Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Бүркіт арнайы жасағының құрылғанына 26 жыл толды

Бүркіт арнайы жасағының құрылғанына 26 жыл толды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

11 желтоқсанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің құрылғанына 26 жыл толды. 1999 жылы құрылған бұл бөлімше бүгінде еліміздің ірі қалаларында орналасқан, жедел әрекет етуге қабілетті, кәсіби даярлығы мықты әрі жауынгерлік әлеуеті жоғары құрылымға айналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызмет жылдары ішінде «Бүркіт» жауынгерлері Ұлттық ұланның элитасы ретінде  кәсібилік пен адалдықтың белгісіне айналды. Бұл мәртебеге бөлімше ең алдымен арнайы жасақ құрамында қызмет етуге ынталы үміткерлерге қойылатын қатаң талаптардың нәтижесінде сай болып отыр. Үміткерлер дене дайындығы, төзімділік, стресс жағдайындағы жедел әрекет ету қабілеті және экстремалды жағдайда қызмет атқару бойынша жан-жақты сыннан өтеді. Ал күрең берет сынағынан өту – санаулылардың ғана қолынан келеді.

Бұл қатаң талаптар жауынгерлер орындайтын міндеттердің кең ауқымымен байланысты: аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау, заңсыз қарулы топтарға қарсы іс-қимыл, диверсиялардың алдын алу, кепілге алынғандарды босату және терроризмге қарсы операцияларға қатысу.

Тек биылдың өзінде бөлімше 2000-ға жуық қызметтік-жауынгерлік тапсырманы орындады. Басқа оперативтік бөлімшелермен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, 6 қылмыстық топ жетекшісі ұсталды. Ішкі істер органдарына 1600-ге жуық құқық бұзушы жеткізілді.

Заңсыз айналымнан 150-ден астам атыс және травматикалық қару, 130-ға жуық суық қару, 2700-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 9,4 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. 12 жасырын есірткі зертханасы жойылды.

Бұл көрсеткіштер арнайы жасақ жауынгерлерінің елден тыс жерлерде де бағаланатын жоғары кәсіби деңгейін айқын дәлелдейді.

«Арнайы жасақ Олимпиадасы» аталып кеткен "UAE SWAT Challenge" халықаралық жарысында ұландықтар екі жыл қатарынан әлемдік көшбасшылар қатарында келеді. Арнайы жасақ жауынгерлері шетелдік дайындықтардан өтіп, халықаралық әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Бөлімшенің кәсіби дамуы тек жаттығу мен халықаралық жарыстарда ғана емес, мәдени жобаларда да көрініс тапты. 2023 жылдың қарашасында Алматыда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ерлігіне арналған «Burkit. Арнайы мақсаттағы жасақ» көркем фильмінің премьерасы өтті.

Сонымен қатар биыл «Burkit TEAM» спорттық командасы құрылып, команда мүшелері Ұлттық ұлан мен еліміздің беделін халықаралық және ішкі спорт ареналарында асқақтатып жүр.

Бүгін элиталық құрамның құрылған күнін мерекелеу қарсаңында  Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен арнайы жасақтың 21 жауынгеріне,  сондай-ақ  Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің бұйрығымен  67 әскери қызметшіге алғыс хаттар, грамоталар және төсбелгілер табысталды. Бұдан бөлек 3 жауынгер мерзімінен бұрын әскери шен алды.

26 жыл бойы «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі құқықтық тәртіп әскерлерінің шоқтығы биік құрамасы болып қалыптасып, оның жауынгерлері ерлік, кәсібилік және антқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 16:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары