Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Бөліп төлеу батпан құйрық емес...

Бөліп төлеу батпан құйрық емес...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазір кейбіреулер бір тауарды аларда оның толық бағасын емес, ай сайын қанша төлей­­тінін есеп­тей­­ді. Бөліп төлеу­ге жүгінеді. Қал­тадағы қара­жат­­­тан гөрі ал­дағы жалақыға сену үй­реншікті іске айналды. Бір қарағанда ыңғайлы кө­рі­не­тін бұл үрдіс на­рық­тағы бағаға, адам­дар­­дың мінезіне, мемле­кеттік реттеуге әсер етіп отыр. 

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Кейінгі жылдары отандас­та­ры­мыздың қарыз алу тәсілі айтарлықтай өзгерді. Бұрын банкке барып, классикалық несие рәсімдеу басым болса, қазір дүкеннен шықпай-ақ бөліп төлеу арқылы тауар алу үйреншікті жағ­дайға айналды. Мысалы, былтыр бөліп төлеу арқылы 2,4 трлн теңгеге тауар алынған.

Ұлттық банктің дерегіне қара­ған­да, мұндай қарыз бүгінде тұты­ну­шы­лық несиелердің шамамен бестен бір бөлігін құрап отыр. Осы үрдіс реттеушіні бөлшек кредит нарығына қайта үңілуге мәжбүр етті. Қазір елде кредиті бар адамдардың саны аз емес. 2025 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша, кредит регистрінде 7,71 млн отандасымыз тіркелген. Олардың мойнындағы жалпы қарыз көлемі 23 трлн теңгеге жуық. Бұл ел экономикасының шамамен 16 пайызына тең. Қазір бөліп төлеуді 4,9 млн адам пайдаланып отыр. Бөліп төлеу арқылы алынған қарыздардың басым бөлігі қысқа мерзімге рәсімделеді. Мұндай қарыздардың үштен екісі 1 жылға дейінгі мерзімге берілген. Ал шамамен 30 пайызы 2 жылға дейін созылады.

Деректерге қарасақ, бөліп төлеу халықтың күнделікті өміріне мықтап еніп алған. Қазір бір тауарды сатып алу үшін қалтада толық ақша болуы шарт емес. Бүгін аласың, ертең төлейсің. Экономист Руслан Сұлтанов бұл құбылысты сырттай қарағанда тартымды, ал ішіне үңілсең, экономикаға салмақ салатын құрал деп бағалайды.

«Адамға бөліп төлеу неге жақсы көрінеді? Ай сайынғы төлем аз. Сондықтан бәрін бақылауда ұстап отырамын деген сезім бар. Пайыз жоқ деп айтылады, демек артық төлем жоқ сияқты. Ақша жоқ, бірақ тауар бар. Бұл – өте тартымды формула. Алайда осы жайлылықтың артында көрінбейтін салдар бар. Адамдар тауарды мүмкіндігі болғандықтан емес, бөліп төлеу құтқарады деген оймен сатып алады. Нәтижесінде, нарықта шынайы емес сұраныс пайда болады. Сұраныс өсті деген дабылды көрген сатушы бағаны көтереді. Осылай инфляция іске қосылады», дейді экономист.

Екінші маңызды мәселе ретінде экономист нарықтың психологиясын айтады. Уақыт өте келе дүкендер сатып алушының бүгін емес, кейін төлейтінін қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды.

«Негізгі мақсат тауарды өткізуге айналады. Баға қанша екені маңызды болмай қалады. Айына 10 мың төлейді ғой деген оймен бағаны көтере салады. Бұл жерде баға өндіріс шығынына емес, адамның әлсіздігіне байланысты өседі. Үшінші мәселе – бөліп төлеудің жасырын шы­ғындары. Көп жағдайда нөл пайыз деп көрсетілгенімен, бұл шығындар тауардың ішіне алдын ала енгізіледі. Банк комиссиясы бар, сақтандыру бар, төлем кешіксе болатын шығын бар. Мұның бәрі сатушы үшін тәуекел. Ал ол тәуекел міндетті түрде бағаға қосылады. Сондықтан 0% деген – математикалық шындық емес, маркетингтік тәсіл», дейді сарапшы.

Р.Сұлтанов тағы бір маңызды нәрсеге назар аударады. Қоғамда адамдар болашақтағы табысына сүйеніп өмір сүре бастағанда, қазіргі ақша айналымы қысқарады. Экономист мұны қарапайым мысалмен түсіндіреді. Бір телефонды қолма-қол алсаң, бағасы – 250 мың теңге. Ал «0-0-12» формасымен алсаң, сол телефон 299 мың теңге болып шығады. Ай сайынғы төлемге қарап, көп адам бұл айырмашылықты байқамайды. Ал жарты жылдан ке­йін өндіру­ші сұраныстың артқанын көріп, бағаны тағы көтереді.

Ал қаржыгер Сұлтан Елемесовтің сөзінше, бөліп төлеу ресми түрде кредит деп аталмауы мүмкін, бірақ мәні жағынан ол сол тұтынушылық қарыздың өзі. Көп жағдайда адамдар бір нәрсені байқамайды. Бөліп төлеуде банкке комиссияны сатып алушы емес, дүкен төлейтіндей көрінеді. Бірақ іс жүзінде ол комиссия бәрібір тұтынушының қалтасынан шығады.

«Маркетплейстердің бірі банкке 14-16% аралығында комиссия төлейді. Әрине, бұл ресми түрде жарияланбайды. Құжатта бәрі таза. Бірақ дүкен сол комиссияны тауар бағасына қосып қояды. Ресми түрде бұлай жасауға болмайды, бірақ біз қағазды емес, нақты тәжірибені айтып отырмыз ғой. Ең қызығы да осы жерде басталады. Комиссия 14% болып көрінгенімен, нақты тиімді мөлшерлеме әлдеқайда жоғары шығады. Себебі адам ақшаны бірден емес, біртіндеп төлейді», дейді Сұлтан Елемесов.

Байқап отырғанымыздай, кейінгі жылдары BNPL арқылы тауар алу кеңінен тарады. Бірақ мұндай қарыздардың басым бөлігі ресми кредит ретінде есептелмей келді. Соның салдарынан адамның нақты қарыз жүктемесі кредит тарихында көрінбеді. Банктер де бұл ақпаратты ескере алмады. Енді мемлекет осы олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр.

Алдағы өзгерістер туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Оның сөзінше, бүгінде бөліп төлеу екі үлкен бағытқа бөлінеді. Біріншісі – екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін бөліп төлеу. Бұл сегмент заңмен реттеледі. Екіншісі – сатушылардың өздері беретін бөліп төлеу. Бұған автосалондар, құрылыс компаниялары, маркетплейстер, өзге де бизнес өкілдері кіреді. Бұл бағыт мүлде реттелмеген.

«Адам бөліп төлеу рәсімдеген кезде іс жүзінде кредит алады. Бірақ заң жүзінде бұл кредит болып саналмайды. Қарыз бар, төлеу міндеті бар, бірақ ол кредит бюросында көрінбейді. Банк те адамның нақты жүктемесін көрмейді. Бұл дұрыс емес. Егер біз халықтың шамадан тыс қарызға батуын шектегіміз келсе, қарыздың толық картинасын көруіміз керек», дейді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Акылжан Баймағамбетов бұл жұмысты жүзеге асыруда негізгі рөлді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атқаратынын нақтылады. Айтылған өзгерістің мәні қарапайым. Банктер бермеген бөліп төлеулер де енді кредит бюроларына жіберіледі.

«Қазір адамдардың қарызының бір бөлігі көлеңкеде қалып отыр. Ол көрінбейді. Соның салдарынан адамдар мүмкіндігінен көп қарыз жинап алады. Макропруденциялық шаралар дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық қарызды көруіміз керек. Өте маңызды», деп түсіндірді ол.

Бұл бастама бұған дейін айтыл­ған басқа өзгерістермен де үндесіп жатыр. Премьер-министрдің орын­басары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин маркет­плейстердегі бағаға бақылау күшей­тілетінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, делдалдардың комиссия­сы шектеледі және қос баға жүйесі енгізіледі. Яғни қолма-қол төлегендегі баға бір бөлек, бөліп төлеудегі баға бір бөлек көрсетіледі.

Бұл бастаманы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Абылқасымова түсіндіріп берді. Сатып алушы нақты қанша артық төлейтінін білуі керек. Егер тауар қолма-қол алынса бір баға, ал бөліп төлеумен алынса, басқа баға болуға тиіс. Бұл – адал тәсіл», деді ол.

Алдағы өзгерістер қарапайым адамдарға да тікелей әсер етеді. Енді бөліп төлеу арқылы алынған барлық қарыз кредит тарихында көрінеді. Банктер адамның қар­жылық жағдайын нақтырақ баға­лайды. Соның салдарынан кредит алу қиындауы мүмкін. Бірақ бұл қарыз тұзағына түсудің алдын алады. Сонымен қатар бөліп төлеу­дегі баға да ашық көрсетіле бастайды. Сатушылар тауардың шынайы құнын жасыра алмайды. Маркетплейстер мен дүкендер үстемені ашық көрсетуге мәжбүр болады.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары