Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Бұл Канье жарықты өшіріп тастады ма? : Алматыдағы блэкаутқа байланысты қазақстандықтар не деп әзілдеп жатыр

Бұл Канье жарықты өшіріп тастады ма? : Алматыдағы блэкаутқа байланысты қазақстандықтар не деп әзілдеп жатыр

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Канье Уэстің Алматыдағы концертіне санаулы сағаттар қалды, алайда рэпер өнер көрсететін күні қалада жаппай жарық өшіп қалды. Электр беру желілеріндегі апаттық жағдайға байланысты Алматының бірнеше ауданы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды. Threads қолданушылары, әдеттегідей, бұл жағдайды алдағы концертпен байланыстыра бастады. Tengrinews.kz тілшісі ең қызықты реакцияларды жинап шықты.

"Жарықты Канье өшіріп тастаған ба?"

Энергетиктер электр қуатын қалпына келтірумен айналысып жатқанда, Threads қолданушылары не болып жатқанын анықтауға кірісті.

"Алматы, тағы кімде жарық өшті? Осыдан 15 минут бұрын", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Одан кейін қаланың басқа бөлігіндегі тұрғындардан да хабарламалар ағыла бастады.


Скриншот:Threads

Кейбір қолданушылар бірден бірнеше ауданда жарықтың жоқтығына қарап, жағдайдың ауқымын бағалап үлгергендей.

Сонымен қатар желіде жарықтың өшуі Канье концертімен байланысты деген әзілдер пайда болды.

"Канье барлық жерде жарықты өшіріп тастаған ба?" - деп жазды қолданушылардың бірі.


Скриншот:Threads


Скриншот:Threads


Скриншот:Threads

Канье Уэстің электр жабдықтарының жанында, қолына атауыз ұстап, электрик киімінде түскен фотосы жағдайды одан сайын қыздыра түсті.


Скриншот:Threads


Скриншот:Threads

"Алматы, жарықсыз қалай екен?" - деп жазды қолданушы осы суреттің астына.

Threads қолданушылары бұл жағдайды әзілмен талқылап жатыр. Мемдерде Канье концерт алдында Алматының электр желілерін өзі тексеріп жүр деген болжамдар айтылған.

Желіде тағы бір мем пайда болды: Канье қолында үлкен жарқыраған шар ұстап тұр, одан Алматы мен облыс аудандарына кабельдер тартылғандай көрінеді. Әзіл картада оған Алматы мен Алматы облысының бірнеше ауданы "қосылып", қаланың үстіне "Алматы жарықсыз" деген жазу шыққан.


Скриншот:Threads


Скриншот:Threads

Ал кейбіреулер алдағы концертке, билет алғандардың оған бара алар-алмасына шын ниетпен алаңдап жатыр.

"Алматылықтар, концертке қалай барамыз? Телефондардың қуаты таусылды, такси шақыру мүмкін емес. Ye болса Ritz-те жуына алмайды. Лазерлер қосылмайды, не істейміз?".

Жарыққа қатысты не белгілі

Алматы қаласы мен Алматы облысында 14 тамыз күні сағат 15:00 шамасында жарық өше бастады. Қаланың түрлі аудандарының тұрғындары электр қуатының жоқтығын хабарлады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, KEGOC компаниясына тиесілі 500 кВ кернеулі әуе электр желілерінде апат болған. Соның салдарынан Алматы мен облыстағы тұтынушылардың бір бөлігі уақытша жарықсыз қалды.

Апат салдарынан жалпы қуаты 300 МВт болатын жүктеме ажыратылды.

Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында жарық өшіп қалды.

Мамандар қазірдің өзінде электр қуатын қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласында жарықтың өшуіне байланысты кейбір бағдаршамдар істен шығып, байланыс нашарлады және бірден кептелістер пайда болды. Қиылыстарға реттеушілер шықты.

Концерт туралы не белгілі?

Канье Уэстің Алматыдағы концерті туралы әртістің фан-парақшаларының бірінде жарияланғаннан кейін белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты кәсіпкер, Karre Ventures және ML1 Records негізін қалаушы Джозеф Карре мен Алматы әкімдігі растады.

Концерт 2026 жылдың 14 тамызына жоспарланған және ол Ye-нің әлемдік турының бір бөлігі болмақ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 16:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары