Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің құрылғанына 30 жыл толды

Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің құрылғанына 30 жыл толды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев, Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов, ардагерлер, колледж түлектері мен жеке құрамы қатысты.

Салтанатты шара Шоқан Уәлихановтың бюстіне Құрмет қарауылының сүйемелдеуімен гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Колледждің оқу-жаттығу алаңында бірінші курс кадеттері Әскери ант қабылдап, кедергілер жолағында дене дайындығы мен әскери машығын көрсетті.

Құрметті қонақтар колледжде қызмет еткен жылдарынан естеліктерін бөлісті. Қарулы күштердің ардагері генерал-майор Жомарт Қуанғалиев оқу орнының құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрып, оның алғашқы бастығы болды. Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін лейтенант шенінде офицерлік қызмет жолын осы жерде бастады. Ал Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов колледжде кадет болды.

– Отыз жыл – колледж тарихындағы маңызды кезең. Осы жылдар ішінде оқу орны әскери білім беру жүйесінің маңызды буынына айналып, мыңдаған білікті сержант мамандарын даярлады. Бүгінде колледж түлектері әскери бөлімдерде абыроймен қызмет етіп, жауапты лауазымдарда еңбек етіп, Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға үлес қосып келеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов.

Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың мұрасы мен ғылыми-зерттеу қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ әскери техника, қару-жарақ, байланыс және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдары көрсетілді. Қонақтар казарма, медициналық пункт, спорт залы, кітапхана, FPV-дрондар сыныбы орналасқан зертханалық корпус пен колледж мұражайын аралады.

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылы құрылған. Алғашқы 63 кәсіби сержанттың оқу бітіру рәсімі 1999 жылғы 29 шілдеде өтті. Сол жылы колледжге Жауынгерлік Ту табысталып, 2000 жылы оқу орнына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

1996-2025 жылдар аралығында колледжде 4 мыңға жуық кәсіби сержант даярланды. Бүгінде мұнда әскери-кәсіби және дене даярлығымен қатар курсанттардың көшбасшылық, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға басымдық беріледі. Сондай-ақ әскери бөлімдерден келген сержанттардың біліктілігін арттыруға бағытталған курстық даярлық жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 15:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары