық құжаттармен толыққанды жұмыс істеудің, тану, автоматты жіктеу, зияткерлік іздеу, архив деректерін қорғау мен жіктеу ісінде ЖИ технологияларын заңды пайдаланудың, сондай-ақ архивтерді бірыңғай мемлекеттік цифрлық экожүйеге қосудың құқықтық негіздерін қалыптастырады. Мұның бәрі жиынтығында архивтерге тек қор сақтаушы рөлін емес, мемлекеттің цифрлық жады мен тарихи мұрасын кәсіби басқарушы мәртебесін бекітуге мүмкіндік береді.
Цифрлық трансформация жетістігі кадрларға да байланысты
Ғасырлар қойнауынан бастау алатын архивші мамандығы өзінің іргелі сұранысқа ие болу қасиетін жоғалтпайды. Дегенмен цифрлық мемлекет дәуірінде ол терең трансформацияны бастан кешіруде: архив ісінің болашағы мамандардан дәстүрлі архивтік білім мен цифрлық өңдеу дағдыларының, жасанды интеллектімен жұмыс істеу және деректерді стратегиялық басқару икемділіктерінің синергиясын талап етеді.
Бүгінде цифрлық сауаттылық пен трансформация идеялары абстрактілі стратегия болудан қалып, әрбір архивші үшін нақты міндеттерге айналып, маманның жаңа келбетін қалыптастыра бастады.
Демек заманауи архивші мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін, қажетті IT-құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болуға тиіс. Осы ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін IT-сектормен, жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтаса отырып, кадрларды жүйелі қайта даярлауды және модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуіміз керек. Осылайша, архившілер Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық бағытқа толық сай келетін мемлекеттік ақпараттық активтерді басқару жөніндегі жетекші мамандар ретіндегі рөлін бекемдейді.
Білім беру жобалары және кәсіби ынтымақтастық
Президент Архиві «архивтік сананы» қалыптастыруға, зерттеушілік дағдыларды дамытуға және жастарды тарихи дереккөздермен жұмыс істеуге тартуға үлкен мән беріп отыр. Бұл бағытта «ArchiveSPACE» жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған бұл жоба жас буынды архив қызметімен егжей-тегжейлі таныстыруға және тарихи-құжаттық мұраны сақтаудың өмірлік маңыздылығын түсінуге бағытталған.
Кәсіби кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы ретінде Президент Архиві Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп, архив қызметкерлері білім алушылардың өндірістік, дипломалды, ғылыми зерттеу практикаларының барлық түріне, сондай-ақ дипломдық және магистрлік жұмыстарына жетекшілік етеді. Тағылымдама барысында бейінді мамандықтардың түлектері архив ісі саласындағы практикалық жұмыс дағдыларын игереді.
Бүгінде Президент Архиві респуб-ликадағы архив ісінің әдіснамалық және ғылыми-зерттеу орталығы болуға ұмтылуда. Тасымалдаушыларды архивтеу әдіснамасынан бастап, ғылыми тәсілдерге негізделген ақпаратпен жұмыс істеу әдіснамасына дейінгі жаңа инновациялық шешімдер, соның ішінде қолданбалы және перспективалы зерттеулер енгізіліп жатыр.
Еліміздегі архив саласының ғылыми-әдістемелік орталығы ретіндегі архив рөлінің нығаюының дәлелі ретінде «Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін қазіргі заман тарихының құжаттарымен жинақтау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ұжымдық монографияның жарық көргендігін айтуға болады.
Жаңғыру логикасы мен кәсіби қоғамдастық күш-жігерін біріктіру қажеттілігінен туындаған тағы бір бастама – Президент Архиві құрған Сарапшылар клубы. Бұл мамандандырылған алаң архив ісін дамытудың ең өзекті мәселелерін ашық талқылауға және бірлесіп шешуге арналған. Клубтың міндеті тек пікір алмасумен шектелмейді, сонымен қатар метадеректерге қатысты бірыңғай тәсілдерді тұжырымдаудан бастап, цифрлық архивтерді реттеудің құқықтық тетіктерін әзірлеуге дейінгі нақты, практикаға бағдарланған және бейімделгіш шешімдерді жасақтауды көздейді. Мұндай бастама цифрлық жаңғырту міндеттеріне толық сәйкес келеді және трансформация үдерістеріне белсенді араласуға дайын кәсіби қоғамдастықтың қалыптасуына септігін тигізеді.
Әлемдік тәжірибе және әріптестік көкжиегі
Архив тарапынан бірқатар маңызды халықаралық бастамалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Жас архившілердің жазғы мектебі, мұнда жас мамандар білімін шыңдап, өзара тәжірибе алмасады. Бұл жоба 2017 жылдан бері Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Биыл мектепте Қазақстанның 14 өңірінен және жақын шетелдерден 100-ден астам маман білім алса, ашылған сәттен бергі сегіз жыл ішінде 1 200 жас архивші қатысты.
Халықаралық өзара іс-қимыл мен жан-жақты ынтымақтастықтың тағы бір форматы – Президент Архиві базасында екі жылда бір рет өткізілетін архившілер конгресі. Өткен жылы оның жұмысына 20 елден келген жетекші ғалымдар мен архив ісінің мамандары қатысты.
2026 жылдың жазында «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) III Архившілер конгресін өткізу жоспарлануда. Бұл формат арнайы архив қажеттіліктері үшін әзірленген озық IT-шешімдерді, соның ішінде ЖИ өнімдері мен сервистерін практикалық тұрғыда көрсетуге және сынақтан өткізуге бірегей мүмкіндік береді. Сессиялық іс-шараларда қарқынды дамып келе жатқан архивтік экожүйелерді дамыту стратегияларына, архивтерде жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне, саланың қазіргі сын-қатерлері мен болашағына арналған өзекті мәселелер ортаға салынады.
Түйін орнына
Алдымызда тұрған цифрлық трансформация кезеңі – бүкіл архив саласы үшін күрделі әрі көпқырлы сынақ. Аталған мәселелерге кешенді және байыпты көзқарас қана тәуекелдерді азайтып, реформалардың орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Стратегиялық міндеттер мен мамандықтың жаңа келбетін қалыптастыру қажеттілігі аясында әрбір архивші еліміздің цифрлық және зияткерлік болашағын құруға өзінің баға жетпес үлесін қосуда. Бұл – біздің өткен алдындағы ортақ парызымыз және жарқын болашақтың берік іргетасы.
Әлия МҰСТАФИНА,
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
Президент • Бүгін, 11:37
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді
Президент • Бүгін, 11:20
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Президент • Бүгін, 11:02
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Президент • Бүгін, 10:43
Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 10:40
Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 10:37
Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды
Президент • Бүгін, 10:30
Президент • Бүгін, 10:22
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 10:13
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 10:03
Өнер • Бүгін, 10:00
Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы
Қоғам • Бүгін, 09:55
Өнерге жаңалық енгізген дара тұлға
Мәдениет • Бүгін, 09:50
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады
Білім • Бүгін, 09:40
Футбол индустриясын дамыту – уақыт талабы
Спорт • Бүгін, 09:35
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 11:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















