Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Таза қала конкурсы басталды

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Бұл ұлттың үні Тоқаев қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады

Бұл ұлттың үні Тоқаев қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.

Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.

Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі.

Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.

Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.

1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.

Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!

Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!", — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Шілде 2026 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see122

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see120

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see120

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see117

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see115

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары