Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

“Бұл созылмалы жағдай“. Алматының экологиялық проблемалары қалай шешілмек?

“Бұл созылмалы жағдай“. Алматының экологиялық проблемалары қалай шешілмек?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматыда қаланың Бас жоспарына түзетулерді стратегиялық экологиялық бағалау аясында қоғамдық тыңдаулар өтті. Талқылау барысында мегаполис алдында тұрған негізгі сын-қатерлер аталды.

Алматыда қаланың Бас жоспарына түзетулерді стратегиялық экологиялық бағалау аясында қоғамдық тыңдаулар өтті. Талқылау барысында мегаполис алдында тұрған негізгі сын-қатерлер аталды.

Алматының Бас жоспары - қаланы 2040 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары. Әзірлеушілердің болжамынша, 2030 жылға қарай мегаполис халқының саны 2,7 миллион адамнан асады, ал кейін төрт миллионға жақындайды.

Алматының қай аудандарында ауа ең көп ластанған?

Табиғатты қорғауды жобалау сарапшысы Гүлнәр Жүнісова стратегиялық экологиялық бағалау аясындағы бұл қоғамдық тыңдаулар қорытынды кезең екенін атап өтті.

"Алматы - еліміздегі ең ірі мегаполистердің бірі. Қаламыздың аумағы - 683,5 шаршы шақырым. 2024 жылдың соңында қала аумағында 2,3 миллион адам тұрды. Болжам бойынша, Бас жоспардың жобалық шешімдеріне сәйкес, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш бірнеше есе артып, 3,5 миллионнан астам адамды құрайды. Халық санының өсуі және соған байланысты қоршаған ортаға түсетін салмақ - стратегиялық экологиялық бағалауды әзірлеу кезінде біз шешуге тырысқан негізгі мәселе", - деді ол.

Оның айтуынша, Алматыдағы экологиялық жағдай тек адамдар мен кәсіпорындардың қызметіне емес, сонымен қатар қаланың тау бөктеріндегі қазаншұңқырда орналасуына да байланысты - рельефтің бұл ерекшелігі табиғи ауа алмасуды шектейді.

"Температуралық инверсиялар, әсіресе қыс мезгіліндегі желсіз күндері жағымсыз әсерін тигізеді. Алматыда зиянды қалдықтар жазықтықта орналасқан кез келген басқа қалаға қарағанда көбірек жиналады. СЭБ (стратегиялық экологиялық бағалау - ред. ескертпесі) барысында жүргізілген талдау қоршаған ортаның сапасына барынша әсер ететін негізгі экологиялық мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл - атмосфералық ауаның ластануы, су ресурстарының тапшылығы және топырақтың ластануы", - деп толықтырды Гүлнәр Жүнісова.

Ол атмосфералық ауа сапасын Алматы үшін аса күрделі сын-қатер деп атады. Салыстырмалы түрде айтсақ: 2024 жыл ішінде PM2.5 ұсақ дисперсті бөлшектерінің орташа жылдық концентрациясы ДДСҰ нормативтерінен 4,8-ден 6 есеге дейін асып түскен.

"Жыл бойы азот диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асуының ондаған мың жағдайы тіркелді. Бұл бөлшектердің қауіптілігі сол - олар өкпеге, қан айналымы жүйесіне терең бойлайды. Максималды концентрация, негізінен, орталық аудандарда және ірі көлік магистральдарының бойында байқалады. Бұл - жүйелі шешімдерді талап ететін созылмалы жағдай", - деп атап өтті сарапшы.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, зиянды қалдықтардың басым бөлігі көліктерге тиесілі - 60 пайыз. Сондықтан билік қоғамдық көлікті дамытуды, бағыттарды оңтайландыруды және жеке автомобильдерге тәуелділікті төмендетуді жоспарлап отыр.

Көліктер топырақты қалай ластайды?

Екінші экологиялық мәселе - судың мөлшері мен оның сапасы.

"Қала су ресурстарының тапшылығын сезініп жатыр, бұл ішінара өзендерімізді қоректендіретін мұздықтардың деградациясына байланысты. Екінші жағынан, қала ортасындағы судың сапасы нашарлап барады. Мысалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің жоғарғы ағысында су нормаға сай болғанымен, қала арқылы өткен сайын оның жағдайы нашарлайды. Бұл, негізінен, тазартылмаған ағындар мен заңсыз төгінділерге байланысты. Осылайша, су тапшылығы мен өзендердің қанағаттанғысыз сапасы - қаланың су қауіпсіздігіне төнген қатерлі факторлар", - деп жалғастырды Гүлнәр Жүнісова.

Үшінші мәселе - құрылыс пен инфрақұрылымның кесірінен тапшылыққа ұшыраған қаланың жер ресурстары.

"Талдау барысында біз топырақтың ауыр металдармен тұрақты ластанған аймақтарын анықтадық. Мұндағы негізгі дереккөз тағы да көлік болып отыр. Шиналар мен тежегіш қалыптары қажалғанда, сондай-ақ отын толық жанбаған кезде топыраққа қорғасын, мырыш, мыс түседі. Басты ерекшелігі - ауыр металдар ыдырамайды. Олар ондаған жылдар бойы жиналады, ал топырақтың өздігінен тазаруына ғасырлар қажет. Ірі аумақтардың кейбір қиылыстарында ауыр металдардың мөлшері бірнеше есе жоғары", - деді спикер.

Дегенмен қала бойынша жалпы көрініс аса қауіпті емес. Қала аумағының жартысынан астамы, тау бөктері мен жасыл аймақтар төмен қауіпті аймаққа жатады.

Сонымен қатар құрылыс жүргізілген аумақтарда құстардың әртүрлілігі шамамен үш есе қысқарған. Негізгі себептер - табиғи мекендеу ортасының жоғалуы, көгалдарды шабу және жалпы тіршілік ортасының нашарлауы. Билік қала құрылысы кезінде табиғи ортаны барынша сақтап қалу үшін қорғау аймақтарын қатаң сақтауды жоспарлап отыр.

Алматыдағы экологиялық мәселелер қалай шешіледі?

Сондай-ақ тұрғындарды қоқысты бөлек жинауға дағдыландыру жоспарда бар.

"Бізде әзірге қалдықтарды полигондарда көму басымдыққа ие. Қайта өңдеу деңгейі бүгінде небәрі 18 пайызды құрайды. Халық санының өсуімен қоқыс көлемі де арта береді. Көму - бұл құнды қайталама шикізатты жоғалту ғана емес, сонымен қатар топырақтың, жерасты суларының ластануы мен алдағы ондаған жылдар бойы бөлінетін парниктік газдардың көзі", - деп атап өтті сарапшы.

Талдау халықтың аурушаңдығы мен ластану деңгейі арасындағы байланысты көрсетті.

"Есепте ауаның созылмалы ластануы белгілі бір аурулардың едәуір бөлігіне себепші екені көрсетілген. Сондықтан шығарындыларды бірінші кезекте азайту - бұл дерексіз экологиялық мақсат емес, қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына тікелей қамқорлық жасау. Бас жоспарды түзету кезінде денсаулық көрсеткіштерін бүкіл жұмыстың табыстылығының негізгі өлшемі деп санаймыз", - деді Гүлнәр Жүнісова.

Сондықтан жоспарда мыналар қарастырылған:

қоғамдық және электр көлігін, зарядтау инфрақұрылымын басымдықпен дамыту; тарихи орталықта төмен шығарындылар аймағын іске қосу және Алматыдағы қоршаған ортаны, атмосфералық ауаны қорғау ережелерін одан әрі қатайту; жылу көздерін газдандыру және жаңғырту, жеке секторды көмірмен жылытудан газға толық көшіру; ауқымды көгалдандыру; шығындарды азайту үшін су өткізгіштерді қайта құру және кәріздік тазарту құрылыстарын кезең-кезеңімен кеңейту; тазартылған суды 30 пайызға дейінгі көлемде қайта пайдалануды енгізу; арық желісін қалпына келтіру, су қорғау жолақтары мен аймақтарын белгілеу және қорғау; мұздықтар мен таулы су қоймаларына ұқыпты қарау; бүлінген жерлерді түгендеу және паспорттау, кейіннен оларды реструктуризациялау; 400-ден астам кәсіпорынды қала сыртына шығару; қоқыс өңдеуді 18 пайыздан 60 пайызға дейін жеткізу; қаладағы табиғат оқшауланған аралдарға бөлініп қалмауы үшін қаланың үздіксіз жасыл қаңқасын қалыптастыру, саябақтарды, скверлерді, тау беткейлерін өзендер мен арық желілері бойындағы экологиялық дәліздер жүйесімен байланыстыру; жаңа көлік нысандарымен, жол айрықтарымен, жүйдек көлік желілерімен шектесетін тұрғын аудандар үшін шудан қорғау іс-шараларын әзірлей отырып, міндетті акустикалық сараптама енгізіледі; тұруға жарамсыз аймақтардан тұрғындарды көшіру және тұрғын үй құрылысына сәйкес келмейтін өнеркәсіптік кәсіпорындарды шығару.

"Қорытынды көрсеткіш - халықтың денсаулығы, өйткені бұл біздің барлық күш-жігеріміздің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы негізгі нысаналы көрсеткіштер ластану әсерін азайтумен байланысты. Олардың бастысы - PM2.5 жоғары концентрациясының әсеріне ұшырайтын халықтың үлесі. Оны бүгінгі 60 пайыздан 2030 жылға қарай 20 пайызға дейін, ал 2040 жылға қарай 5 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Сонымен қатар экологиялық жағдайдан туындаған тыныс алу жолдары мен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 2030 жылға қарай 20 пайызға азайту міндеті қойылды. Көгалдандыру нормативін бір тұрғынға шаққанда 16 шаршы метрге жеткізу жылу жүктемесін азайтып, қалалық ортаның сапасын жақсартады", - деп түйіндеді Гүлнәр Жүнісова.

Бір сөзбен айтқанда, билік Алматы тұрғындары үшін өмір сүру сапасы жоғары, орнықты, экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жайлы қалалық орта құруды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз:

Алматының жаңа Бас жоспары қашан бекітіледі: мерзімі белгілі болды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 17:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see150

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see119

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see118

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see118

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see117

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see116

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see116

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see116

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see115

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see114

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see114

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see113

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see113

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see112

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see112

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see111

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see111

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see108

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

13 Тамыз 2026 23:00see107

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

13 Тамыз 2026 20:05see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары