Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Бублик неге Алматыда ойнамай, артынша басқа турнирге қатысты федерация жауабы

Бублик неге Алматыда ойнамай, артынша басқа турнирге қатысты федерация жауабы

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жанкүйерлер Бубликтің бұл шешімін түсінбей дал. Себебі ол Алматыдағы турнирге жарақатына байланысты қатыспағанымен, арада бір апта өтпей Венадағы жарыста кортқа шыққан.

Қазақстан теннис федерациясы Kazinform тілшісіне осы жағдайға қатысты түсінік берді.

Федерацияның мәліметінше, спортшы Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалында жарақат алған. Сол жарақат оған кейінгі Бейжің мен Шанхай жарыстарында толыққанды ойнауға мүмкіндік бермей, теннисші алғашқы айналымдарда жеңіліп қалған.

– Александр үшін Алматыдағы турнир ерекше маңызға ие еді. Ол бұл жарысқа қатты қатысқысы келген. Дегенмен жарақатты асқындырып алмау үшін осындай шешім қабылданды, - делінген жауапта.

Федерация өкілдері медициналық қорытындымен танысқанын растады.

– Медициналық штаб Александрға жаттығулар мен ойындарды азайтып, толық тексеруден өтуді ұсынды. Дәрігерлер оған артқы жамбас бұлшықеттерінің жарақаты деген диагноз қойды, - деп түсіндірді Қазақстан теннис федерациясы.

Жанкүйерлердің басты сұрағы – жарақаты болса, неге теннисші осы аптада Венадағы турнирге қатыса алды ?

Бұл сұраққа ұйым:

– Александр жарақатынан айыққан соң рейтинг ұпайларын көбейту үшін Венадағы жарысқа қатысуды жөн санады, - деп жауап берді.

Федерация әлеуметтік желідегі сын мен реакцияны «қалыпты құбылыс» деп қабылдап отыр.

– Әрине, біз жағдайды бақылап отырамыз, бей-жай қарамайтын әлеуметтік желі аудиториясы бұл жағдайды сыни тұрғыдан қабылдағанын түсінеміз. Біз барлық пікірге құрметпен қараймыз. Дегенмен спортшы үшін денінің саулылығы маңызды, сондықтан барлық нюансты ескеру маңызды, - делінген жауапта.

Сондай-ақ ұйым ел атынан ойнайтын теннисшілердің ел ішіндегі турнирлерге қатысуы жөнінде ешқандай келісімшарттық міндеттеме жоқ екенін атап өтті.

– Олар – Қазақстан азаматтары. Қай жарыста ойнау әр спортшының өз еркі, - деп түйіндеді федерация.

Айта кетейік, қазір Александр Бублик Аустрия астанасы Венадағы ATP 500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Ол алғашқы матчта чилилік Алехандро Табилоны 6:4, 6:4 жеңді, енді аргентиналық теннисші Франсиско Серундоломен шеберлік байқасады.

Еске салайық, Алматыдағы ATP 250 турнирінде жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев жеңіске жетті. Ол өз спорттық жолында ATP жарыстарында қырқыншы рет финалға шығып, 21-титулын жеңіп алды.

Ал жұптық сында франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти үздік шықты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 20:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары