Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ботаника институтының ғалымдары өсімдіктерді қорғау жобаларын іске асырып жатыр

Ботаника институтының ғалымдары өсімдіктерді қорғау жобаларын іске асырып жатыр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазіргі кезде еліміз өңірлері бойынша өсімдіктерді зерттеу және сақтау бойынша үлкен жұмыстар жалғасын тауып келеді. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ботаника және фитоинтродукция институтының жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі Полина Веселованың айтуынша, 2023 жылы «Өсімдік әлемі туралы» заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда өсімдіктердің есебі – яғни флора кадастрларын жасау басталды. Ғалымдар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді анықтап, оларды қорғау бағытында жұмыс істеп жатыр.

«Біз Алматы облысы өсімдіктерін үш жыл бойы зерттедік. Соның нәтижесінде 11 ғылыми еңбек шығардық. Оның ішінде өсімдіктердің әр түрі бойынша 5 кадастр бар» дейді Полина Веселова. Былтырдан бастап ғалымдар Ұлытау облысын зерттей бастады. Биыл бұл өңірге 18 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, қазіргі кезде жиналған мәліметтер өңделіп жатыр. Ұлытау жобасының мақсаты – негізгі ботаникалық аумақтарды анықтау. Бұл өсімдіктердің ең көп кездесетін немесе сирек түрлері бар аумақтар.  Мұндай аймақтар болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алуы мүмкін. Институт халықаралық ұйымдармен де жұмыс істейді. Биыл Өсімдіктерді сақтау жөніндегі жаһандық әріптестіктің (GPPC) ресми мүшесі атанып, ғалымдар Франция, Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританияның жетекші ботаникалық орталықтарымен бірлескен жобалар мен экспедициялар өткізіп келеді. Институттың жұмысы табиғатты қорғауға және Қазақстанның өсімдік әлемін болашақ ұрпаққа сақтауға бағытталған. 

Бас Ботаникалық бақ экологиялық білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеді. Ботаникалық бақ бүгінде тек ерекше қорғалатын табиғи аймақ қана емес, ғылым, табиғат, өнер мен қоғамды біріктірген маңызды орталыққа айналды. Мұнда ондаған экологиялық, ғылыми, мәдени және білім беру жобалары жүзеге асып жатыр.

Соңғы жылдары бақтың танымалдылығы артып келеді. Ботаникалық бақтың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Баян Коспенбетованың айтуынша, Ботаникалық бақ – ғылыми және табиғатты қорғау орны. «Біздің іс-шараларға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Егер 2021 жылы баққа шамамен 300 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 600 мыңға жеткен еді. Енді бізге жай серуендеп қана қоймай, табиғатқа құрметпен қарайтын, өсімдіктерді ерекше бағалайтын адамдар келсе дейміз», – дейді ол.

Бақ аумағында экологиялық және білім беру бағдарламалары тұрақты түрде өтеді. Олардың қатарында: «Білу - сүю үшін» бағдарламасы, экскурсиялар, балалар мен отбасыларға арналған шеберлік сабақтары бар. Сонымен қатар Tabiğat Labs жобасы, түрлі ашық дәрістер, «Жасыл рейнджерлер клубы» мен BookКультура мәдени клубының кездесулері ұйымдастырылады.

Мәдени іс-шаралардың ішінде InEco Fest фестивалі, Сиверс алмасының гүлдеу мерекесі, сондай-ақ Жамбыл атындағы филармония әртістерінің қатысуымен өтетін ашық аспан астындағы концерттер ерекше орын алады. Әлеуметтік бағыттағы жобалар да жалғасуда - мектеп-интернат оқушылары мен «МамаПро» жобасының қатысушыларына экскурсиялар мен тегін шеберлік сабақтары өткізіледі. Қазан айының соңына дейін зейнеткерлер жұмыс күндері баққа тегін кіре алады. Бақ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруында. Институтта 11 ғылыми зертхана жұмыс істейді және оның қарамағында Қазақстандағы төрт ботаникалық бақ бар. Олар: Алматыдағы Бас бақ, Іле, Жезқазған және Астана бақтары. Институт ғалымдары өсімдіктер әлемін зерттеп, сирек кездесетін түрлерді қорғаумен айналысады. Зерттеу жұмыстары тек бақ аумағында ғана емес, елдің барлық өңірінде жүргізіледі. «Біз зерттеуде геоақпараттық жүйелер мен дрондарды қолданамыз. Олар арқылы тау мен шоқылардағы өсімдіктердің жай-күйін бақылаймыз. Дрон көмегімен өсімдіктердің таралу аймақтарын түсіріп, сирек кездесетін түрлер өсетін орындарға GPS белгілерін орнатамыз. Осы деректердің негізінде ерекше қорғауды қажет ететін аймақтарды анықтаймыз», – дейді геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Қапар Үсен. Ботаникалық бақта еріктілер қозғалысы да қарқынды дамып келеді.

Әр сенбі сайын сағат 10:00-де батыс кіреберісте жиналатын «Жасыл рейнджерлер клубына» кез келген адам тегін қатыса алады. Мұнда еріктілер жұмыс істейді. Келушілерге биологтар мен экологтар дәріс оқиды, ал эко-волонтерлер өз идеяларымен бөліседі. Олар өсімдіктерді күтуге көмектесіп, түрлі жобаларға қатысады. Сонымен қатар «Жасыл патруль» тобы бақтағы тәртіпті сақтауға жәрдемдеседі. Бас ботаникалық баққа келген әр адам ғылым мен табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады. Билеттерден түскен барлық қаражат ғылыми зерттеулер мен табиғатты сақтау жобаларына жұмсалады.

АЛМАТЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 20:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары