Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бүгін Абай университетінің туған күні

Бүгін Абай университетінің туған күні

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елімізде 1 қазанда аталып өтетін ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесінің Абай университетімен байланысты екенін біреу білсе, біреу білмейді.

1928 жылғы 1 қазанда Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ ең бірінші «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен шаңырақ көтерді. Алғашқы 124 студент білім жолына қадам басып, қазақ даласындағы жоғары мектептің жаңа дәуірі осылай басталды. Сол тарихи бастау кейін талай буынның тағдырымен сабақтасып, елдің білім кеңістігіне тамыр жайды.

Оқу орнының алғашқы ректоры Санжар Асфендияров бастаған сол кезеңдегі зиялы қауым өкілдері білім ордасының іргесін бекемдеп қана қоймай, оның рухани болмысын қалыптастырды. Ахмет Байтұрсынұлы, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Темірбек Жүргенов сияқты тұлғалар дәріс оқып, жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтті. Мұхтар Әуезов, Құдайберген Жұбанов, Сәрсен Аманжолов, Әлімхан Ермеков секілді ғалымдардың ғылыми-шығармашылық іздері де осы қара шаңырақтың тарихымен астасып жатыр.

1930 жылы оқу орны мұғалім даярлаудың іргелі мектебі ретінде педагогикалық институт арнасына бет бұрды. 1935 жылы оған қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Университет ұлы ғұлама ақынның есімін алған тұңғыш нысан екенін де айта кетуіміз керек. Содан бері хәкім Абайдың аты мен ағартушылық ұғымы білім ордасының тағдырымен бірге өріліп келеді.

Қара шаңырақтың қадірі тереңде жатыр. Университеттен осы күнге дейін 250 мың жуық түлек қанаттанып, елдің әр қиырында қызмет етті. Бірі ауыл мектебінде шәкірт тәрбиеледі, бірі ғылымның соны соқпағына түсті, енді бірі руханияттың дамуына еңбек сіңірді. Сөйтіп, ұлағат ұстаханасынан басталған білім жолы Қазақстанның талай өңіріне тараған ұстаздық шежіреге айналды.

2024 жылы 1 қазан – ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні ретінде кәсіби мерекелер тізіміне енгені белгілі. Бұл арнаулы датаның еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай университетінің туған күніне байланысты екенін көп адам біле бермейді. Бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінде ЖОО-ларда қызмет етіп жүрген оқытушы-професорлар мен қызметкерлерге көрсетілген құрмет екені анық.

Өткен ғасырда 124 студентпен басталған білім жолы қазіргі таңда үлкен ғылыми-педагогикалық кеңістікке ұласты. Бүгінде қасиетті қара шаңырақ әлемдік университеттер белсене қатысатын «QS World University Rankings», «Times Higher Education» және «UI GreenMetric World University Rankings» сынды жаһандық халықаралық рейтингтерінде білім сапасы мен ғылыми әлеуетін тұрақты дәлелдеп келеді. Педагогикалық білім беру және оқыту бағыты бойынша Орта Азия мен Қазақстанда көшбасшы. Алда Қазақ ұлттық педагогикалық Зерттеу университетіне айналу стратегиялық межесі тұр.

98 жыл – өткенді қорытындылайтын әрі келешекке бағыт белгілейтін тарихи белес. Қара шаңырақ заманауи педагог даярлау, педагогикалық білім беру саласына ғылыми негізделген жаңалықтар енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін игеру, ұлттық педагогика мен әлемдік тәжірибені сабақтастыру секілді жаңа міндеттерді жүзеге асырмақ. Демек, Абай университеті Тұлға ғана емес, тұлға тәрбиелейтін Ұстаз қалыптастыратын миссиясынан айнымақ емес.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары