Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бордюр болдырып бітті

Бордюр болдырып бітті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қайдан келгені белгісіз, бір топ құрылысшы жау бекетін талқандағандай бордюр біткенді бұзып жатыр. Мына бір тұста алып бір техника гүрілдейді. Ана бір тұста от жарқ-жұрқ етеді. Ауланы шаң басыпты. Жұмысқа шыққандар, мектептеріне, университеттеріне асыққандар тап-таза киімдерінің лезде былғанып қалғанына ренжіп, үстерін жүре қағып, аялдамаларға асығып бара жатты.

Сол күні Әтіркүл жұмысынан кеш қайтқан. Көпқабатты үйінің алды ию-қию. Таңертеңгі шу мен шаңға жылап көрісетіндей көрініс. Шаң-тозаң мен айқай-шу ауланы басына көтеріп тұр. Жолдың бәрі астан-кестең. Әтіркүл аяғын бір қуысқа тығып алудан сақтанып, пәлек аралаған шалдай қойқаң-қойқаң етіп секіріп, үлкен есіктің алдына зорға жетті. Жеткені бар болсын, шаң дәлізге де кіріп кеткен екен. Мұрынын тұмшалап алған ол жедел басқышпен өзінің қабатына зорға көтерілді. Көзі де кілегейленіп қалыпты. Сөмкесінен кілтті алып, есігін әрең ашты.

Пәтерінің де пәршек-піршегі шығыпты. Таңертең ғана тазалап кеткен бөлмелерін шаң қауыпты. Ол әлдекімге кіжініп, киімін ауыстырды да білек сыбанып, үйін тазалауға кірісті. Үйді тазалап болғанша сабағынан балалары да келіп қалды.

– Апа, қарным ашып қалды. Тамағыңыз дайын ба? – деді ұлы еркелеп.

– Қайдағы дайын. Көрмейсің бе, үйді енді ғана тазалап болдым, –  деп Әтіркүл баласына жақтырмай қарады.

Осы қарбалас ай бойы жалғасты. Құрылысшылар құлақты құртып, киімдерді бүлдіріп, балаларды ай бойы аулаға шығармай тұрғындарды діңкелетіп бітті. Ақыры, жүйкелерді жұлымдап болып, жұмыстарын бітіріп, жайларына кетті. 

А.Байтұрсынов атындағы көше тұрғындары талып қала жаздады. Өйткені кеше ғана аулаларына сән беріп тұрған әдемі де берік бордюрлер ұшты-күйлі жоқ. Оның орындарына мыжырайған кескінсіз бірдеңелер қадап кетіпті. Бұрынғылары жауынгерлердей қаз-қатар сап түзеп тұрушы еді. Жаңаларының бірі жантайып жатыр. Аралары алшақ. Бір қарағанда жалмауыздың тісіндей арсиып тұр.

– «Әп-әдемі ән еді, пұшық сорлы қор қылды» деген екен баяғыда біреу. Сол сияқты әп-әдемі аула еді, құрылысшылар келіп қор қылды. Енді кімге барып шағымданамыз? – деді тұрғындардың бірі.

– Осыларға жап-жақсы тұрған бордюрлерді бұз деген кім екен? – деп кіжінді тағы біреуі.

– Мұның атын халтура дейді!

– Жемқорлықтың белгісі бар.

– Бұрынғымызға зар болып қалдық қой. 

– Қалалық әкімдікке барып шағымданайық.

– Шағымданғанмен пайда жоқ. Құрылысшыларды жұмсаған сол әкімдіктегілер. Олар – ақша жасаудың шебері. Барды бұзып, тұрғанды талқандап, қарайғанды қиратып, ел көзіне қатырып жатқан сыңай танытып, жонып ақша табады, – деді біреусі.

Өзі бұрын экономист болып жұмыс істеген екен. Жиналғандар оның сөзін қоштап тұрды.

Асфальтты асап, тасты қашап міріден сірі айыратындар көбейген заман. Қисық жолмен қаржы тапқыш қомағайларды қақпанға түсіру де оңай емес. Өйткені шырмауықша оралған жіптің ұшын табу қиынның қиыны. 

Бүгінде аулаға шығып ойнаған балалар аяқтарын тесікке немесе бордюр арасындағы қуысқа тығып алып, жарақат алып жүр. Үлкендер де өз үлестерінен құр қалмапты.

Әтіркүл бүгін де жұмысынан кеш қайтты. Бордюрден аттай бере туфлиінің өкшесі қуысқа кіріп кеткені. Аяғын әрі ырғады, бері ырғады. Туфлиі шықпады. Тартып қалғанда өкшесі үзіліп түсті.

Міне, Әтіркүл жоғары қабаттағы пәтеріне жалаңаяқ көтеріліп келеді. «Бұл жолы өкшемен құтылдым. Келесі жолы ше?» деп тұла бойы шымырлап келеді...

С.ОЛЖАБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 01:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары