Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

C5+1 саммиті: стратегиялық серіктестік серпін алады

C5+1 саммиті: стратегиялық серіктестік серпін алады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Вашингтон төрінде өткен С5+1 саммитінде экономикадан бастап, аймақтық қауіпсіздік, сыртқы саясаттағы көпқырлы байланыстың келешегі бүге-шүгесіне дейін талқыланды.

Жоғары деңгейдегі шараның Қазақстан үшін нәтижесі қандай болмақ? Сарапшылар не дейді? 

Қазақстан мен АҚШ сенімді әріптестігі сан салада қарқын алып келеді. Қазір қазақ жерінде АҚШ-тың капиталына салынған 600-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Олар фармецевтика, мұнай-газ өндірісі,  энергетика және машина жасау салаларын бірлесе дамытуға арналған. Өзара сенімге құрылған көпқырлы байланыстың нәтижесін елге келген инвестиция көлемінен байқауға болады. Мәселен, алғашқы жарты жылдықта Қазақстанға 6,6 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған болса, соның басым көпшілігі АҚШ ақшасы.

Жеңісбек Төлен, саясаттанушы:

- 2025 жылдың бірінші тоқсанында 362,4 млн доллар қаржы тартылған. 2024 жылы 869 млн, яғни 900 млн жуық инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш АҚШ-тың Қазақстанға көп инвестиция салып жатқанын көруге болады. Бұл не үшін керек десек, бұл Қазақстан экономикасын инвестициялық тұрғыда әртараптандыру үшін керек. Сондықтан инвестициялық теңгерімді жүзеге асыру үшін АҚШ-тың да аймаққа көп инвестиция салуы біз үшін маңызды. Бұл көпвекторлы саясатты жүзеге асырудың нақты көрінісі.

Екіжақты қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту АҚШ-қа да тиімді. Ірі держава қазақ даласындағы қазба байлыққа қызығушылық танытып отыр. Әсіресе бізде әлемде қат саналатын вольфрамның қоры мол. Сондықтан АҚШ сирек металды өндіруден үздік үштікке кіретін Қазақстанмен ұзақмерзімді келісімге келуге мүдделі. Оған осы жолғы саммиттің ықпалы зор болмақ. 

Жеңісбек Төлен, саясаттанушы:

- АҚШ үшін не маңызды дейтін болсақ, қазіргі уақытта сирек кездесетін металдан алынатын өнімдер ең құнды өнімдер болып есептеледі. Қазіргі уақытта әлемде осы бағытта пионер болып отырған бұл – Қытай. Яғни АҚШ-ты басып озып отыр. АҚШ-тың өзі қазіргі уақытта сирек кездесетін металдар өнімін пайдалануға Қытайға тәуелді болып отыр. Сондықтан Қытайдың импортынан тәуелділіктен шығу үшін мақсатты түрде осы сирек кездесетін металдарды өзі өңдеуді қолға алуды жоспарлап отыр.

Энергетикалық қауіпсіздік, аймақтық тұрақтылық, көлік-логистикалық хаб құру мен жасанды интеллект бағытындағы бірлескен бастамалар. Бұл - саммит аясында қаузалатын тақырыптардың бір парасы. Сарапшылар бұл жолғы басқосудың экономикалық пайдасынан бөлек, саяси салмағы да зор екенін айтып отыр.

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

- Қазақстан жаһандық саяси кеңістікте өзінің бітімгерлік миссиясын дәлелдеген, өзінің орта держава статусын дәлелдеген мемлекет. АҚШ президентінің Ресей-Украина дағдарысының келіссөзіне де Қазақстан үн қосып, жауласушы тараптарды келісөз үшін өз алаңын ұсынуға дайын екендігін мәлімдеді. Қазақстанның осында бітімгершілік бастамалары АҚШ пен Қазақстан арасындағы диологтың статусын салмақтай түседі.

Вашингтон төріндегі жиында Қазақстан делегациясы екі күн қатарынан іскерлік кездесулер өткізеді. Сарапшылардың пайымынша, бір үстел басындағы бұл жүздесулер жаңа келісімдерге жол ашып, экономикалық ынтықмақтастыққа арттыра түседі.

Авторы: Назерке Тоқжан 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 19:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары