Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

БҚО да дуальды оқытумен үш мың шәкірт қамтылған

БҚО да дуальды оқытумен үш мың шәкірт қамтылған

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Батыс Қазақстан облысында кәсіптік-техникалық колледждердің үш мың студенті дуальды оқыту жүйесімен қамтылған. Олар білім алуға берілген уақыттың 60%-ын зауыт-фабрикаларда өткізіп, кәсіби дағдыларын шыңдайды, теориялық білімдерін тәжірибемен толықтырады. Өз кезегінде өңірде маман даярлау сапасы жақсарып, өндіріс орындарындағы жұмысшы тапшылығы жойылып келеді. 

Нұрхан Халиолла Орал политехникалық колледжінің екінші курс студенті. Былтыр 9-сынып бітіргесін дәнекерлеуші мамандығын таңдапты. Қазір испандық арнайы жабдықта дәнекерлеудің түр-түрін үйреніп, шеберлігін шыңдап жүр. 

Нұрхан Халиолла, колледж студенті:

- Дәнекерлеуші мамандығын таңдауым себебі – бұл мамандыққа жұмыс ретінде қарайтын болсақ, сұраныс көп және де табысы да көп болып келеді. Қазір емтиханға дайындалып жатырмын, таврлы және түйістірмелі сол екі әдісті үйреніп жатырмын. Осы оқуды бітіргенде үш түрі: механика, автомат және полуавтомат сол бүкіл затты біліп шыққым келеді.

Білім сапасын жақсарту мақсатында кәсіптік мектептер өңірдегі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Бүгінде өндіріспен тікелей айналысатын мамандар студенттерге сабақ береді. Мәселен дәнекерлеуден дәріс беруші Айбар Қадыров трансформатор зауытының шебері. 

Айбар Қадыров, өндіріс шебері:

- Жартылайавтомат сваркамен жұмыс жасап үйретеміз осы балаларды. Бізде зауытта тек осындай аппараттар. Тогын қалай қою керек, қандай қалыңдықта қандай тоқпен жұмыс жасау керек, соны үйретеміз. Балалар жақсы үйреніп жатса, ертең практикаға өзімізге, сол жаққа алып кетеміз. 

Сонымен қатар маман даярлау ісінде дуальды оқыту жүйесі де өз нәтижесін беріп келеді. Бүгінде білім басқармасы 26 кәсіпорынмен келісім жасаған. 

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

- Өңірдегі 21 мемлекеттік және 14 жеке кәсіптік колледжде 15 мың студент білім алып жатыр. Соның 3 мыңы дуальды оқыту жүйесімен қамтылған. Яғни олар білім ала жүріп, өндіріс орнында жұмыс істейді. Теорияны практикамен ұштастырады, еңбекке машықтанады. Бұл өз кезегінде маман даярлау сапасының жақсаруына әсер етері сөзсіз. 

Кәсіптік колледждің 3-курс студенті Полина Свиридова темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорында екінші жыл еңбек етеді. Осы мерзімде ұжымға, өндіріске үйреніпті. Келешекте еңбек жолын осы жерде жалғастырғысы келеді. 

Полина Свиридова, кәсіптік колледж студенті:

- Мен қазір техник-құрылысшы мамандығына оқып жатырмын. Осы кәсіпорында бір топ бала еңбек етеміз. Жұмыс уақытымыз таңғы 9-дан түскі 4-ке дейін. Біреулері блок жасайды, енді біреуі жұмысшыларға көмектеседі, мен бетон бұйымдарды маркілеймін. Осы жерде жалақы береді. Оқуды аяқтаған соң жұмысқа қалғым келеді. 

Руслан Тлефтинов, өндіріс бастығы:

- Қазір бізде бес студент дуальды схемамен жұмыс істеп жатыр. Жазда 9-10-ға дейін барады саны. Оларға айына 85 мыңнан жалақы төлейміз. Ара-арасында сыйақымен ынталандырамыз. Өздерін жақсы жағынан көрсетуде. Жұмысқа кешікпейді, тіл алғыш. Үйретеміз, оқытамыз. Келешекте ниеттері болса, тұрақты жұмысқа алып қаламыз. Өйткені жұмысшы мамандар тапшы бізде.

Келешекте кәсіптік мектептердегі мамандықтар аясын кеңейту көзделген. Бұл тұрғыда өңірде жұмысшы мамандықтар атласының алты бағыты таңдап алыныпты. 

Зүбайда Ғұмарова, БҚО Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда бізде дәнекерлеу ісі, ай-ти, жасанды интеллект бойынша мамандарға сұраныс көп. Соған бізде биыл жаңа мамандықтар атласы енгізіліп жатыр. Сол бойынша 2026-2027 оқу жылдарына да жаңа мамандықтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. 

Еліміздің еңбек нарығында жыл санап жұмысшы мамандықтарға сұраныс артуда. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білім беру саласына артылар міндет айрықша. 

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары