Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Ауқымды фестиваль өтеді

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының барысы талқыланды. Сондай-ақ келер жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды.

Тиянақтылық бюрократияға жол бермейді

Мемлекет басшысының қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қаржы секторын реттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Парламент бірқатар негізгі заң жобасын қабылдағаны мәлім. Үкімет отырысында заң жобалау жұмысының қорытындылары туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев хабарлады. Оның айтуынша, 2025 жылға арналған жоспар толығымен орындалған. Әлеуметтік маңызды бастамаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, Парламент 5 заң қабылдап, Президентке қол қоюға жолдаған. Олардың қатарында құқық бұзушылықтың алдын алу, банктер мен банк қызметі туралы құжаттар бар. Бұған қоса Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру мәселе­лері­не қатысты түзетулер мен үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюд­жетті қоса алғанда, 3 заңға қол қойды. Қазір Мәжілістің қарауында 14 заң жобасы жатыр.

«Бұл – Мемлекет басшысының тіке­лей тапсырмасы бойынша әзірленген қоғам үшін маңызды заңдар. Барлық енгізілген жобаларды қоса алғанда, 2025 жылға арналған жоспар орындалды», деді Е.Сәрсембаев.

Оның айтуынша, келесі жылғы жоспарда 12 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, олардың негізгілері нақты әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Әлеуметтік қорғау саласында тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң, сондай-ақ еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйе­сіне түзетулер әзірленген. Бұған қоса мемлекеттік мүлік мәселелері бо­йынша түзетулер, онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері туралы заңнама дайындалып жатыр. Өнеркәсіп блогінде мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын енгізу жоспарланған. «Парламентке алдағы бірінші жартыжылдықта – 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізуді жоспарладық. Президенттің әлеуметтік салаға да, цифрлық дамуға да қатысты тапсырмасын сапалы пысықтауға басымдық берілді», деді министр.

Премьер-министр жыл бойы атқарылған жұмыстарды таратып айтты. «Биыл маңызды заңнамалық бас­тамалар қабылданды. Медициналық сақтандыру, құқық бұзушылық профилактикасы, баламалы энергетиканы дамыту, инвестициялық қорларды реттеу мен басқа да маңызды бағыттар бо­йынша бірқатар заң жобалары әзірленіп, Парламент қарауына енгізілді», деді О.Бектенов.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты қабылданған шаралар әр азамат үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасының ережелері капитал нарығын одан әрі тиімді дамытуға ықпал етеді. Бұған қоса белгіленген мерзімдердің сақталуына қатысты мәселелер де бар. Мысалы, денсаулық сақтау туралы заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімінен 30 күнге кешіктірілді.

«Мұндайды доғару қажет. Мемле­кеттік органдардың бірінші басшылары заң жобалау жұмыстары жоспары­ның уақтылы іске асырылуын тікелей бақы­лауда ұстауға тиіс. Сондай-ақ бірқа­тар жобаға Үкімет Аппараты мен Пре­зи­дент Әкімшілігінің ескертулерінен кейін көп өзгерістер енгізіліп, қайта пысық­талады», деді Үкімет басшысы.

Жалпы алғанда, осы жылға арналған заң жобалары Парламент қарауына енгізілді. Демек жоспар орындалды деп санауға болады. Үкімет келесі жылы заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік саланың маңыз­ды аспектілеріне қатысты негізгі бағыт­тарына баса мән беретін болады. Соның бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру.

«Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамы­ту­дың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамта­масыз ететін заңнамалық бастамалар бар», деді Премьер-министр.

Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген. Осыған байланысты мына мәселелерге назар аудару қажет. Бірінші, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары әрбір заң жобасы­ның сапалы әзірленуі мен олардың Мәжіліс­ке уақтылы енгізілуін қатаң бақы­лауда ұстауға тиіс. Екінші, мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек.

 

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Ұлттық құраманың үлкен сынға дайындығы

Келер жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары әлем назарын өзіне аударатын айтулы спорт мерекесі болмақ. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы дүбірлі додаға Қазақстан ұлттық құрамасының дайын­дық барысы туралы кеңінен баяндады.

Министрдің айтуынша, 6-22 ақпан аралығында өтетін Олимпиадаға 93 елден шамамен 3 мың спортшы қатысып, 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Еліміздің құрамасы спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығында бақ сынауды көздеп отыр. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары мен қоссайысы, трамплиннен секіру, сондай-ақ фристайлдың могул мен акробатика бағыттары бар. Ұлттық құраманың саны шамамен 35 спортшы болады деп күтілуде.

Қазір отандық спортшылар Олим­пиада лицензияларын кезең-кезеңімен жеңіп алуда. Мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоров екі жеке ресми лицензияға ие болса, шорт-тректен – 9, конькимен жүгіруден 12 жолдама алынған. Бұл – Пекин-2022 ойындарында 34 спортшы қатысқан көрсеткішпен шамалас деңгей.

Министр елімізде қысқы олимпиа­далық спорттың 13 түрі жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде республика бойынша қысқы спортқа арналған 1262 спорт нысаны жұмыс істейді. Соның нәтижесінде қысқы спортпен тұрақты айналысатын азаматтар саны 149 мыңға жетіп, спорт мектептерінде тәрбиеленіп жатқан балалар мен жасөспірімдер қатары 17 мыңды құрады. Ұлттық құрама халықаралық жарыстардағы нақты нәтижелер негізінде жасақталады.

Халықаралық аренада жоғары жетістікке жеткен спортшылар да ерекше аталды. Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпио­ны атанып, ересектер арасында қола жүлде иеленді. Михаил Шайдоров әлем чемпионатында күміс жүлдегер болса, Софья Самоделкина әйелдер арасындағы Гран-приде ел тарихындағы алғашқы күмісті жеңіп алды. Шорт-тректен Денис Никиша, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин, фристайл-акробатикадан Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановтың нәтижелері де ұлттық құраманың әлеуетін айқындай түседі.

Олимпиадаға сапалы дайындық үшін кешенді жоспар жасалып, 178 оқу-жаттығу жиыны өткізілген. Спортшылар 125 халықаралық жарысқа қатысып, дайындыққа барлығы 13,3 млрд теңге бағытталған. Ұлттық құрамамен әлемдік деңгейдегі 13 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші жұмыс істеп жатыр.

Бұған қоса XIV қысқы Паралимпиада ойындарына дайындық та назардан тыс қалмаған. Милан мен Кортинада өтетін бұл додада Қазақстан парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан өнер көрсетпек. Қазірдің өзінде 7 спортшы 10 лицензия жеңіп алып отыр.

Үкімет басшысы Олимпиада ойындары еліміздің халықаралық имиджін нығайту ісінде өте маңызды рөл атқаратынына тоқталды. «Спортшы­ларымыз әлемнің басты байрақты бәсекелеріне өздері мен тәлімгерлерінің табанды еңбегінің нәтижесін ғана емес, бүкіл ұлтымыздың абыройын қорғау үшін барады. Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамыту әр кез басымдыққа ие болып қала беретінін айтып келеді. Сондықтан елімізде спортты дамыту бағытында кешенді шара қабылданып, спортшы­лардың сапалы даярлануы үшін тиісті жағдай жасалып жатыр. 2023–2025 жылдары осы мақсатқа бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді», деді ол.

Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін елімізде қажетті базалық инфра­құрылым мен қолайлы климаттық жағдайлар бар.

Бұл орайда салалық спорт федерация­лары басты рөл атқарады. Бұған қоса ұлттық командалар, жаттықтырушы­лар құрамы мен спорт резерві жасақ­талып, нақты спорт түрлерін дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы айқындалады. Өткен жылы Канвон қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың табысты өнер көрсетуін спорт резервін даярлаудың маңызды нәтижесі ретінде бағалауға болады.

«Бұл жетістікті алда Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында одан әрі нығайтып, еселей түсу қажет. Жалпы, спортшылардың ішкі тәртібі, табанды, алғыр әрі нағыз командалық рухы оларды жеңіс жолына жетелейді деп сене­міз. Жаһандық додада әділ сайыс, мық­ты ерік-жігер мен үздік нәтиже тілей­міз! Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің қайсар рухымен спортшылардың жігерін жанып, жеңіске ынталандырады», деді О.Бектенов.

Еліміз спортшыларды мақтан тұтып, зор сенім артатынын жеткізген Үкімет басшысы, байрақты бәсекенің басталуына санаулы күндер қалғанын еске салды. «Барлық дайындық шаралары толық көлемде аяқталуы қажет. Осыған байланысты бірқатар тапсырма беремін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Саясат • Бүгін, 09:20

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Саясат • Бүгін, 09:15

Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда

Саясат • Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:07

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Саясат • Бүгін, 09:05

Қаржыны тиімді басқару – даму кепілі

Қаржы • Бүгін, 09:00

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Экономика • Бүгін, 08:55

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Қоғам • Бүгін, 08:45

Жас параспортшы-боччистермен кездесті

Қоғам • Бүгін, 08:43

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40

Парламенттік реформа жайы талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:38

Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы

Digital • Бүгін, 08:35

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Саясат • Бүгін, 08:33

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see141

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see117

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see117

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see117

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see116

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see116

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see116

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see113

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see110

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see109

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see108

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see107

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see107

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see106

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see106

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары