Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

БҰҰ: Әлемде жыл сайын бес жасқа дейінгі бес миллионға жуық бала көз жұмады

БҰҰ: Әлемде жыл сайын бес жасқа дейінгі бес миллионға жуық бала көз жұмады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Баяндамадағы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы 4,9 миллион бала, оның ішінде 2,3 миллион жаңа туған нәресте бес жасқа толмай көз жұмған.

БҰҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зерттеудің кейінгі нәтижелері балалар өлімін азайту бағытындағы жаһандық прогрестің баялауы алаңдатарлықтай екенін көрсетті.

Зерттеу авторларының пікірінше, бұл өлімдердің басым бөлігін тиімділігі дәлелденген және қолжетімді шаралар арқылы алдын алуға болады.

Баяндамада 2000 жылдан бері бес жасқа дейінгі балалар өлімі екі еседен астам азайғанымен, 2015 жылдан кейін ілгерілеу қарқыны 60 пайыздан астамға баяулағаны көрсетілген. Авторлар мұндай зерттеу алғаш рет әлемдік статистиканы толық қамтып, өлім себептерін кешенді түрде талдағанын атап өтеді.

Тамақтанбау және негізгі қауіптер

Бір айдан бес жасқа дейінгі 100 мыңнан астам бала дұрыс тамақтанғанбағандықтан көзжұмған. Ең жоғары көрсеткіштер Пәкістанда, Сомалиде және Суданда тіркелген. Бұл — аталған фактор бойынша жасалған алғашқы жаһандық бағалау. Сарапшылар нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін айтады, себебі тамақтанбау иммунитетті әлсіретіп, басқа да қауіпті ауруларға бейімділікті арттырады, ал көптеген жағдайлар статистикада тіркелмей қалады.

-Алдын алуға болатын аурулардан ешбір бала қайтыс болмауы тиіс. Алайда балалар өлімінің алдын алу саласындағы қадамдардың баяулауы алаңдатарлық деңгейге жетті, әрі бұл жаһандық бюджеттердің қысқаруы жағдайында болып отыр, – деді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Рассел.

Зерттеушілердің айтуынша, жұқпалы аурулар әлі де негізгі қауіптердің бірі болып отыр. Әлемде бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 43 пайызы тоғыз түрлі инфекцияның үлесіне тиеді. Өмірге келгеннен кейінгі бір айдан кейінгі өлімнің негізгі себептері безгек, диарея және пневмония болып отыр.

Өлім-жітім негізінен инфекциялар кең таралған шектеулі елдерде көп. Олардың қатарында Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Нигер және Нигерия бар. Бұл елдерде қақтығыстар, климаттық күйзелістер, ауру таратушы жәндіктердің таралуы, дәріге төзімділік және өзге де факторлар халықтың алдын алу мен емделу қызметтеріне қол жеткізуін шектеп отыр.

Жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім барлық жағдайлардың жартысына жуығын құрайды. Бұл осы кезеңдегі өлімнің алдын алу шараларының баяу жүріп жатқанын көрсетеді. Негізгі себептер — шала тууға байланысты асқынулар, босану кезіндегі қиындықтар және инфекциялар.

Қақтығыс аймақтарындағы балалардың тәуекелі жоғары

Аймақтар арасындағы айырмашылық айқын күйінде қалып отыр. 2024 жылы бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 58 пайызы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріне, тағы 25 пайызы Оңтүстік Азияға тиесілі болды. Тұрақсыз әрі қақтығыс жүріп жатқан өңірлерде өмір сүретін балалардың бес жасқа дейін қайтыс болу ықтималдылығы басқа аймақтармен салыстырғанда үш есе жоғары.

Баяндамада сондай-ақ 2024 жылы 5 пен 24 жас аралығындағы 2,1 миллион бала, жасөспірім және жас көз жұмғаны айтылады. Жас балалар арасында жұқпалы аурулар мен жарақаттар өлімнің негізгі себебі болып қалса, жасөспірім кезеңінде қауіп құрылымы өзгереді: 15–19 жастағы қыздар арасында басты себеп — өзіне зиян келтіру, ал ұлдар арасында — жол-көлік оқиғалары.

БҰҰ өкілдері сыртқы көмектің қысқаруы ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы жұмыстарға кері әсер етіп жатқанын ескертеді.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа бұл деректерді «көптеген елдердің тұрақты даму мақсаттарына жете алмай отырғанын көрсететін қатаң ескерту» деп атады. Оның айтуынша, бұл өлімдердің алдын алу жолдары белгілі, енді саяси ерік-жігерді күшейтіп, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке тұрақты инвестиция құю және деректер жүйесін жетілдіру қажет.

Баяндамада балалар денсаулығына салынатын инвестициялар даму саласындағы ең тиімді шаралардың бірі екені атап өтіледі. Вакцинация, дұрыс тамақтану бағдарламалары және білікті медициналық көмек миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін БҰҰ Бас хатшысы әйелдер құқығы үшін күреске қарсылық күшейіп келе жатқаны туралы айтқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 00:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары