Алматыда Сайран маңында тарсыл естіліп, артынша жарық өшті
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға трансформатордың өртенуі себеп болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 08:53-те Өтеген батыр көшесі, 76-үйдің маңында трансформатор жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндіру бөлімдері дереу жетіп, трансформатор подстанциясында 0,2 шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтады. Электр желісі қызметкерлері нысанды тоқтан ажыратқан.
Оқиға орнына тоғыз құтқарушы жеткен. Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жалынды сөндіріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ашық жалын жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Алатау ауданындағы үйлердің бәріне бір тәуліктен аса уақыт өткен соң жарық қайта берілгенін жазған едік.
Тұрғындардың мұнша уақыт жарықсыз отыруына әкімдікке тиесілі 110 кВ кабель желісінің зақымдануы себеп болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 12:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















