Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

​Бозымбаев Атырауда: инфрақұрылым мәселелерін кейінге қалдырмай, уақытында шешу керек

​Бозымбаев Атырауда: инфрақұрылым мәселелерін кейінге қалдырмай, уақытында шешу керек

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барған жұмыс сапарында өңірдегі коммуналдық, энергетикалық және су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйін тексерді. Вице-премьер тозығы жеткен нысандардағы түйткілдерді созбалаңға салмай, заманауи технологиялық шешімдер арқылы уақытылы шешуді тапсырды.

Сапар кезіндегі ең басты мәселелердің бірі – қаланы ауызсумен қамту және су тазарту инфрақұрылымы болды. Қазіргі су тазарту құрылыстарының жобалық қуаты тәулігіне 120 мың текше метр болғанымен, нақты мүмкіндігі 90 мың текше метрден аспайды. Мұндағы төрт сүзгілеу станциясының екеуі тым ескі: 1968 жылы салынған №2 станция апатты жағдайына байланысты 2024 жылдан бері тоқтап тұрса, №1 станция 1939 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты апатты нысандарды бұзып, орнына тәулігіне 30 мың текше метр су өндіретін заманауи блок салу ұсынылды. Қанат Бозымбаев бұл жұмыстарды жеделдетіп, жоспарлау кезінде Қытайдың озық технологиялық шешімдерін зерделеуді жүктеді.

Сондай-ақ кәріз тазарту құрылыстары мен булану алаңдарын рекультивациялау барысы сараланды. Оң жағалаудағы кәріз тазарту нысанының дайындығы 85%-ға жеткен, оны жыл соңына дейін пайдалануға бермек. Бұдан бөлек, «Квадрат» булану алаңындағы 1,7 млн текше метр лас тұнбаның 900 мың текше метрден астамы тазартылды. Алдағы уақытта мұндағы өңделген су техникалық мақсатта және қаланы көгалдандыруға пайдаланылады.

Сол жағалаудағы 1 336,2 гектарлық «Сасықсай» булану алаңының зауыт аумағындағы бөлігін тазалау да жалғасып жатыр (төрт сектордың екі секторы аяқталған). Вице-премьер «АМӨЗ» ЖШС басшылығына Жайық өзенінен алынатын суды өндірістік айналымға қайта енгізу арқылы экологиялық салмақты азайтуды тапсырды.

«Мәселені кейінге қалдыра бермей, ұзақ мерзімге арналған технологиялық шешім табу қажет. Ағынды суларды тазарту мәселесін түбегейлі шешіп, дұрыс технологиялық сызбаны анықтау және қоршаған ортаның одан әрі ластануына жол бермеу шарт», – деді Қанат Бозымбаев.

Өңірде жылу, электр және газ желілерін жаңарту жұмыстары да қатар жүріп жатыр:

Жылу жүйесі: Атыраудағы 409,2 шақырым жылу желісінің тозу деңгейі 62,3%-ға жеткен. Қазір тозуы 95%-ды құрайтын ең апатты 8 шақырым учаске реконструкцияланып жатыр, бұл жылу шығынын 75%-ға азайтады. 2030 жылға дейін қалада 26,6 шақырым жаңа желі тартылып, орташа тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетілмек.

Электр желісі: «Атырау Жарық» ЖШС 400 шақырымнан астам әуе желілері мен 46 қосалқы станцияны жаңартып, 10,5 мыңнан астам ақылды есептеуіш орнатады. Жоба аясында 16 қосалқы станцияға SCADA жүйесі енгізіледі. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылдың ақпанында басталады.

Газ инфрақұрылымы: Алмалы мен Еркінқала ауылдары арасында сағатына 120 мың текше метр газ өткізетін автоматтандырылған станция мен 41,7 шақырымдық жаңа магистральдық әрі тарату құбырларының құрылысы аяқталуға жақын.

Су шаруашылығы бойынша «Табиғат» КМК қарамағындағы арналарды қалпына келтіруге 2026 жылы республикалық бюджеттен 399 млн теңге бөлінді. Қазір «Сборный», «Алға», «Маратши» және «Бақсай» арналарының жекелеген бөліктері тазартылды, жыл аяғына дейін «Ақсай» мен «Бағырлай» арналары ретке келтіріледі. Вице-премьер бұл арналарды тазалауды тек коммуналдық міндет емес, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі ретінде қарастыруды тапсырды.

Сапар соңында Қанат Бозымбаев ТЖД су-құтқару станциясының дайындығын тексеріп, Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында «Ауыл аманаты» жобасымен салынған «Айдана Агро» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.

Премьер-Министрдің орынбасары жауапты органдарға инженерлік желілерді уақытылы әрі сапалы жаңартып, қаланың бас жоспарына сай тапшылық туындамай тұрып қажетті қуаттарды қалыптастыруды жүктеді.

Бүгін, 17:28

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 17:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары